Есік көлі

Елді мекендер /
Алматыда қанша болып жүріп Есік көліне барып табиғатын тамашалауға жолым түспей жүр еді. Соның сәті жақында түсті. Үшінші сыныпқа көшкен ұлыма биыл алматыға апарып Көктөбе мен Медеуді көрсетемін деген уәдем бар еді, бірақ ұлымның ойламаған қыдырыстары көбейіп (Астана, лагерь т.с.с) кетіп уәдем созылыңқырап кетті. Біздің бала кезімізде керемет болып көрінетін Көктөбе мен Медеуден балам айта қаларлықтай әсер ала алмағанын бірден байқадым, мүмкін алдында ғана Астанаға барып көрікті жерлерін көріп келгеннен болар деп ойладым. Содан ақыры келгенен соң табиғат аясына шығып, тау басындағы Есік көлін тамашалайық деген ұсыныс айттым. Ұсынысым бір ауыздан қолдау тапты да, 5-тамыз күні кешкі сағат 6-ларда қаладан көлге қарай шықтық.Кешірек шыққан себебім дастарханымызды ауызашарға ыңғайлайық деген ойдан еді.Байқаймын жанымдағыларға таудың іші, қарағайлар, керемет көріністер, таза ауа, бірден ақ көтеріңкі көңіл силады.Өзімнің бір аңғарғаным биылғы қуаңшылық тауға да әсер еткендей көрінді, тау бөктеріндегі көктердің ерте сарғая бастағанынан байқалатындай. Бірақ халқымыздың « Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» — деген мақалының күші осы жерде анық көрініп тұрды.Демалыс күні болғандықтан болар көл басында демалушылар мол екен, бізде ыңғайлылау деген жерге жайғастық.Осы бір жерді ыңғайлы көрдік.Аяқ-табақтарды осында орналастырдық.Балалар көл жағасына түсіп барады.Мынау көлдің тау қойнауындағы көрінісі.Кауапқа шоқ дайындау ісіне кірісіп кеттік.Кауап дайындау.Қанша дегенмен жаурамасақ та балалар тау салқындығын сезіне бастады.Көмекшілер де келді енді іске кіріссек болады.

Сурет ұялы телефонмен.әрі күн кешғұрым болғандықтан сапасына кешірім өтінемін.

29 пікір

Togzhan
Суреттер кәдімгі бояумен салынған сурет сияқты болып шығыпты!)
Jako
Суреттің сапасы онша болмады-ау деген қорқынышым бар, өзім де суретті мақаланы бірінші жариялап отырмын.
MSHERIMBEK
Тамаша, ағасы:)
Бір жылдары әке-шешемнің үйіне барған кезімде Шардараның жанына барғанбыз. Шашлық жасау қиын. Ағаштар жоқ қой:) Судың жағасы болған соң дуылдап жел есіп тұрады. Бірақ, жақсы отырыс болған еді сол:)
p.s. Атамнан аумайсыз, Жәке:)
Jako
Атамнан аумайсыз, Жәке:)

Рахмет, Садық, Алла сол кісілердей болуды жазсын.

Ағаштар жоқ қой:)


Сексеуілімді машинаммен ала барған едім.
Ais_97
Жарайсыз Жако аға, Есік көлінің табиғаты да тамаша!
Jako
Иә, Айсара, бұл бір тау басында жатқан табиғаттың тамашасы, мен жеткізе алмадым.мына жердетолығырақ:

Есік көлі

Озеро Иссык

Есік көлі Іле Алатауының Есік ойпатында Алматыдан 70 шақырым шығысқа таман теңіз деңгейінен 1756 м. биіктікте орналасқан. 1963 жылы Есік көлі маңындағы жоғарғы мұзды аймақтардан үлкен мөлшердегі сел тасқыны болды, селдің салдарынан бөген бұзылып, көлді шайып тастады. Көлге баратын жол сіздерді Қазақстанның сақ мәдениетімен- археологиялық ескерткіштер, қорғандар, бейіттермен таныстырады. Олардың ішінде ерекше қорғанның бірі ұзындығы 60 метр, биіктігі 6 метрге шейін жететін Алтын Адам табылған бейіті табылған.
Ais_97
Мәліметіңізге рахмет, айтпақшы менің әкем 55-ке таяп қалды, сіз де менің әкемдейсіз, бірақ аға деп атай берейін, алла өзіңізге жар болсын аға!
Jako
болады қалқам,әкең менен 1-ақ жас үлкен екен.
Yasin
Жаке, ауыздың суын ағыздыңыз ғой
Jako
Ясин, Аллам қаласа бір сәті түседі, сонда өз рецепіммен кауап дайындап беремін.
VVVWWW
Шіркін-ай мынауыңыз керемет қой, ең бірінші ұлдарыңызды қатты жақсы көретініңіз көрініп тұр (берген уәдені орындағанның өзі неге тұрады), тамаша демалыпсыздар
Jako
Мәке, олар орындамауға жан қоя ма?)))
Kan
Шіркін, Есік көлге осыдан жеті жыл бұрын қыдырып барып едім. Тамаша жер ғой. тағы барып қыдырса,әттеңеай жақсы тақырып жарайсың
Jako
Негізі таудың табиғаты керемет қой. Осындайда аталарымыздың «Тамаша көргің келсе тауға бар, азап көргің келсе құмға бар»-дегені еріксіз ойға түседі.
AL-ASTER
Осыдан шамамен бір ай бұрын қыдырып бардым Есікке, әл таудың етегінде тұрады екен. Үйдің ар жағынан бұлақ ағып жатады, әрі қарай тау, одан әрі жеміс жидек. Үйлену тойы болған, гулянка жасап осы есік көліне бардық, ар жағындағы сарқыраманы да көрдік, өте жақсы жер екен. Суреттегі жерлер таныс. :-)
Jako
Ооо, сарқырама Түрген шатқалында ғой, табиғаты керемет жер.
Jako
Есікке барсаң болды, кез келгені жол сілтейді, жол көрсеткіш те тұр. Түрген жолыгна шықпайсың, Есік көлі оңға қарай кетеді.
AKA
Күшті, табиғат аясында демалған қандай керемееееет! Самаурынға шәй қойып, оның үстіне кәуап болса, оххх, шіркін…
Jako
Шай дегеннен ойға түсіп кетті Есіктің суын айтсаңшы…
pari
Охооо ағасы сайтта көрінбей кетіп едіңіз «Есік көлінде» демалып жүр екенсізғо.Есік көлдің табиғаты сұлу екен тек әттең теректер худой боп кетіпті.Басқасының барлығы тамаша.
Jako
Сағыныш, ол жақта терек болмайды, негізгі ағаш түрі қарағай.
ereke_enu
Тамаша! Есік көлінде болғам. Маловодныйға бара жатқан жолда, оң жақта болмаушы ма еді, өрге біраз көтерілесің. Сол жақтан қаланы ішіне гүрілдеп өзен ағып жатады
Jako
Тамаша табиғат.
ereke_enu
Түргенге қарай, қателеспесем, Иссыкская аллея бойымен базар жақтан бұрылыс болу керек
Jako
Дәл өзі Есіктің ішінен тауға қарай бұрылыс бар.
ereke_enu
Бірінші суреттегі таулар аласа көрінгенмен шығу қиынның қиыны-ақ. Сол жақтағы кейбір таулардың, нақтырақ төбелердің алыстан қарасаң үсті теп-тегіс көк шөп секілді. Жүгіріп шығып кетем деп ойлап, қасына барсаң талдар, тікенек… Вобшым, обломың шығып қалады)))
ereke_enu
Бурабайда болған шығарсыз? Зеренді де? Бұл жақтың табиғаты мүлдем бөлек. Тиіп тұрған жерге 3 жыл салып, әрең барған едім. Қатты ұнады. Биік шыңның басына шығып ап, жан-жағыма қарағанда, табиғаттың сұлулығын тілмен жеткізу мүмкін емес. Тек қыран құс боп, төбеде қалықтағың кеп тұрады. Швейцария дейтіндей бар екен…
AL-ASTER
бурабай, жұмбақтас
Бұл жерден Жұмбақтас пен Оқжетпес, Жеке батыр тауы жақсы көрінеді және Шабақты көлі.))) Осыдан 3 аптадай уақыт бұрын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.