Қазақ - қырғыз шекарасында дау шықты.

Елді мекендер /
Елді мекендер: Қазақ - қырғыз шекарасында дау шықты.

Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, 7 шілдеден бері наразылық танытып тұр.

Наразылар өзеннен тартылған арықты бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойды.

Олардың талабы — Қазақстандыкі деп танылған, ұзындығы 13 шақырым, аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтарып алу; 2012 жылғы келісім бойынша бөлінген 2,6 мың гектар жердегі белгілерді алып тастау; екі ел шекарасын өзен арқылы өткізу.

Ауыл тұрғындарымен кездесуге келген қырғыз вице-премьері Токон Мамытов 2001-2008 жылдары екі ел парламенті мақұлдаған келісім қайта қаралмайтынын, өзге талаптарын көрші елмен кеңесу арқылы шешетіндерін айтты.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1241 шақырымдық шекараны бөлісу келісімі 2009 жылы аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаған.

Дереккөз: Азаттық.орг.

12 пікір

Jako
Қырғыздар арада төрт жылдай уақыт өткеніне қарамай шекара дауын тудырып біздің өз суымызды өзімізге бермей бөгеп отыр. Біздің басшылық әлсіздік танытып қырғыздарға уақытша жайылымға 1,5 га жерді ұсынып, келісімге келмек. Бұның соңы бұға берсең сұға беремінге ұрындырмай ма? Оңтүстікте өзбек өкіректесе, шығысымыздан қырғыз қыспақтаса ел берекесі кетпей ме? Бұған өзі не дауа бар?
directxr
"Қазақ-қырғыз бір туған" деген бар еді ғой, бұл заманда барлық нәрсе өз мәнін жоғалтқан секілді. Заманды кінәлауға болмайды, бәрі адамның өзінен.
Jako
Ол жағынан келсек өзбекте өз ағам болып тұр ғой))))
AL-ASTER
Назарбтың келісімге келушілдігі, бейбітшілдігі қазақтың басына сор болды нақ.
Пидроголоиктердің істеп отырғандарына көне қалуын, әділдік деген болу керек қо. Лайықты жауап беру керек қой.
ereke_enu
Jako
Оттапты, сөйлегім келмейді,өзім соол ауылда отырмын.
Jako
Ереке балам, байқауымда мемқызметке тұрған сияқтысың, бірақ менің дәрежеме жету үшін өліп қалмасаң 35-40 жыл жұмыс істеуің керек, сол жылдардан кейін сенің осы бір қателіктерге не деріңді, болмаса қазіргі желтоқсанның лжедостарының кейпінде отырарыңды білмеймін.
ereke_enu
Жоға, жаман ойлап қалмаңыз. Сілтеменің осы тақырыпқа қатысы болған соң ғана түсірдім. Жалпы, саясатқа еш қатысым жоқ, қатысқым да келмейді. Бір білерім, басшылықты жамандау, қарсы шығу мұсылмандарға жат нәрсе. Мұндай нәрселерді өзіне жеткізу керек. Эмоциямен ештеңе де шешілмейді. Елбасы шешсе — жақсы, шешпесе — халқы сабыр қылады.
Өзіңіз білесіз, саясат деген театр ғой. Сахнаның ар жағында не болып жатқанын кім біліпті? Әйтпесе, Елбасымыз осал адам емес. Сондықтан, не болса да басышымызға бағынуымыз керек. Осы иман келтіргендердің жолы.
m170785
Осы бұрыннан келе жатқан дау ғой, не болды су жібермей қойды, суды бүйтіп қойды, Меркіге не Луговой ауылына бара қалғанда, кейде Таласқа барғанымда, өзеніне бара қалғанда жылда осылай еді мен білгелі, көргелі, естігелі, Қасиетті Таразымнан кеткелі қазыр білмеймін, енді естіп отырмын
pari
Эх, шіркін, Кезінде Қаз дауысты Қазыбегіміз болғанда шешендік сөзімен шешер ме еді осыны…
KUANYSHBEK
ай пари қудың
Delfina
Шыныменде бұрында дау дамайдың барлығың шешендік сөздермен шешілгенғой. Қазір солай сөйлесе «басымды қатырмащ» дейдіғо)
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.