Қазақ баласы сектаның құрсауында

Елді мекендер /
Қазіргі таңдағы көкейкесті мәселердің бірі «саентология» атауында болып отыр. Бұл ұғымды ағылшын фантасы Лафайет Рональд Хаббард ойлап тапқан. Ал «саентология» сөзінің түп төркіні ғылымды негiзге алып құрылған дiн деп уағыздады.Ғылымда олжа салмаған іліміне Хаббард амалсыздан дiннің шекпенін жауып, « саентологгия шіркеуі» атауын берді. Шіркеу атауы фантаст үшін заң орнындарынан қорғанудың амалы ғана болатұғын. «Саентология» шiркеуi 1954 жылы Лос-Анжелесте ашылды. Кейіннен түкпір- түкпірге таралды. Қазір де Қазақстанда саентологтардың 11 шіркеуі жұмыс істейді. Соның бірі Қарағанды қаласының орталығы Ержанов көшесінде орналасқан. Жұмыс жасап келе жатқанына он шақты жыл толды. Халықты жинау мақсатында « Қазақтелеком» мекемесінің алдында халыққа сауалдама жасайды. Сауалдаманың алғашқы сұрағы «бай болғыңыз келеді ме?»- ден басталады. Кім бай болғысы келмейді, « ия» жауабын алған мезетте жүріңіз кеңсеге барып, емін-еркін осы мәселе төңірегінде сөйлесейік деп өз құрсауларына түсіреді екен. Бұдан зорғысы «сендер, тазалаудан өтулерің керек, ертең ақырзаман болғанда барлық адам өліп, сендер ғана тірі қаласыңдар» деп үгіттеп, адамның психикасына әсер ететін дәрі береді. Көп уақытқа дейін бұл мәселе төңірегінде билік тегілер де, құқық қорғау органдары да тиісті көңіл бөлмей келгендігі жүректі қынжылтады. Ештен кеш жақсы демекші, еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті саентология шіркеуінің үстінен қылмыстық іс қозғады.Сонымен бірге Алматы қаласындағы саентология құрығына тінту жүргізіліп, одан адамдардың денсаулығына зиян келетін, қолдануға тыйым салынған шетелдік дәрі-дәрмектер тәркіленді. Қуанарлық жайттың бірі-Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының талабы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты «Қарағанды қаласының саентология шіркеуі» діни бірлестігін жабу туралы үкім шығарды. Осылайша саентология шіркеуі құрықталды.
Саентолгияның негізін қалаушы фантаст Хаббардтың ұраны мынада еді. «Ақша жасаңдар, көп ақша жасаңдар, саған ақша жұмыс жасау үшін басқаларға жұмыс істеңдер!». Өз сөзінде айтылғандай арманы ақша империясын құру болатын. Ол өз дегеніне жетіп, саентологияны қаржы империясына айналдырды. Бұған дәлел, баспасөз бетіне сүйенсек, ұйымның бір күндік кірісі 5 млн доллор көрінеді. Ал, сексенінші жылдардағы мәліметке сүйенетін болсақ, бір жылдық қоржыны 100 млн доллорды құрайды. Бұл империя байлар үшінде пайда болды. Олар материалдық жағынан емес, түрлі саяси партия, мекеме, кәсіпкерлер туралы ақпараттар алуға қолайлы болды. Жүре берсең, көре бересің демекші, сектаның ең қауіпті дерті- мемлекетке қарсы барлау жүргізуінде.Ол 200 сұрақтан тұратын «Оксфорд университетінің тестісі» аталатын сауалнама арқылы жүзеге асады. Онда сектаға кірген адамның өміріне қатысты мәліметтер жинақталады. Мәліммет сонымен бірге компьютерде сақталады. Ақиқатында бұл мәліметке Оксфорд университетінің қатысы жоқ. Түп төркінінде шетелдік барлау қызметінің жымысқы әрекеті сақталғандығы. Қазақстандағы саентология шіркеуі діни ұйым деп танылмады. Бұл туралы дін істері агенттігі христиандық және басқа да діни ұйымдармен байланыс басқармасының бастығы Сырым Әбдірахманов Алматыда өткен семинарда атап өткен болатын. Осы мәлімдеуден-ақ қой терісін жамылған Хаббарт әрекетінің мәнісін түсінуіңізге болады. Қазақ демография тұрғысынанда қазіргі уақытта аз көрсеткішке ие. Ал, қазақ баласы мен қарагөз қызы сектаның шырбауына түсіп, рухани құлдырауға ұшыраса, қазақ елінің болашағы қандай болмақ?!

32 пікір

satirik92
Шетелдіктердің кіргізген дінінен көрі өзіміздің елдегі «Орда», «Ақ ана» дегендер біздің жастарды өз құрығына ілуде. Олардың Түркістанға бір барғанда табатыны Алты мың доллар. Адамның алдына Құранды қойып сүйдіріп, отырған орындарында таң бозынан қара кешке дейін Құран қояды. Бұны істеп жүрген өзіміздің қазақтар. «Шаманизм» ағымы. Оның бір өкілі Төле би мен Өтеген баатыр көшесінің қилысында "Әлмерек баба" атымен (өзгермесе). Ендігі біреуі Қаскеленде «Ақ ана» атымен. Негізі біздің елде бұлар жетеді. Ал діни басқарма айға қарап жүрме? Ел қалаулылары не қарайды? Негізі бұл туралы "Қастық" өлеңінде анық жаздым. Және «Дін бар жерде жын бар» деген мақаламда түртіп кеттім. Сол үшін біздің қазақтың адасуына шетелдіктерді кінәләудің қажеті жоқ. Қазақ қазаққа жау…
ai-naz
Бұл ағымның ең қауіптісі- мемлекетке қарсы барлау әрекетінде. Бұл туралы мақалада толығырақ жазылған. Ең бастысы көңілге қаяу — сананың улануы! Мейлі өз еліміз де, не өзге елдегі секта болсын бастысы болашақ үшін қасіреттің алдын алу!
satirik92
Бұл онсызда информация арқылы кіріп жатқан дүние. Біздің елде өзінің кімнен тарағанын түгілі өз ұлтын білмей жүрген жандар бар. Бұндай бәлені тотату үшін бірінші информация әлемін шектеу қажет. Яғни, жаһанданудан бас тарту. Және тағы бір айта кетерлік жайт бізде ақша ерекше маңызға ие. Заман Алланың туындысы, ал заман тірлігі адамның туындысы. Қазіргі заматта адам хайуаннан төмен. Сол себептен ақша иіскеген «иттер» бұндай сектаны өздері-ақ іздеп табады.
ai-naz
Сіз бұл ақпараттың жариланғанына қарсымысыз?
satirik92
жоға. Мен ештеңкеге қарсы емеспін. Тек осындай бәлені көзбен көріп шыққан адаммын.
ai-naz
Ендеше, бұған қалай тосқауыл қоюға болады? Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?
korwinin_kyzy
оған мына пікір жазып отқан ушеуміз тосқауыл қоя алммаймыз)))) 150 000 адамның қолы керек
ai-naz
Үшеуімізге басқа да үндер қосылар деген үмітім бар…
satirik92
халық қолдамайды.
ai-naz
Халық неге қолдамайды?
korwinin_kyzy
Әрбір адам өзіңен бастау керек ) айнаға қарап өз өзімен сөйлесу керек кто я? что я? дегендей
satirik92
Басына тас тимей жатып оның қатты екенін білмейді.
korwinin_kyzy
аузы күйген үріп ішер)
ai-naz
Күйгендер үріп ішссе, күймегендер сезе білсе…
korwinin_kyzy
куймеу ушін тамақты ыссы тамақты салып қойғаннан кейін кішкене 5 минуттай тұру керек, ыссы тамақтын қадірі жоқ демейме)))
satirik92
Заңды күшейтіп, ақшаның маңызын азайтып, халық жағдайын көтеру керек, және медицина.
satirik92
Халық не ушін соған барат деп ойлайсыз? Себебі біріншіден біздің имамдар дұрыс жол бермейді. Менің өзім осы себеппен соқьыққам. Және көптеген адамдар ем іздейді.
korwinin_kyzy
Имамдарга жауып тастауға олмайт турикше сол негізі ен женілі біреулерге жауып тастау
а мне все ровно моя хата с краю дегендей
satirik92
Басыңнан өтпеген соң түсінбейсің.
satirik92
Қайта жазғаныңызға қуандым. Соған өз пікірімді қосқаным.
ai-naz
Пікіріңіз үшін рахмет!
satirik92
егер қаласаңыз өз басымнан өткенін мақала етіп жазып берейін?
korwinin_kyzy
Бұл дін емес бұл секта
ai-naz
Әрине,әлемдегі аты шулы сектаның бірі!
korwinin_kyzy
Әлгі сөз Хаббард сөзі емеспе бір жерлерден естіп қалып едім
Милярдер болгын келсе дін ойлап тап
деген қателеспесем
ai-naz
ия Хаббардтың сөзі
korwinin_kyzy
Адам өз дінінің негізгі негізгі шарттарын біліп жүрсе Мұндай секталарга жоламайт ешкашан ))
ai-naz
Ия, Сіз айтып отырған діни сауатсыздықтың кінәраты да бар…
satirik92
Сектаға сол дін арқылы да кіргізеді.
ai-naz
Ия бұлардың айла-тәсілінің бірнеше нұсқасы бар екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.