Ескі Шымкент қаласы туралы бейнебаян мен суреттері

Елді мекендер /
Интернетте жүріп мына видеоны көріп ой қуанғаным-ай. Өте әрі қымбат видеоны тауып алдым. Бұл сонау Жако ағамыз Шымкентте жүріп студент болып жүрген кезіне бір естелік ретінде арнап жазып отырмын. Ағасы сіз де шымшахарда оқып студент болғаныңызды білеміз, сізді де осы ерекше күнмен құттықтап мына видеоны сізге тарту етемін. Қателеспесем бұл видео сіз оқыған уақыттар болуы керек шамасы. Видеода Ордабасы алаңы, Аэрапорт, Колос аялдамасы яғни қазір оны Тунель деп атайды сол жерлер көзге бірденен ұрады. Қазіргі Шымкент пен бұрынғы Шымкентті салыстырып көріңіздер.



ескі шымкент, шымкент суреті, бұрынғы шымкент суреті

ескі шымкент, шымкент суреті, бұрынғы шымкент суреті

ескі шымкент, шымкент суреті, бұрынғы шымкент суреті

ескі шымкент, шымкент суреті, бұрынғы шымкент суреті

ескі шымкент, шымкент суреті, бұрынғы шымкент суреті

ескі шымкент, шымкент суреті, бұрынғы шымкент суреті

21 пікір

korwinin_kyzy
Жарайсын тамаша Үлкееееееееееен қала екен 2 ші орын Атырау чиқылық чиқылық
Jako
Ербол, рахмет! Жігіттік шағыма саяхат жасағандай болдым, шын м әнінде мен қазіргі Шымкенттен түк білмеймін, ал мына видеодағы Шымкент маған өте таныс, ыстық екен. Ең үлкен орталық көше, жартысына дейін пр.Ленина, келесі жартысы пр, Советская деп аталушы еді ұмытпасам. «Колос» аялдамасы ол кезде де «Колорс» магазинінің құрметіне дәл осылай аталатын, жанында «Турист»қонақ үйі, сәл жоғары орталыққа қарай «Эдельвейс»кафесі, сегіз қабатты «Шымкент» қонақ үйі болатын. Тунелден өткен соң Бадам өзені, ЧПЭС басталушы еді де, ол аудан «За Бадам»-деп аталушы еді.№9-шы маршурутта талай қызықтарыма куә болған ұзын сары «Икарус»автобусы жүруші еді-ау, Таштракт,9-шы кварталь,Қорғасын заводы аймақтары сағындырады.
Жоғарыдағы 1-ші сурет ол кезде ұмытпасам «Киров алаңы»- деп аталатын, сол маңда «Восход» қонақ үйі,«Арай»-кафесі, Истебительдің монументі ьолушы еді.Жақын маңда Орталық базар, Комсгомол көлі болатын.Өткен күндерге деген сағыныш, ностальгия…
yerbol89
Ия Забадам атауы әлі бар. Бадам өзені ағасы. Мен сол Химфарм аялдамасында тұрамын. Химфарм зауыты әлі де мықтылардың қатарында. Қазір Ленинан Советсякая барлық атаулары қазақшаланып кеткен.
Jako
Айтпақшы сол заманда атағы ай жарып тұрған «Химфарм» зауыты да туннель маңында болатын.Видеодағы автобустар Лаз, ЛиАЗ, Икарустар бәрі менің көзіме ыстық көрінеді екен, мүмкін мен қазіргі автобустардың ішін көрмегендіктен де болар.
User
қазіргі Ақтөбеге ұқсайд екен.Ақтөбе Шымкентке жету үшін 20-30 жыл керек аууу.
Kinostrov
Атырау5а жету үшін 50 жыл керек болар
rauan
Осы Атырауларыңды барлық жерге тыға бердіңдер ғой (извиняюсь, но реально надоел)
User
Атырау аттак не рулить қой.
m170785
Шымкентіме бармағалы біраааааз болды ғой, сағыныпта қалдым шырайлы Шымкентімді
yerbol89
хехехе сағынышыңызды — арқылы білдіңіз ба? :) Ия ШЫмкент әсем қала, жасыл қала. Бүгін ақ қарға оранып алған.
yesbolat83
Шымкент сол кездің өзінде де шырайлы екен. Қазір тіптен-тіпті әсем шығар. Сол қаланың орталықтарында қыдырмаған соң. Видеороликтің басында сарқырап ағып жатқан қандай өзен, қалаға жақын маңдама?
m170785
Қазір тіптен шырайлы ғой Шымкентім, ат басын бұру керек еді
yesbolat83
2006 жылы Сарыағаш шипажайына бара жатып Шымкент қаласының кейбір жерімен өткен болатынбыз. Арнайы барып, қыдырып көрмеппін.
qyrmyzy
келіңіз, құшақ жайып қарсы аламыз! Ет жеп, қымыз ішіп, көк шөбімізге аунап қайтасыз:)
yesbolat83
Бара қалсам міндетті түрде хабарласатын боламын.
qyrmyzy
бізге Айтабер-тур ұйымдастыру керек екен:) Әр қалаға саяхат, былайша айтқанда.
yesbolat83
Өте дұрыс айтасын. Сенімен келісемін және қолдаймын.
qyrmyzy
қай қаладан, қашан бастаймыз?
yesbolat83
Менің қаламнан бастаңыздар. Қуана, қуана мейман етер едім. Кез-келген, сәті түскен уақытта. (Ақтау, Жаңаөзен).
qyrmyzy
Ниетіңізге рахмет! АРБ! Ол жақа бара алмайды екем…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.