Оқжетпес туралы аңыз

Елді мекендер /
Жарық дүниенің көзін көріп, Бурабайда ертеректе Оқжетпес деген батыр өмір сүрген. Бала кезінен ақылы мен күшінің зорлығымен айналасына танылған. Күн санап емес, сағат санап өсіп, он жасында бойының ұзын болып өскендігі сонша, өзінің қатар құрдастарының көкке атқан жебесі кеудесіне де жетпейді. Кейін ол батырды жұрттар Оқжетпес деп атап кетеді. Тірі кезінде аңызға айналып, марапат алады. Бойы соншалықты ұзын болғанмен, күші де сондай жойқын еді. Қанша жерден атқа да, есекке де, түйеге де мінсе өзін мен қару жарағын көтере алмайтын. Ол алып пілге мініп жүретін.
Жау атаулы жаулар бейбіт халыққа құдды аш қасқырлардай үйір үйірімен қанталап, маза бермейтін. Оқжетпес олармен теріскей шекарада шайқасып, жауларды әр кезде жеңіп, қуып тастап отыратын. Кезекті шапқыншылық кезде жаулардың көп болғандығы сонша, тіпті санау мүмкін емес еді. Бірнеше күн тынымсыз айқасса да, жау сарбаздарының қатары азаймады, қайта көбейе берді. Мерт болған сарбаздардың екеу, үшеудің орнына төртеулеп, бесеулеп пайда болып жатты. Жерден өніп өсіп жатқандай болды. Қайткенменде Оқжетпес жауды түгін қалдырмай талқандарын шығарды. Олар аяушылық етуді сұрап, қашып жөнелді. Әбден шаршаған Оқжетпес, қанша күн ұйықтамаса да, шаршаса да, соңынан қуалап ұстамады да. Аспан күркіреткен зор дауысымен жаудың соңынан бірнеше рет айғайлап жіберіп, демалып жатты.
Күміс көлдің жағасына отырып, киім сауыттарын шешіп, толқындарға қарап жайғасып отырды. Шипалы суға түсіп, жарақаттарын емдейтін осы көлдің маңайында батырлар.
Бірнеше күн өткен соң жаулар Оқжетпеспен қайтадан шайқасқа түсті. Олар айла тауып шайқасты. Өздерінің жансыздарын жіберіп, алпамсадай Оқжетпесті аңдытып қойды. Тау етегінде ұйықтап жатқаны туралы жауларға хабар келді. Жау сарбаздары ұйықтап жатқан жерге барып, арқанмен байламақшы болып, сол кезде оянып кетіп қолында қаруы болмағанмен, жерден қарағай, қайыңдарды тамырларымен жұлып, жауды ағаштармен ұрып, жайратып жатты.
Жаулар бұрынғысынан 5 есе көп еді. Олар қырылғанына қарамастан үсті үстіне шабуылдай берді. Оқжетпес өзінің ажалын сезіп, өйткені ол таусылмас жау мен толастамас шайқастардан шаршаған еді. Аяғы тасқа сүрінген ол, жерге құлап, жаулар құмырсқадай жабылып, аяқтарын кезекпен кезек жіппен байлай берді. Ол бар таусымен аспанға қарай айғайлап: «Уа,Құдіретті Көк Тәңірі, мені жауларыма қор ете көрме! Өлгенше, жаулардан есемді жібергенше, қарабет болғанымша, ұят! Одан да мені тасқа айналдырсаңшы!» деп айғай салды. Күн күркіреп, лезде жаңбыр жауып, оны шыңға айналдырып жіберді.
Пілі иесінің шайқаста қаза тапқанын көріп, шыңға келіп, төбесіне шығып жатты да, ол да тасқа айналып кетті.

3 пікір

AKA
Хмм, қызық, түрлі нұсқалары да бар екен.
khairbek
сонда окжетпейтин болып турго кандай аптаматпен кандай пистәлеттепен атсанда ма?
khairbek
или кезіңде садақ пен атып садақтын оғы жетпегесін ОКЖЕТПЕС деп койды ма екен?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.