Аспан астындағы мұражайға саяхат (алғашқы күн)

Елді мекендер /


Таяуда ғана Маңғыстау өңіріне блогтурға барып келгендігімді жазған болатынмын. Міне, бүгін сол сапар барысындағы көрген-білгендерімді сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын. Айтатын нәрсе көп. Сондықтан, әрбір күнді жеке-жеке күнделік ретінде баяндамақпын.

Орындалған арман


Қазақта «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» деген бар. Расымен де, өз көзіңмен көрген нәрсенің әсері өзгеше болады екен.


Кішкентайымнан теңізді көруді, тарихи мекенде болуды армандаушы едім. Блогтур барысында, сол тілегім орындалып, шежірелі өлкенің сырына қанығудың сәті түсті…

Қалай жиналдық?

12-қараша – бір аптаға жоспарланған блогтурдың алғашқы күні. Біздің топ сағат 10:00-де «Карвон» мейрамханасында жиналу керек болатын. Белгіленген уақытта аталған жерге жеттік. Дастархан үстінде қандай жерлерге баратынымызды талқылап, схема сыздық. Тізімде 16 объект. Мақсат айқын. Жоспар белгілі.

Жолда

Түс қайта жолға шықтық. Күн жып-жылы, дегенмен, жел ақырын ғана соғып тұрды. Шаһардан ұзай бастадық.


Саф ауа. Терең тыныстап, еркіндікті сезінесің. Айналаға қарасаң, көзің қуанады. Кермиық жазық. Құм..


Таулар. Бұл жақтың тауының өзі ерекше екен.Ақ ұлпа қардай аппақ болып алыстан менмұндалап тұрады. «Бекер Ақтау аталмаған екен,»- дедім, ішімнен.

Суретші үшін таптырмас пейзаж. Бай палитра. Әттең, суретші емеспін...




Сәулеттік өнердің маржаны
Қаладан шыққан бойда, ең бірінші тоқтаған жер Жамбауыл ата қорымы болды.


Мұнда алуан пішінді сәулеттік ескерткіштер шоғырланыпты. Бір-біріне ұқсамайтын өзгеше нысан кез келгенді тамсандырады.


Сан ғасырлық тарихы бар киелі мекеннің топырағын басып тұрғаныңа сене алмай қалады екенсің. Керемет архитектура. Қайталанбас өнер. Теңдесі жоқ шеберлік. Сәулеттік өнердің маржаны дерсің бұл мекенді.


Құпияға толы Шақпақ ата мешіті
Бабамыздың ұшқыр қиялына таңданған біз Шақпақ ата мешітіне қарай жол тарттық.


Діттеген жерімізге де келдік. Тау бөктерінен ойылып жасалған Шақпақ ата мешіті Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан шамамен 25 км жерде орналасқан.



Бұл кешен қай кезеңде салынғаны белгісіз. Деректерде бірізділік жоқ. Бұл мәселе әлі күнге дейін ғалымдар арасында дау тудыруда. Әйгілі зерттеуші А.Г.Медоев IX-X-да, ал С.Әжіғали XII-XIII ғасырға жатқызады. Қорымда мешітпен қатар, көптеген қойтас, құлпытас және сағанатамдар да сақталған.


Тастар сөйлейді
Ішіне кірген кезде бойымды өзімді басқа бір әлемге енгендей сезіндім. Сөзбен айтып жеткізгісіз сезім... Кешен төрт бөлмеден тұрады екен. Қабырғасында адам, қару-жарақ, жануар мен өсімдіктің бейнесі бар. Сонымен қатар, арабша жазулар да кездеседі. Таңба, белгілердің көмескі тартуына қарағанда, мешіт өте ерте кезде салынған. Дегенмен, қанша уақыт өтсе де құламай, өз қалпын сақтап тұруы таңқаларлық жағдай.


Мұндағы әрбір бейне бабаларымыздың өмірінен сыр шертуші құрал тәрізді көрінді маған. Тастардағы бейнені көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы бағзы заманның рухын сезінгендей болдық.

Айнала алақандағыдай


Кең бөлме. Жан-жағына назар аударып қарасаң, жоғарыға шығуға болатын баспалдақ тұр. Сазбалшықтан илеп жасалған баспалдақпен өрлей берсең, кешеннің төбесіне бірақ шығасың. Бұл маңнан айнала алақандағыдай көрінеді. Кең далаға көз тастап, құдды бір тарих көшіне сапар шеккендей күй кешеді екенсің. Анадайдан кішігірім ойықтарды көзім шалып, жанына барып, қарасам, тоғызқұмалақ ойынына арнап сызылған тақта екен. Демек, мұнда бұрын мекен еткен тұрғындар тоғызқұмалақ ойнаған.
Орындықтарға жайғасып, маңайға көз тастап отырмыз. Қазіргідей технологиялық мүмкіндіктер жоқ кезде мынандай кереметті жасаған бабаларымыз қандай ақылды еді…


Мешіт маңындағы үй
Күн батып барады. Байқағаным, бұл жақта күннің өзі ерекше әдемі бататын сияқты көрінді маған. Қызарып батып бара жатқан күнге қарап, осы күніме шүкіршілік айттым.
Төменге түстік. Мешіт ауылдан жырақта орналасқандықтан, келушілерге арнайы жатақхана мәселесі қарастырылыпты. Екі бөлмеден тұратын бұл үйде зираттаушыларға барлық жағдай жасалған. Іші жып-жылы. Тұрмыстық заттар мен ыдыс-аяқ да табылады. Дегенмен, біз өзімізбен бірге қажетті ыдысымызды алып жүргендіктен, ол ыдыстарды пайдаланбадық.

Мен неден қорықтым?
Ұйықтайтын мезгіл болды. Топта 11 адам. Барлығымыз аядай бөлмеге сыймайтынымыз белгілі. Сондықтан, жартымыз сол үйде, қалғанымыз сыртта палаткада түнейтін болдық. Таня екеуіміз машинада қонамыз деп шештік. Жабылып палатка тіктік. Тау бөктері. Ашық аспан. Алау. Бәрі қызық. Дала салқындау, оттың жалынына жылынып алдық. Әркім өз ойымен бөлісті. Отқа шай қайнатып іштік.Табиғат аясында ішкен ол шайдың дәмін айтсаңызшы:)) Арамыздағы Сауыт есімді суретші бұл сәтті былай жеткізді)


Шыны керек, өмірімде бірінші рет айдалада, көлікте ұйықтадым.



Бұрын соңды мешіт, мазардың маңында түнеп көрмеппін. Басында бойымда ешқандай қорқыныш болған жоқ. Түннің бір уақытында, «ууу» деген дауыс естілді. Зәрем ұшып кетті. Қасқыр шығар деп ойладым.



Ақырын тұрып терезеден қарасам, сырттағы палатка қозғалады. Сөйтсем, менің жүрегімді ұшыра жазған дауыс желдің уілі екен:)) Не қуанарымды не жыларымды білмей қалдым!

P.S. Осылайша, экспедициямыздың алғашқы күні де өтіп кетті. Алда, талай тосынсыйлар мен қызықты нәрселер күтіп тұрғанын мен сол кезде білмедім…

Жалғасы бар…

53 пікір

maulen
Жалғасын тезірек оқығым келіп тұр!
estetika91
Үлкен рахмет, Маулен! Оқырман сіз дайын болсаңыз, мен дайын) Суреттерін топтастырып жатырмын. Жақын арада осы платформада жариялайтын боламын)
Өте керемет жазылған… менің де барғым келіп кетті)))
Jako
Назира, тамаша, тамаша жазасың! Тоймай қалдым,әрі мына соңғы тастағы іздер туралы жазылмапты.
estetika91
Рахмет, Жако аға! күте тұрсаңыздар, жариялаймын жақында. ең соңғы сурет ғаламтордан алынды, Маңғыстау өңіріне ешқандай қатысы жоқ) Wait (күтіңіздер)дегенім еді)
arslan
керемет, бірақ қандай соткамен түсіргенсің?
estetika91
Сурет сапасы үшін кешірім сұраймын) 5 мб. планшетпен түсірілді) Сол сурет үшін бірден жарияламай жүрдім… Басқа посттарда сапалы суреттер салуға тырысамын! Пікіріңіз үшін алғысымды білідремін) Рахмет)
Сәлеметсіз бе?! Мақалаңыз КЕРЕМЕТ және ӨТЕ ӘСЕРЛІ жазылған. Тап өзім саяхаттап келгендей болдым ғой))) Қатты ұнады. Жалғасы да қызық болатын секілді, сондықтан асыға күтемін!)
estetika91
Сізге ұнағаныма қуаныштымын, Ақшағала:)) Жариялаймын жақында)Дегенмен, барып көргенге жетпейді) Сондықтан, сіздерге де барып көру жазсын демекпін)
әрине, көргенге не жетсін?!) алайда сіздің де жазғандарыңыз саяхаттан кем емес;))
estetika91
Рахмет, Ақшағала))
Abylai
Керемет! Мен де Маңғыстауымды осылай аралағым келеді. Жалғасын асыға күтудемін. Сосын Қараман-атада түскен суретің қатты ұнайды, оны неге салмағансың? Әлде кезек келмеді ма?
estetika91
Қараман-атадағы сурет көбісіне ұнаған сияқты) Бір қызығы, ол суретті маған байқатпай түсірген болатын. Сондықтан да шынайы шыққан болар)) Сол кезегі келгенде саламын, Абылайчик) Қолдау білдіргеніңе рахмет! Саған да осылай аралауды жазсын деймін)
Korkem
менің мақтанғым кеп отыр)))
estetika91
Не үшін мақтанғыңыз келеді, Көркем?)
Korkem
шет жағасын елден бұрын білгенім үшін))
estetika91
аа, иә)) Ұмытып кетіппін ғой)
saryqazaq
Сол өлкеде 18 жыл тұрсам да, сіз барған жерлерге аяқ та баспадым. Осындай экспедицияға қатысу арманым болып жүр.Отыншы ағайдың айтқан әңгімелерімен бөлісе отырсаңыз. Өйткені ол кісі сол аймаққа белгілі өлкетанушы
estetika91
Үлкен рахмет, Рахат) Алдағы уақытта бар білгеніммен бөлісемін тағы да)
yesbolat83
Тамммаша! Суреттер мені қызықтыруда. Әсіресе, осы сурет. Осы қасиетті өңірде тұрсам да Шақпақ атаға барып көрмеппін.
Жалғасын асыға күтем.
arslanbaev001
Киелі Маңғыстау өлкесі кімді болса да өзінің тылсым күшімен баурап алары анық! Менің өлкем! тұнып жатқан тарих! Біз білмейтін қанша қыр-сырларың бар екен?!
Мақала өте жақсы жазылған, Автормен бірге өзім де барып қайтқандай болдым. Жарайсын, Назира! Алға! жалғасын асыға күтеміз!
Соңғы өңделген уақыты:
saryqazaq
Сыетқали Нұржан деген ақынның «Ай таранған түн» деген кітабы кімде бар? Сол кітапта Шақпақ атадағы жазулардың тәржімасы бар, әдемі айтылған
Өте керемет жер. Әулие-әнбиелер көп жерленген жер екен. Сонысыменде киелі аймақ екені білініп тұр. Суреттер жақсы түсірілген. Әсіресе соңғы фото ұнады. Жалғасын тездетіп шығар енді :)
тфә-тфә, мақалаңыз барлығына ұнап жатқан секілді!) Ендеше осындай жазбаларыңызбен жиі бөлісіп тұрсаңыз! Біздің де сізден үйренеріміз көөөп!)
Aikona
Керемет. Ұнап отыр, қуанам блоггерлердің осындай блогтурларға шақырылып жақанына. Жарайсың, Назок!
Әсерлі пост!!! Осындай блогтурлар арқасында еліміздің табиғатымен танысу, кеңседен шықпайтын қызметкерлер үшін маңызды (мен солардың бірімін). Жалғасын асыға күтемін!
Соңғы өңделген уақыты:
Пост ұнады! Еліміздің осындай жерлерін көрсетіп, таныстырып жатқаныңызға рахмет. Тіпті барғым келіп кетті. Жалғасын кутемін!
Ақтауға барғаның жақсы болыпты. Теңізді көріп бір серпіліп қалған шығарсың :)
estetika91
Әрине, теңізді көрмеу кету күнә болар) Теңіз жағасындағы әсер өз алдына Ақтау туралы бөлек пост саламын жақында)
rauan
Маңғыстау не деген керемет жер! Постта керемет жазылған. Бір деммен оқып шықтым. Жалғасын күтеміз)
Тамаша! Өзім барғандай әсер алдым, Нәзок.
Өте қызықты саяхат болған екен.Жалғасын күтеміз.
Delfina
Күшті! Бармағандарға жақсы мақала екен)))Барғандай қылып айтуға болады сенің жазғандарынды оқып))
estetika91
Үлкен рахмет барлықтарыңызға) Барлығы да сіздер үшін)
estetika91
Ооооо, Дельфина) Сізден мұндай әдемі пікір күту мен үшін зор мәртебе) Үлкен рахмет)
Delfina
Жанымсыңғой менің, әрқашан жарқырап жүре бер осылай.
Керемет стильде жазылған пост, автордың таланты көрініп тұр! Маған ұнады, осындай жақсы жазбалар көбейе берсің Назира!
estetika91
Үлкен рахмет, Ринат) Айтпақшы, ең алғашқы пікіріңіз екен) Құтты болсын! Сізден де әдемі жазбалар күтеміз)
Gau
Бұрын соңды бұндай тамаша постты қашан оқығаным белгісіз. Тамаша! Керемет! Сапалы! Назира бізден асып түстің не де болса:)) Осы өлкеде туылып, өсіп-өнген жерім бола тұра, бұндай саяхатқа шықпағанмын)) бірақ ойда бар). Жалғасын асыға күтудемін…
AL-ASTER
О, жалғасын күтуден басқа вариант жоқ!

P.S.: Тезірек, в cтудию! XD
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
estetika91
Бұл смайлигіңізді қалай түсінсек екен, Алик?)
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
Біріншісі — постқа көз қырын салу, екіншісі — жәдігерлерге таңдана қарау, үшіншісі — осындай тарихқа қызыға қарайтын, белсенді адамдардың барына қуану болар, бәлкім, Назира ханым :))
estetika91
Тусиникти) Дегенмен, жай гана смайликтерден гори создериниз асерли болды ма деп ойлаймын)) Кызыгушылык танытканызга улкен рахмет) Коптен пост жазбап едим, сайтта мыкты блогшылар катары осипти. Бул, арине куантарлык жагдай)
Соңғы өңделген уақыты:
тамаша екен, канша Мангыстаулык болсамда бул жерлерд! оз коз! ммен корген емесп! н, С! зд! н аспан астындагы муражайга жасаган саяхатыныз аркылы танысып, риза болып отырмын, Коп-коп рахмет, С! зге
Тамаша, қалай бар соны жазғансыз.
Біз Маңғыстаумен мақтансақ мақтаншақсыңдар дейтіндер көп еді. Бұл жерлер мақтанса мақтанатындай ғой Нәзира?
Соңғы өңделген уақыты:
estetika91
Иә, шынымен де Маңғыстау мақтауға тұрарлық жер) сол жақтағы бір күнім мың күніме татитынын жасыра алмаймын:)) Пікір білдіргеніңізге рахмет)
Yasin
тарихи жерлер көп қазақстанда
Назира тамаша
Назира, жалпы керемет. Қатты таңданыс үстінде болыпсыз. МЕн де Маңғыстаудың тумасымын. Бірақ қазақпын. Киелі Маңғыстау топарғын басып жүрсем де киелі жерлерге жолым түспей жүр Жарайсың курстас
daniyar
Мен де теңіз көруді армандаушы едім. Мына теңіздің жағалауын, майда құмдарды көргенде өз елімізде демалғың-ақ келеді екен. Жалпы Шығыс адамы үшін, маған Батыс өңірі жұмбақ, әлі де сол жұмбақтың кілтін аша түссеңіздер деген тілегім бар.
362 — керемет жоба
Kan
ой керемет. мынау бір тарихи жәдігерлер көздің жауын алады. Сіздің әсерлі етіп жазғаныңыздан ба тамаша әсер алдым. Сіз архиолгсыз ба?
Jako
Назираны айтамысың, бұл қыз керемет, жан-жақты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.