Екібастұз туралы аңыз дерек

Елді мекендер /
Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада бір тұстарға келгенде аялдап, ас ішіп, ауқаттанбақ болады. Кепкен еттерін алып, пісіруге дайындық жасап, жағатын отын таба алмай, жинап әкелген шөп шалам мен шөпшектер тез жанып кетеді.
Біраз адамдар даланы шарлап, тезек іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде бір тышқанның інінен шығып жатқан түйір түйір қара домалақ тастарды көреді. Қызық көріп жинап, қап түбіне салып алып келеді. Шамалы жиналған тезекпен тағы от жағып қойып, қара тастарды бір топ адам қызығып қарайды. Біреуі уыстаған күйінде жанған отқа қарай лақтыра салады. Отқа түскен түйір қара тастар қызуы күшейіп, жанады.
Көрген керуеншілер:
Жанатын тас шығатын жер екен. Бір белгі қойып кетейік. Елге барған соң, басқаларды ертіп келіп, өнім аламыз дейді. Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен екі кесек тұзды бірінің үстіне бірін қойып қалдырып кетеді.
Кейін көпшілік жиналып, белгілеп кеткен жерін, орынды екі тұз қалған жер деп іздейді. Содан Екібастұз аталып кеткен. Көмір кен ашылып, Қаласы пайда болады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.