Айлық жол жүру бағасы қымбаттайды

Елді мекендер /
Елді мекендер: Айлық жол жүру бағасы қымбаттайды

Жаңа жылда жақсы өзгерістер мен жаңалықтар күтетін алматылықтар үшін жағымсыз жаңалық бар. Оқу орнынан қайтып бара жатқанымда, автобуста бір жасы келген апаның ашуланып “кондукторға” сөйлеп тұрғанын аңғардым. ол апаның наразылығын тудырып тұрған автобустың ескертулері орналасқан жердегі А4 форматтағы жаңа ескерту екен. ол қағазды көзім шалып қалғаннан кейін, оқуға бет алдым. Сөйтсем, онда 2013жылдың наурыз айынан бастап, жол жүру билеті 6000тг болатындығы туралы мәлімдепті. Осы ақпаратпен хабардар болғаннан бастап, осы жайт ойымнан еш кетер емес. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасы бойынша тек Астана қаласында ғана жол жүру бағасы өзгермеген екен. Алматы қаласына келетін болсақ, жол жүру бағасы бұрын студенттер мен оқушыларға сонымен қатар зейнеткерлерге 25теңге, жалпыға бірдей жол ақысы 50 теңгені құраса, біраз уақыт өткеннен кейін жанармайдың қымбаттауына байланысты жол ақысы 80 теңгеге өсіп, студенттерге деген жеңілдік жойылған болатын. Бұл жағдай қоғамда орын ала бастағанда халық наразылығын білдіріп, түрлі қарсылық шараларына шыққандығы бәрімізге аян. Сол қаулы қабылданғаннан бері қаламыздағы халық тасымалдайтын көліктердің барлығына ортақ жол жүру билеттерін шығарды. Бұл бір игі бастама халыққа тиімді болып келді. Студенттердің айлық жол жүру билетінің құны – 2250тг, жалпыға бірдей билеттің ақысы – 4500тг. Күнделікті жұмысқа баратын адамдар мен күніне бір немесе бірнеше автобустармен баратын жандар үшін жол жүру билетін тұтыну әлдеқайда ұтымды. Наурыз айының басынан бастап ол да қымбаттайын деп тұр. Халықтың әлеуметтік ахуалымен санаса келе шығарылған қаулы ма екен деген сұрақ туындайды. Алматы қаласының барлық тұрғындарының ай сайын 6000тг-ге айлық жол жүру билетін алуға жағдайы бар ма екен? мәселен, бір адамның өзі 1 жылдың ішінде 72000тг-сін тек жол жүру билетін алуға жұмсайтын болады екен. Ал бұрынғы бағасымен қалатын болса, жылына 54000тг жаратады екен.
Елді мекендер: Айлық жол жүру бағасы қымбаттайды

Алматы деген алып шаһардың студенттеріне уайымдамаса да болады, себебі: аталмыш ескертуде студенттер мен оқушылардың жол жүру билетінің қымбаттауы туралы еш мағұлмат жоқ. Оған да шүкір!
50тг-ден 80-тг қымбаттаудың себебі, жанармайдың бағасы болса, осы жолы мұнайға бай ел бола тұра тағы да жанармайдың қымбаттауы себеп болып отыр ма? Айлық жол жүру билетінің бағасы көтерілгенмен сапасы да жақсарар ма екен?
Таңның атысымен қу тіршіліктің қыбыр еткізбей қоймайтыны айдан анық. Кез келген аялдамада аузы-мұрнынан шығып жататын, автобусқа сыймай қалып жатқан адамдарға толы. Сондай оқиғаға өзім де душар болып жатқанда, мемлекетіміз автобустарға мұқтаж екен деп ойлап қаласың. Айлық жол жүру билетін көрсеткен кезде көздері алайып шығатын “кондуктор”-лардың еті енді үйрене бастағанда, 6000теңгеге “халықтың жартысы билет ала алмай қалады-ау” деп дәмелетіп те қалып жатқандықтарын аңғардық. Бұл қаулыға байланысты сауалнама жүргізу барысында Алматы тұрғындарының 80%-ы қарсы болып, бұрынғы күйінде қалсын десе, қалған 20%-ы өздерінің көлігімен баратындықтарын, оларды тек жанармайдың қымбаттауы алаңдататындығын білдірген. Алматы қаласының әкімшілігі осы мәселені назарынан тыс қалдырмай, халықтың пікірімен ұштасқан күйде жаңа “жағымды” өзгертулер енгізеді деген ойдамыз. Мұнайдың үстінде отырып, жол ақысын қымбаттату халықты қанаушылықпен тең. Орташа есеппен қарағанда, жалпы айлықтың 5/1 бөлігін құрайды екен. Өзі де қымбатшылықтан көз ашпай отырған уақытта,қоғамдағы осындай өзгерістер екінші соққы болар… Дегенмен, жақсы жаңалық естіп, көңіліміз жадырап қалар деген үмітіміз өшер емес.
дайындаған: Баянова Фариза
суреттер:http://www.google.kz/search? сайтынан алынған

8 пікір

qyrmyzy
Мектеп оқып жүргенде 15 теңге еді…
Наурыз айынан бастап жол ақысы 100 теңге болады дейді :( Велосипед алу керек!
jalyn
Велотрасса, велотұрақ жоқ қой бізде) Жаяу жүру керек
fal4ik
осы мәселені қолға алу керек)
ZevsKO
алғашқы жалақыма велик сатып алсам ба деп журм ше
fal4ik
қазіргі өзгерістерге қарап велик алып қойған да дұрыс шығар
fal4ik
наурыз айынан бастап 100тг болады дегенді білмеймін, бірақ расында да мектеп кезінде 15тг болатын, бірақ бәрі өзгеріп жатыр ғой, баға да қымббаттап жатыр, мүмкін бұл халықты салауатты өмір салтына шақырып жаяу жүрсін дегені шығааааар деп ойлап қаласың кейде
ZevsKO
Қазақ қашанғы бұға берер екенбіз?
fal4ik
айтылып жүрген мәселелер ғой, тек оған назар аударып жатқан ешкім жоқ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.