Тамаша қалам, Таразым!

Елді мекендер /
Тараз- Жамбыл облысың орталығы. 1938 — 1997 жылдары арасында Жамбыл деп атанған еді, 1938 жылында Мирзоян деп атанған, кейін Әулие Ата деп атанған.

Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер — Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылып қолданылады. 2002 жылы Тараз өзінің 2000- жылғы мерейтойын қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырында Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.
Ежелгі Тараз қаласы

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.

Қаланың халық саны: 380 000 адам (2009 жылғы мәлімет) Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, кәрістер, татарлар, түріктер, немістер, күрттер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.
Орталық алаңдағы Байдібек бабамыздың ескерткіші.Алатау сауда орталығы.Қаланың әсем көшелерінің бірі.Атлантик демалыс орны.Баласағұн мадениет үйі.Баласағұн Мәдениет орталывғының түнгі көрінісі.Құрылыс департаменті.Дельфин жүзу бассейні.Офицерлер клубы.Бокс сҚалалық әкімшілік.Фонтандар шеруі.Обылыстық мешіт.Салық комитеті үйі.Облыстық әкімшілік.Раврус демалыс орталығы.Робинзон демалыс орталығы.Тектұрмас мұсылман орталығы

Тараз қаласының тамаша жерлерін толықтай көрсету мүмкін емес екенін түсіне отырып осыған риза болыңыздар.

43 пікір

beko
Қалада орыстар, өзбектер, кәрістер, татарлар, түріктер, немістер, күрттер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады.
Таңданғаным сонша, осы сөздерді қайталай оқып шықтым. Олар өз сал-дәстүрлерін сақтап келуде ме?
Ойланып отырмын да, жанындағы басқа ұлттардың қыздарын алғанда, қалай салт дәстүр жағынан өтеді екен деп…
Jako
Беко, негізі осы аталған ұлттардың арасынан қазақ қызына үйленетіндері аракідік қана, айтуға да тұрмайды деп ойлаймын. Ал қалада сақталатын негізгі дәстүр қазақтың салт-дәстүрі, ешқандай жерде басқа ұлттардың басымдығы (айқайлатып өз дәстүрлерін марапаттау сияқты, арысы музыкасына дейін) байқалмайды.Бұрын да балған емес,қазір мүлдем жоқ десе болғандай.
beko
Түсініктіі.
beko
Қала әсем екен, көне заманнан келе жатқан… Мына мақалаңыз маған Шымкент қаласы мен, Шәуілдір ауылым жайында жазуға ой салды.
Рахмет, Тараз туралы әп-әжептеуір біліп алдым…
Jako
Бұл жерде көне тарихи жәдігерлерге (Тектұрмас баба, Айша бибі, Қарахан, Бабаджы хатун) тоқталмадым олар туралы жеке мәліметтер жазсам ба деп ойлап едім.сол сияқты кейіннен салынған «скороспелка» биік-биік шиша ғмыраттарды да салмадым, менің постым шыққанша құлап қалама деп қорықтым(((. Қаланың тазалығын, жасылдығын, сүйкімділігін көрсеткім келді.
beko
Меніңше, дұрыс жасаған екенсіз. Енді сол айтқан тарихи жәдігерлеріңіз туралы посттар күтемін…
Jako
Айтаберде де, СЖ-да да, Тарздықтар аз болса да бар, бірақ Тараздықтардың ауызбіршіліктері Шымқалалықтар мен Ақтау, Атыраулықтарға қарағанда өте әлсіз. Мүмкін оның себебі қаладығы мамыражай тыныштықтан болар деп ойлаймын.Болмаса осы лосты жастар жазып өз қаласымен мақтанса болмас па еді.Өткенде Блогкэмпқа барғым келіп жету, қайту жолына билет алып қойдым да, дәл сол уақытта бір інім өмірден озып бара алмадым. Содан билет бос кетпесін деп СЖ-ға жазып Тараздықтарды іздедім, бір адам хабарласпады, осыдан-ақ белгілі емес пе? Бірақ бұдан Тараздықтар нашар екен деген ой қалыптаспасын))))
Zhanat
қалада мамыражай тыныштық па?
Jako
Күдігің бар ма, бізде тыныштық.
VVVWWW
Өте әдемі қала екен, таныстыруыңыз тамаша! тек қалада жөнсіз атаулар көп сияқты (мыс. демалыс орталығының «Робинзон» аталуы??? соны көріп миым қашып кетті) сонда не онда кірген адамды жалғыз қалдырып қоя ма, әлде тек жалғыз кіру керек пе, мүмкін «пятница»-сы да дайын болар, қысқасы кіруге қорқар едім анандай атаудан кейін (рас па білмеймін бір қалада шалақазақ бір кәсіпкер «Медный каблук» деген аяқ-киім шеберханасын ашып астына қазақша аудармасын (текелей) іліп қойыпты деп естіп едім).
Jako
«Робинзон»-деген ол фантазия ғой,ішінде 100-ден аса экзотикалық ағаштардың түрі бар, тоты құстардың санын егесі де білмейтін шығар.Барлық тұрақ жайлар таза табиғи (шалаш,қамыс күрке, өзен, сарқырама, диірмен), қаласаңыз құс атып, балық аулауға болады, белгіленген тәртіппен әрине. Егесі бір Тараздық еврей, аты Әлеке. Бұл жерде ешқандай ұлтшылдық элемент сезілмейді, жалпы Таразда әлі-әзір ондай пәле жоқ.Қаланың 80 пайызға жуығы қазақтар, мүмкін содан болар.
Chimaq
Ademi eken!!!
Jako
Тамаша қала, кел көзіңмен көргенге не жетсін!
pari
Ағасы тамаша қала десе тамаша қала екен! Ғимараттар көз тартады,өте әдемі екен.Қаланың әсем көшелеріндегі жасыл желек өте әдемі қалаға көрік беріп тұрады екен.
Jako
Рахмет, Сағыныш!
AKA
Маған үшінші сурет ерекше ұнады, қалғандары барлық қаладағыдай көрініс. Мешіттің ауласы да керемет екен, жинақы, әдемі, тартымды көрінеді. Әр қала туралы осындай бір фото және аздаған түсініктемесімен жазба шықса құптарлық. Бірақ, «менің қалам сұмдық, керемет» деген көзқараспен жазылмаса игі болар еді…
Jako
Үшінші сурет, ол көп кеөшелердің бірі ғана, мен қандай мақсатпен жазғанымды Беконың пікіріне жауап ретінде жаздым.
AKA
Мен сізге қаратып жазғаным жоқ, ағасы, байқасаңыз алдағы уақытта жазылатын жазбаларға құлаққағыс еді…
Jako
Ака, ондай ойдан аулақпын, жалпы айтып жатқаным ғой.
Kinostrov
Қаланың ең әдемі жерлері мынау ма, егер осы ең әдемі жерлері болса, артта қалып қойған екен
Jako
Kinostrov, әдемі деген әркімнің көзімен көріп, сана түйсігінен електен өткізуден тұрады.
Демек менің түйсігім сенікінен төмендеу болғаны да.
Jako
Kinostrov, Бұл жерде көне тарихи жәдігерлерге (Тектұрмас баба, Айша бибі, Қарахан, Бабаджы хатун) тоқталмадым олар туралы жеке мәліметтер жазсам ба деп ойлап едім.сол сияқты кейіннен салынған «скороспелка» биік-биік шиша ғмыраттарды да салмадым, менің постым шыққанша құлап қалама деп қорықтым(((. Қаланың тазалығын, жасылдығын, сүйкімділігін көрсеткім келді.
MSHERIMBEK
bir jyldary Taraz kalasynda bolyp Balasagunda koncert otkizgenbiz. Kala ote taza. Adamdary ote meimanjai halyk. Negizi, Tarazga baryp bir-eki ai omir surgim-ak keledi:)
pari
Balasagunda koncert otkizgenbiz
сіздің ән айтатын өнеріңіз бар ма еді?
Uleke
Осынау тарихы бар қалаға ат басын бұру тек былтыр Алматыдан қайтып келе жатқанда, жол-жөнекей тамақтануға тоқтағанда ғана мүмкін болды. оған дейн бармаппын. сондағы ресторан ба, әлде кафе ме (аты есімде қалмағаны өкінішті), әйтеуір кәуабы мен тағамы да, келбеті де ерекше жерге қайта барғым келеді! қызмет көрсетуі де жақсы, ұнаған еді. қазір ойланам, қалай тапсам болады деп…
Jako
Ой, вокзал айналасындағы кафелерде не сапра болсын, Таразға жол түссе қыдыртамын.
Uleke
вокзал қасында емес болған соң білмей отырмын ғой
Kan
Тараз қаласының тарихы тереңде жатыр. Елдігіміздің тұғырына айналған көне қаланың казіргі көрінісі көңіл қуантарлық екен. Таразға бір жолым түспей қойды.
Jako
Келісемін, Кан, тарихта2500 жылдық тарихы бар қалалар көп емес,Қазақстанда Тараз қаласы ғана.
Togzhan
Жап-жасыл жерлері көп-ақ екен!:)
Jako
Қайта биыл бізде қуаңшылық болды ғой.
Kan
Мақтансаң елдігіңмен мақтан дегендей мақтануың орынды жарайсың сендей елін сүйген азаматтар көп болсын.
fyagi
Өте әдемі қалаңыз екен!!!
Jako
Рахмет, fyagi, Ұлы Жібек жолындағы орташа қала.
m170785
Таразым, өнген жерім.
Jako
Мәке, сен де Таразданбысың?
m170785
Ассалаумағалейкүм Ағасы. Әрине Тараздан. Жамбыл обылысының Жаңатасынанмын, осы жердегі айтабердегі Зизиола ханым, ол да жаңатастан. Ал қазыр Алматылық болғаным 10 жылдың көлемі боп қалды Жәкесі.
Simona
Жaмбылдық болсaм дa, Тaрaздa 1 рет қaнa болдым. Күәлiгiмe aпостиль қойғызып, соттaлмaғaн деген aнықтaмa aлу үшiн. Тiк бaрып қaйттым, қaлa тaзa екен. Бiрaқ криминaл қaлa деп көп еститiнмiн.
m170785
Тараздан ат үркейтіндей пәлендей ештеңесі жоқ Симона, ол бұрындары, ал қазыр сәл де болса саябырсығаны
Jako
Simona ханым, амал нешік, сондай бір жаман атымыз бар, бірақ қазір бәрі де бірінен-бірі өтіп тұрған заман емес пе?
pernebekova96
Таразыым кішкентай болсада өте адеміі! жаксы жазбаа рахмет сізге!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.