Ақмола туралы аңыз

Елді мекендер /
Ертеректе бір молда кісі бала оқытумен Арқа өңіріндегі ел жұртқа танылады. Молдалығы тек оқуға емес, әрі көріпкелділікке де танылған. Қасиеті бар адамды әулие тұтып, сыйлаған ел жұрт жоқ жоғалтса, басқа жа жағдайлармен де келіп жататын.
Бір адамның бірнеше жылқысы жоғалып, сол молдаға барып, көмек сұрап, жоғын айттырады. Мұның арты неге апарып соғатынын молда ойланбастан, жылқыны көрші ауылдың бір бай адамның барымташылары айдап әкетіп қалғаны туралы айта салады. Молданың болжамы дұрыс болып, жылқылар, сол байдың табынынан табылады. Өшіккен бай енді молданың соңына түсіп, тыным бермей, маза бермей қоймайды.
Түрткі көбейген соң, молда елден қашып кетеді. Қашып жүріп, жолда суық тиіп сырқаттанған ол жапан түзде қайтыс болады. Өлерінің алдында жанындағы серіктеріне:«Мені алысқа апарып әуре болмаңдар, осы жерге қойыңдар. Басыма бейіт саз балшықты ешкінің майы мен сүтіне араластырып жасаңдар»,-деп айтып кетеді.
Айтқанындай етіп орындаған аманатын, халық мазарды тұрғызып болғаннан кейін қараса, молданың мазары күн көзіне жарқырап, түнде де жарқырап, ақ түсті болып тұрады екен. Содан көпшілік Ақмола деп атап кеткен.

2 пікір

AKA
Қайдан алынған мәлімет? Кім жазды? Әлде ел аузындағы аңыз ба?
Chimaq
Mening estigen angyzym, ol jaqtyng chobi chuigin,suy tunyq bolghasyn aq mol bopty,sosyn elder ol jerge 《aq mol a !!》dep tamsanady eken ,sosyn aita aita ol jaqtyng aty 《Aqmola》bop ketipti dep estigem..)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.