"Алтын адам" мұражайы.

Елді мекендер /
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласына кіреберіс күре жолдың оң жақ қапталында ежелгі Сақ қорғандары бар. Негізі осы Есік маңы ескі қорғандарға өте бай өлке. Әйгілі Алтын адамды археолог Кемел Ақышев 1970 жылы осы қорғаннан тапқан. Алтын адам — әлемдегі құнды тарихи жәдігер болып табылады.Сол жәдігер табылған жерге мұражай орнатылған. Есік қаласына ары-бері өтіп жүріп осы мұражайға бір кірудің сәті түспей жүр еді. Жақында сол жерге арнайы соғып, алтын адаммен суретке түсудің сәті түсті. Жалпы мұражай аты да, ғимараты да дардай болғанымен ішіндегі жәдігерлер жұпыны болып көрінді маған. Көзге түсерлігінің өзі осы Алтын адам экспонаты ғана, оның өзі көшірме екені түсінікті болар деймін. Мұражай жәдігерлерін түсіруге тиым бар болғандықтан суретке тарта алмадым. Сондықтан суреттердің аз болғандығына ренжімеулеріңізді сұранамын.

Мынау осы мұражайдың көрсеткіш тақтасы.
Елді мекендер: Алтын адам мұражайы.

Есік мұражайының ғимараты.
Елді мекендер: Алтын адам мұражайы.

Мына бір фаэтон мұражай ауласында тұр екен, не қатысы бар екенін білмедім.
Елді мекендер: Алтын адам мұражайы.

Міне мынау сол әйгілі Алтын адам, жоооқ, мен өзімді емес жанымда тұрған экспонатты айтып отырмын.
Елді мекендер: Алтын адам мұражайы.

11 пікір

Kan
Аға мұражай бертінкеле ашылғанау деймін. мен 2006 жылы барғада болмаған еді. Біз алтын адам қазып алынған жердегі Үлкен есскертік бар ғой Алтын адамның соның қасында фотаға түскнбіз,әрі ол жерлерде қолдан қаланға үңгірлер болатын. аға осы мен дұрыс айтып тұрмын ба, тақырыптан ауытқып басқа тарихи орын туралы айтып жатқан жоқпын ба?
Jako
Дұрыс айтасыз Кан мырза, ол кезде музей ашық аспан астында болған еді, ал мына мұражайға ауысқанына да біраз боп қалыпты.
yesbolat83
Мен осы Еңбекшіқазақ ауданына студент кезімде 1-2 рет барғанмын. Табиғаты тамаша жер.
Jako
Ооо, несін айтасың Еске, Алматыға жолым түскен сайын мүмкіндігі болса Түргенге баруға тырысамын.
yesbolat83
Түрген сарқырамасына әні барамыз, міне барамыз деп жүріп, сәті түспей қойған.
Jako
Нағыз табиғат тамашасының бірі сол жер ғой.
maulen
Өкінішке орай мен Есік қорғаннына барып көрмеппін. Ал Түргенге осы туған күнімде барып қайттым(вконтактіні әбден суретке толтырып тастадым).

Сарқырамадан жоғары 3-4 белестерді бағындырып, адам аяғы баспаған жер-ау десек, малдың қилары жатыр. Сосын айналамызға көз тастасақ 5-6 шақыраымдай жерде ауыл бар екен, ерінбей барып, саумал ішіп қайттық. Сұхбаттасу барысында біз барған жер Қараш-Қараш деп аталады екен, әйгілі "Қараш-Қараш" оқиғасы орын алған жер. Бір қызығы кескіндегі көлеңке қасқырға ұқсайды.
Jako
Шынында да тау көлеңкесі қасқырға өте ұқсайды екен.
KUANYSHBEK
Шет елде анадай жәдігерлерді жан жағын Лазерьмен қаптатып қоядығо
Jako
Куанышбек, бұл Алтын адамның түпнұсқасы емес көшірмесі, демек алтын емес құндылығы төмен болғаннан болар.
KUANYSHBEK
аа мен түпнұсқасы ма деп ойладым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.