Логикалық жұмбақ

Математика әлемінде /
Бұны біледіме білмейді ме деп қорқа жариялап отырмын.
1.Қай айда 28 күн бар?
2.Мені ешкім түсінбейді, неге?
3.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
4.Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
5.Машинаның жылдамдығы қай кезде ұшақтікіне жетеді?
6.Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты? Патша тұтқынды неліктен босатқан?
7.Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
8.Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
9.Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?
10.Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?

21 пікір

Kinostrov
1, Барлық айда бар ғой (Ақпан)
4. Мұнай
5. Соны жасайтын адам туылған кезде
Beibaris
1 дұрыс 5 пен 4 дұрыс емес
Ais_97
1.Ақпан айында 28 күн бар.

Басқаларын ойланып көру керек.
Beibaris
28 күн барлық айда бар
Ais_97
1.Барлық айда
2.Өйткені ол ешкі ғой
3.Өмір
4.Есіміміз
5.Ұшаққа салынған кезінде
6.Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
7.Запастағы дөңгелек
8.Алма ағашында
9.Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады
10.“а” әрібі
Umit-Umit
Ал мен жауап беріп көрейін:
1. 28 күн барлық айда бар;
2. Ешкің онсызда түсінбейді сені.
3. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе ол — біздің ғұмырымыз.
4. Біздікі ол — өмірге келгенімізде қойылатын жеке меншік атымыз. (Атыңды атап өз-өзіңе айта алмайсыңғой) бірақ аттас адамың болса айтасың әрине
5. Машинаның жылдамдығы қазіргі уақытта ұшаққа жетеді деп ойламаймын, мүмкін ұшаққа жүк ретінде жүктеп алса бірдей жүреді деп ойлаймын.
6. Тытқындағы адам өзінің өмірін сақтап қалу үшін ойланадығой қатты себебі оны өлтіре алмайтындай қылып өлтіру керекқой, тауықтың басын жеп қойған болар хе хе хе (өтірік болып кетті мынау енді менікі)
7. Машинаның 4 дөгелегіде айналадыгой, тек егер машинаныңдың артында қосымша дөңгелек болса сол дөңгелек айналмайтын шығар
8. Ең үлкен алма Жапонияның Хиросаки қаласында
9. Сорпаның барлық нәрселері түгел тек оны ішкесін кемиді сол болады
10. «А» — әрпі сияқты (Тек күлмеңдер жауабы ма!!!!)
Togzhan
Тез-тез жауап беру қажет болғанда көпшілігі ақпан деп ойлап қалатын секілді))
Sherkhan_96
5.Ұщақтың жылдамдығы машинанынкіндей болғанда
7.Қосымша дөңгелегі
Beibaris
7 дұрыс 5 дұрыс емес
maulen_fire
2.Потому что ол ешкі…
3.Өмір
4.Біздің есімдеріміз…
5.Машинаны ұшаққа салған кезде
6.Білем.но өздерің табың.
7.Запастағы аяғы.
8.Алма ағашында.
9.1 ұрттамы кем.
10. А әріпі
Karakulov
1. Ақпан.
2. Өзің толық ақпарат бермегесін.
3. Таппадым ((((((((((((
4. Мұнай шығар / Кинострофтан ұрладым /
5. Ұшақтың артына байлап қойсаң.
6. Таппадым((((((((((
7. Қосалқы / запасной /
8. Ағашта.
9. Қуып кеткен патшаекен, басқа ісі жоқ па? Таппадым ((((
10. «а» әрпі.
Karakulov
ооой, кеш қаппын ғо)
Beibaris
Қайдан алынғанын бәрі біліп қойды сайт редакторлары посттымды жаба салыңыздаршы
Ais_97
Сайт редакторлары емес, сайт администраторлары десеңші!
Beibaris
я дұрыс айтасың
сайт администраторлары
Jako
Бейбарыс, осы жерде Сұрақ-Жауап пен Айтаберді шатастырып алған сияқтысың.
korwinin_kyzy
5.Машинаның жылдамдығы қай кезде ұшақтікіне жетеді?
қай кезде жетеди сол кезде жетеди шаруан болмасн
nurtik
1-баринде
2-себеби ешкін
3-өмір
4-атын
5-ұшақтын ишинде болган кезде
6-Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
7-запаскасы
8-Ағашта да
9-Бір урттамы кем
10-әріп А
akma_akma
2.Мені ешкім түсінбейді, неге?
Жауабы: онын сурағы дурыс болып турган жоккой ешким дегенге сендер жануарды айтып отсынддар я)
umka11
6.тұтқын тауық өзі қартайып өлсін деген шығар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.