Таң қалдым...

Елді мекендер /
www.vidachok.com/2012/10/05/59910/ осы бір видеоларды көріп отырып таң қалдым,өмір сүру деңгейі жоғары мемлекеттердің барлығы өзгелердің есебінен өмір сүріп жатыр ма?

P.S. Видеоны қалай қоюды білмейді екенмін, білетіндерің енгізіп,қалай салатынын жазсаңдар алғысымды айтар едім.

13 пікір

Aidar
Оңай ғой, видеоның HTML кодын осында қоясыз!
Jako
Рахмет,қалай сұраймын деп ұялып жүр едім.
AL-ASTER
Қазақстан Республикасының
Внешний долг РК; 150 млрд доллар (дереккөз: ҚР Ұлттық Банкі)
ВВП: 214 млрд (дереккөз: ҚР статистика агенттігінің ресми сайты)
Золотовалютный запас РК: 29,3 млрд доллар (Центральное разведывательное управление)
AL-ASTER
(Қуаныш досыма арнаймын)
… Ол Кантты оқыған, “Элизаны” алғашқы ноталарынан-ақ танып, әрі қарай өзі ыңылдап аяғына дейін айтып бере алады, бірақ – нанға да қара бақыры жоқ.
Оның үйінде шашылып жатқан сканвордтар мен кроссвордтарда бос қалған бір торкөз болса бұйырмасын! Ол тіпті кейбір арзанқол газеттердегі құйтырқы жұмбақтардың авторы, дегенмен — оның үйінде жарық та жоқ.
Ол кез-келген саяси уақиғаға өз бағасын беріп отырады, тіпті “онда ертең американдықтар былай қылады, қара да отыр!” деп, өзі-өзімен бәстеседі. Көп аса бәстен жеңімпаз болып шығады. Жалпы айтқанда, жеңілген күнде де, өзіне-өзі қандай себептермен жеңілгенін тиянақты саяси терминдермен түсіндіріп береді. Ал теледидардағы саясаттануышлардың берген бағасының сықпытын көріп, тарқылдап кеп күледі-ау кейде! Бірақ ауыр тұрмыстың мысы оның көңілін су сепкендей баса қояды.
Ол – сұмдық аналитик. Жаман жері – онысын өзінен басқа ешкім білмейді. Мысалы, одақ күйрегенде, ол Балқанның бытырайтынын, янкилердің тиісерге қара таппай, шекарамызға дейін келетінін, өзіміздің мұнайға масайрап, тоқмейілсіп жүретінімізді тайға таңба басқандай көріп тұрды. Бұл ойын сол кезде шынылас достарына айтты да. Бірақ олар бүгіндері “сен көреген екенсің!” деп жатқан жоқ. Жалпы олар — дүниеде жоқ.
Ол – ортан қолды экономист. Теледидардан министрлер жоспарын айтып жатса, оларға “соған миларың бүгін жетті ме?” деп жекіп қояды. Масаң күйде болса, “ана оңбағандарды көрдің бе, жаңалық ашып жатқанын!” деп, әйеліне жекиді. Әйелі: “көріп отырмын!” деп өзін кекетумен шектеледі. Ол мына қаптап кеткен несиелердің жарға жығатынын бұрнағы жылы болжаған. Ол тіпті сонау тоқсаныншы жылдары теледидардан Каспий қайраңын салтанатты түрде шет елдіктерге тапсырып жатқанда, мұның дұрыс еместігі жөнінде қисалаңдап тұрып, әйеліне саяси-экономикалық трактат оқып берген. Маскүнемнің сөзі құрысын бірақ, әйелі ернін сылп етіп отыра беруші еді…
Оның жаратылыстану ғылымдарынан да хабары бар. Сондықтан шығар, бірде мәшинеде отырғанда радиодан: “фотографияға арналған құрылғылар шығаратын ірі корпорация банкрот болыпты” деп еді, ол таксистке қараптан-қарап: “ күміс мықтап арзандайтын болды онда” деді. Тіршілік күйбеңімен жүрген Һамбал мұнысын жындылыққа балады да қойды. Ол мына голланддықтардың неге осы ауылдың айналасын тіміскілеп шықпай жүргенін де біледі. Анау әйнек зауыты неге өндірісті жібермей отырғанын да шырамытады. Ол жалпы – осы ауылдан бастап, анау мұхиттың арғы жағындағы қолдарында адамзат тағдыры тұрған дәулердің не ойластырып жатырғанын да шамалайды. Дегенмен, оған әлеуметтік қорғау мекемесінде — “әзірге вакансия жоқ!”.
Оның елдің болашағын болжайтын да қасиеті бар. Әрине, жын-шайтан айтып келмейді не түсінде көрмейді, я болмаса дем салып, ошақ айналып жүгірген де емес. Жәй ғана. Оның ойлары – кеңес дәуірінде бітірген екі институттың, үйде бүгіндері шет-жағасы ошаққа жағыла бастаған том-том кітаптардың, газет-журналдардың, алда-жалда қалада көрген пьесалардың, саны жоқ конференциялар мен симпозиумдердің әлдебір синтезі…
Ол ыңырсып, сол жақ қырына бір аунап түсті. “Үүүххх… Қағылездік жоқ менде, солай!”...

//Erlan Ospan
Daniar_alan
… дааа… жазды ғой… жазды ғой Музамен тату кезінде…
мадес Ас… архив ақтаруда біраз тәжірибе бар екен..:))))
Jako
Архив ақтармасақ білімді өсектен жинаймыз ба енді, архив деген факті емес пе.
Daniar_alan
архив деген факті емес пе.
қойш?.. білім базыма қосып алдым…
Jako
Нұреке, мен сізді түсінеміе, пікірлеріңізді силаймын.
Jako
AL-ASTER, мыналарға қарағанда Қазақстанның жағдайы едәуір тәуір сияқты ма деймін.
AL-ASTER
Әрине! Қазіргі кезде, жағдай жасаудың ең тиімді түрі — бизнеспен шұғылдану. Жеке бизнес жасау үшін, Қазақстанда АҚШтан да жақсы жағдай жасалған көрінеді.
Халық пен елдің жерасты/жерүсті шикізат ресурсының пропорциясын салсыстырса, әр азаматтың жақсы өмір сүруіне өте жақсы мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін, сырттан қарыз алу қажеттілігі аса жоғары емес сияқты, көбісі нәтижелі жобаларға инвестиция тарту ғана деп ойлаймын.
Қазақтар бақытты халық. Ата-бабасы рухани да, материалдық та дәлет қалдыра білген: мықты да берік салт-дәстүрімен қоса, кең жер, асты үсті толған байлығымен қалдырып кеткен, Әлемде мұндай халық кемде-кем дегеннен басқа айтар жоқ.
AL-ASTER
Видеодағы амиго Ресейін мақтап қояды, Ресей меніңше барып тұрған ұры мемлекет. Қарамағындағы автономиялық мемлекеттердің байлығын иемденіп отыр, сонымен қатар ол Әлемдегі «шикізат экспорттайтын» танымал мемлекет, ұлы держава. Осы "әдетін" Қазақстанға үлгі етіп келеді, сол себепті қаншама мұнай, ауыр металдың қарасы да түстісі де, астық, сарқылмалы және сарқылмайтын энергия түрлері шет ел асып кетіп жатыр. Бұдан түскен пайда, тек бірнеше адамның қалтасын жамауға жарайды.
Осы сыртқа шығып жатқан шикізат іште өңделіп барып сыртқа өнім ретінде экспортталса, талай азаматтың "қалтасына" пайда түсетіні айдан анық. Бұл әділетті әрі осылай болуы тиіс жағдай меніңше.
Енді, ел тілегін ескеріп, осы істі жоспарға енгізіп жүзеге асырып жатқан үкімет басындағыларға рахмет дегеннен басқа айтар жоқ.
Jako
Бұл жердегі мән беретін нәрсе осы аталған 40 мемлекетпен салыстырғанда Қазақстанның ішкі өнім табысы жоғары, сыртқы қарызы төмен, алтын қоры баршылық, ал халқымыздың күн көру деңгейі өте төмен. Міне мен осыны айтқым келіп еді, ал енді өз мемлекетін мақтау құптарлық іс деп білемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.