Жер бетіндегі Жәһәннәм

Елді мекендер /
Түркіменстандағы Дарваза атты елді мекен бүкіл дүние жүзіне «Тозаққа барар жол» деген атпен әйгілі. Оның себебі сол жерде орналасқан табиғи газ кратерінде. Оның диаметрі — 60 метр, ал тереңдігі 20 метрге жетеді.
1971 жылы кеңес геологтары сол жерден табиғи газдың жинақталғанын анықтап, қазба жұмыстарын бастайды. Алайда қазба жұмыстары барысында жерасты каверна (қуыс) бар екені анықталады. Соның салдарынан үлкен шұңқыр пайда болып, қазба жұмыстарында қолданылған құрал-жабдықтар, көлік жердің астына түсіп кетеді. Бұл оқиға барысында бірде-бір адам зардап шекпеген. Осы кратерден адамдарға, малға зиянды бу шыға бастайды. Геологтар кратерді бірнеше күн жанып өзі сөніп қалады деген оймен өртеп жібереді. Бірақ олардың болжамы қате болып, Дарвазадағы кратер 1971 жыдан бері әлі күнге дейін күні-түні толассыз жанып жатыр. Кратердегі оттың жалыны кейбір жерде 10-15 метрге жетеді.









Толық нұсқасы мында

8 пікір

didi0393
коркынышты екен.аномальды аймакка жатама
marghan_84
Жоқ, жатпайтын көрінеді, тек табиғи газдың кен орны.
pari
Шынымен қорқынышты. Анау жалын жер астында жанып жер бетіне шығып кетпейме?
marghan_84
Жанып жатқанына 40 жылдай болды, шығып кетсе осы уақытқа шығар ма еді?
yesbolat83
Ойлап отырсаң, газ линиясында пайда болған утечкаға от берер болсаң, тек қана сол утечкадан от жанып тұратын секілді бұл да жер қыртысындағы газ қабатының үлкен қысымдағы газ фонтаны болар, бәлкім.
Құдіріті күшті Алланың кереметі.
Kan
АСтафралла біріншірет естуім. Шыныменде тозақтың бір шеті шығар. Қорқынышты екен. Суреттерді ғаламтордан алдыңыз ба?
marghan_84
Ия, сілтемесі берілген сайттан алдым, өзім де бірінші рет көріп тұрмын.
marghan_84
Түнде түсірілген суреттер ең әсерлі. Өте қорқынышты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.