Бурабай туралы аңыз

Елді мекендер /
Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсемдік түрі, биік тұрпаты, қалың жүннің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлгеріпте шыққан Бура, сытылып қашып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп, жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағы да біреу болатын.
Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған жылаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын.Ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдар мен далалардың халқы асығыс жиналып, жау шапқнышылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға құдайдай табынып, пәле жаладан қорғау үшін Тәңір жіберген әулие жануар деп санап жүрді.
Жылдар өтіп, адамдар арасынан залым пайда болып, өзі сияқты басбұзар, сұмдардан құралған топ құрып, кедейлерді тонап, аң құс, адамдар деп қарамай қырғынға ұшыратты. Олар жануарлар мен адамдарға, жабайы аңдар мен құстарды қырып жойды. Адамдарға таяп жақындап келгенде бура ақырып хабар жеткізетін. Қарақшылардың жолдары болмай, Аңдар қаскөй жауыздардан құтылды. Бура, ерекше қасиетін біле тұра, Аңдар ғана құтылджы. Хабар беретін кезін біліп алып,өлтірмекші болды. Күндердің күнініде қалың орманды ақ омыраумен келе жатып, аңшылардың қолына түседі.Бір қарақшы ұзын жебесімен бураны атып, бураның кеудесін көздеп, садағымен атып жібереді. Жебенің оғы киелі жануардың көкірегін өтіп, өркешін тесіп шығады.Аузынан қан кетіп, тұяқтарымен тапап тасмамақшы болып, өзін зәбірлеуші, тапап тасмақшы болып, ақыра боздап, атын қамшап қашып кетеді.Жарақат алған бура, кері бұрылып, өзі туып өскен, көлдің жағасына келді.Жан тәсілім етер алдында басын қағба жаққа қаратып, көзін жұмалы. Сол қалпында қос өркешті ақ бура көзін жұмады. Бура қос өркешті ақ тауға айналып, тұрып қалады. Биіктігі 690м. Өркешінен әлі күнге дейін жануарды көктеп төкен, сорайып щшығып тұр. Ақ бура мекен еткен жер. ауыл, мейірін қандыра сусындаған күміс көлде Бурабай деп аталды

2 пікір

Kan
Қызық жәйт екен.Әр аңыздың артында бір шындық бар демекші мүмкін шышымен сол қасиетті Бураның өркештері шығар. Көкшетау шыныменде қасиетті мекенғо. Әрине анығын Алла біледі. Әйтседе жақсы дүниені жарияладың жарайсың.
olen
Бауыржан Қарағызұлының Көкшетау, жұмбақтас туралы жазғаны

ЖҰМБАҚТАС

...Өлім аузында жатқан жігіт: «Күн батыстан шыққанша… Күт, мен қайтып келемін...»,– деді де дүниеден өтті. Қасірет жасына тұншыққан жас ару күнбатысқа қарап, Құдайдан өзін қайығымен қоса тасқа айналдыруын сұрап дұға қылды. Дұғасы қабыл болды…

І

Уақыттың демінде үндемей мұңданып,
Мың ғасыр Аспанның тағдырын оқыдым.
Билегім келіп тұр кәдімгі Гүл болып,
Сөйлегім келіп тұр, ақыным…

Бәріне өкініп, әлі де қиналам,
Алғашқы өлімдей өксиді жүрегім.
Әлемнің жұпарын өзіне жинаған,
Мен бұрын тас емес Гүл едім.

Гүлдердің әдемі-әдемі сөздерін,
Тамсанып тыңдайтын Біреу бар жалғанда.
Қараңдар,
көре ме, көрмей ме көздерің?!
Құлағы еститін жан бар ма?!

Мәңгілік махаббат мекенін іздеген,
Сезімнің өзі едік,
мейірім нәріне шөлдеген;
дірілдеп, мөлт еткен тамшы едік біз деген.
Ал қазір – зарығу, қамығу, талығу,
мұңдасу жылаған желменен.

Қара тас тілінде Құдайға жалынып,
Дұғамды оқимын сопыдай құлшынып.
Әйтеуір Біреуді күтемін, күтемін талығып,
Үміттің көзінен сағыныш күрсініп…

Мен оны күтемін, күтемін, келеді.
Келеді Анты үшін Арым мен Жанымның.
Ол мені сүйеді, сүйеді – себебі,
Сағындым,
сағындым,
сағындым…
ІІ

Қайдасың ақ шаттық, қайдасың әз бақыт?!
Қайдасың ғашығым жылуын билеткен жаныма?!
… Күндегі бітпейтін мұңымды боздатып,
Түн келді тағы да.

Сен жоқсың, түн келді.
Не деген ұзақ түн бітпейтін?!
Мені емес, тоңдырды-ау гүлдерді,
Ешкімді күтпейтін.

Батыстан Күн қашан күлімдеп шығады?
Мүмкін, сен білерсің, жаңадан туған Ай?!
… Тағы да бір жұлдыз жылады.., құлады,
Көрдің бе, Бурабай?!

Бурабай, Тәңірдің Нұры бар жүзіңде,
Сол бір Нұр үнемі сабырлық сыйлайды.
Тек, әттең,
өкініш ыңырсып өткен күн ізінде,
Жанымды қинайды.

Қой – көңіл маңырап, қайтадан оттығар,
Көңілге бақташы болудан жалықтым.
Бурабай,
Сендегі сұлулық әлемде жоқ шығар,
Әлем де мендегі жалғыздық жоқ шығар.

Жалғыздық,
сен айтшы, айтшы сен жасырмай,
Күн қашан батыстан шығады күлімдеп?!
Мен үшін әр бір түн – бітпейтін ғасырдай…
… Уһ, тағы түн келді күбірлеп…

ІІІ

Тағы да күз жауып тұр…
Билейді жапырақтар,
Несіне билейді екен, «аңқаулар, ақымақтар.»
Қарашы, Өлім биі не деген көркем еді,
Өлмедім неге мен де??? (өзегім өртенеді).

Кәдімгі күз жауып тұр…

Бұлттарды қайтсем екен күніне мың құбылған,
Аңқиды мұңның исі аққудың сұңқылынан.
О, менің неге, неге көңілім гүлдемейді?!
Оқжетпес үндемейді, ол неге үндемейді?!

Жұрт мені «жұмбақ» дейді, «тас» дейді түсіне алмай,
Істеген күнәларын есіне түсіре алмай.
Бір-бірін қу тірлікте көре алмай ағаларым,
Сендер де жүрегімді сан мәрте жараладың.

Көкшетау – қасиетім, не деймін мыналарға,
Үндемей қоя салсам сырымды ұға алар ма?!
Иә, әлі.., күз жауып тұр… Билейді жапырақтар,
Ертең сол.., қыс келеді.., баяғы «ақымақ» қар…

Көктем де келер сосын көзінен Аспан күліп,
Құстарын Бурабайдың көркіне мас болдырып.
Көктем-ау, Көктем, Көктем, Сен – құстың тілегісің,
Мен деген – Сағыныштың зарымын, білемісің?!

… Тағы да күз жауып тұр…
Билейді жапырақтар,
Несіне билейді екен, «аңқаулар, ақымақтар… »

ІV

Шарқ ұрады шағала…
Шарқ ұрады ойларым,
Ақ дұғамда – тағдырым, ақ сертіммен байладым.
Ақырғы таң атқанша қозғалмаймын, тұрамын,
Айналайын қырт өмір, оны несін сұрадың?!
Бурабайдың жұпары – қарағайлар әлі үнсіз…
Шақырып тұр жағаға сол бір Елес – жағымсыз.
Сол бір Елес қап-қара – үрейімнің секемі,
Күнде кешке көлбеңдеп көз алдымнан өтеді.
Тысссссс.., бүгін көлдің толқыны тәтті-тәтті ұйқыда,
Көл бетінде зорайған қорқынышты сиқыма
қарап тұрмын үңіліп,
қарап тұрмын дұрыстап…
Қарап тұрмын тағы да үнсіздікпен тыныстап…
Шарқ ұрады шағала,
Шарқ ұрады жүрегім,
Күліп тұрып жылаймын, жылап тұрып күлемін.
Жалғыздық-ай, жалғыздық сені бүгін таныдым,
Күрсінеді көңілім, күрсінеді.., жарығым!
Ештеңені ұға алмай шашым жайып ойланам,
Сосын.., сосын..., түнерген кейуанаға айналам.
Он сегіз мың ғаламның сипатына енемін,
Маңдай солай сөйлейді көрерімді көремін.
Сезіміңді қорлама мөлт-мөлт еткен сіңлім,
Махаббатпен оқылсын кешегің һам бүгінің.
Сен де мендей Ар үшін Жан алдында биік тұр…
… Кеше қысқа түс көрдім:
жалғыз аққу ернімнен қанатымен сүйіп тұр…

V

Қазір маған ештеңе қызық емес,
Сол баяғы шолақ – түс, ұзын – елес.
Жаз жамалын сағынып (ол да мендей,)
Жел жылайды Күз келсе – қызыл өңеш.

– Жел, сен неге жылайсың, бұла – жаным?!
Мен де ешкімнен жұбаныш сұрамадым.
Кел…
Бірімізді біріміз жұбатайық,
Түсінбейтін секілді мыналарың.

… Желік қуып жел кетті, тыңдамады,
Кетсе кетсін, о, неге бұлданады?!
Қарағайлар ыңылдап ырғалады,
Жапырағын жерлеген нәзік қайың,
Жерге қарап күрсініп, мұңданады…

Құбылада қу тірлік құбылады,
Орман тілін, су тілін кім ұғады?!
Қараңызшы, үміті шұғылалы,
Айнакөлдің нәресте толқындары,
Жағалауға шалынып жығылады…

Күз жауып тұр…
Қашан менің атады құла таңым?!
(Өзімді-өзім жек көріп жылатамын,)
Аққуы жоқ, қазы жоқ, гүлдері өлген,
Осы күзді мен неге ұнатамын?!

Ал сен айтшы, Бурабай…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.