Ақылдының ішіндегі әдемісіз ба, әдемінің ішіндегі ақылдысыз ба?

Математика әлемінде /
Кран туралы есептер іздеп тест кітаптарының ішін ақтарып отыр едім, бір есепті көзім шалып қалды. Шығарайын деп ем, басымды қатырып жіберді. Мүмкін сіз көрерсіз?

Әдемі адамдардан ақылды адамдар саны 40%-ке артық, ал 25% ақылдылар әдемі, әдемілер қатарында ақылдылардың пайыздық көрсеткіші қандай?

Дұрыс жауабы бар.Бірақ аса аса аса құпия .

22 пікір

followme_alik
x < 40y
40-25=15
25x=y
lalala
Y= ....Ғығы_*О_о; птфу, матем)________ Ақылды емесім анық, әдемілік Қыздарға тән .Сабырлымын. кеттім XD
followme_alik
Мммммммммммммм, 52.5 пайыз ақылдылар, қалған 47.5-і әдемі шығар ___ :/
Togzhan
Әдемі емеспін деп құтыла салмақпысың?))
Zhassiko
Кран туралы 
дегені ашылмай тұр ғой, followme_alik-тің қалай шығарғанына таңым бар.
Togzhan
Ашылып тұр менде)
sandibek
егер дұрыс түсінсем, есепте адамдарды ақылдылардың әдемілері, ақылдылардың әдемі еместері, әдемілердің ақылдылары, әдемілердің ақылды еместері деп бөлген сияқты. Басқаша түсіне алмадым, сондықтан да есепті шығара алмай тұрғаным.
Togzhan
Есептің берілгенінде тура осылай тұр.
ҰБТ-ның дайындық кітаптарында жүр!
ayau20
Мүмкін 35%
Togzhan
Қалай тапқаныңызды жазып жібермес пе екенсіз?!
ayau20
1,4/0,25=35
Togzhan
Оңай жолы бар екен ғой:) Мен қиындатып жіберіп едім!) Рахмет, Аяу!
ayau20
Мен көбейтудің орнына бөлу жазып қойыппын: 1,4*0,25=35%
Karakulov
))
Togzhan
Түсінбедім!!! Жымиатындай не жазып едім???
Karakulov
Олай жазған себебім: жаңа қате-қате қылып жазып қойыппын — қалай өшіретінін білмегесін — солай өзгерте салдым.
Togzhan
Түсінікті!:)
Aida
сонда 35 пайыз дегені дұрыс па?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.