Қаржы қаласы

Елді мекендер /
Алматы ақшалардың мекені ғой,
Ақшасы көп адамдар жетеді ғой.
Ақшасы қалтасынан асып тасса,
Қапшағайға жол тартып кетеді ғой…

Мен де Қапшағай қаласына кетіп барам, қалтам ақшадан асып тасқаннан емес, ата-анамды, іні-қарындасымды сағынғаннан. Оның үстіне мейрам ғой. Қапшағай — сұлу қалаға айналғалы қашан, әсіресе, түнде. Сұлу қала болғаннан кейін сұлу сылқымдар серілерге серік болса, сықпыты келіскен көліктерде көшенің көрігін келтіреді. Қысқасы,қызықтың көкесі — Қапшағайда! Неге дейсіз ғой? Себебі, мұндағы ойынханаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен "қалталы" қонақтар келеді. Жұмыс іздеген халыққа қызмет табылды, бос жүрген жастар да енді ойынханалардың маңайын жағалап жүр. Міне, осыныдай қарбалас қарқынына қан жүгірген Қапшағайға сәске түс ауа жетіп келдім. Демалайын деп…
Бірақ, ойдан ой туып, үйде тыныш жата алмадым. Бір жағынан, 5-турдың тапсырмасын тапсыруым керек. Ары ойланып, бері ойланып, ақыры әкемнің көлігімен халыққа қызымет көрсету мақсатында,«Бірлік» күні сағат 8:30-да такси болуға шықтым. Қапшағай таксистерінің жүзінде қуаныш табы басым. Алматыдағыдай жол кептелісі жоқ, жүйкелері жұқармайды. Ең бастысы, ақшаны да молынан табады. Жергілікті таксистермен аман-саулық сұрасқаннан кейін "әріптестерімнің" арасында кезекке тұрдым.

Мұнда қала ішінде кез-келген жерге 200 теңгемен жетесіз. Алматымен салыстырғанда рахат қой. Бірақ, «жолшыбай» ұстағандар 70-100 деп тұрып алады. Ал, бір ойынханадан шығып, екіншісіне жол тартқан "құрметті" қонақтарға 500 теңге. Білместікпен бір кісілерді 300 теңгеге алып барып ем, бір таксист: «Бағаны төмендетіп аласың, енді ойлай істеме», — деп ақыл бермесі бар ма. Не керек, әңгіме-дүкен құрып, қай жаққа, қанша деген саулдарыма жауап алдым. Тиындардын «тап-тұйнақтай» еткен мырзаларды Алматыға алып бару үшін кемінде 5000 тг екен. 5000 доллармен келіп 5000 теңгемен қайтып жатқандар қаншама. Талдықорғанға 15000 тг.

Ақыға мырза, шашуға шебер көкелерімізге такси болып қызмет көрсетіп жүрген Қанат есімді ағамыз судай жаңа көлік алған екен. Елді мекендер: Қаржы қаласы
Бір кісілер көлігінен, үйінен айырылып жатса, енді бір кісілер көлік алып, үй соғып жатыр. Қанат ағамыз да үй соғып аяқтап қалыпты.

Ойынханалардың ішінде көзіме оттай басылатыны Фламинго ойынханасы. Себебі, оның алдында Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші орналасқан.
Елді мекендер: Қаржы қаласыБұл туралы осы жерден толық ақпарат аласыздар.

Жаңадан салынған ойынхана да өз жұмысын бастап кетіпті. Алдында тұрған ұтыс көлігіне қарағанда табысы да жаман емес секілді. Елді мекендер: Қаржы қаласы

Біреу емес үш бірдей көлікті қатар қойған мына ойынхананың жағдайы жақсы көрінеді.
Елді мекендер: Қаржы қаласы
Қазақстанның Лас-Вегасы.
Елді мекендер: Қаржы қаласы
Осылайша түнгі сағат он бірлер шамасында үйге қайттым. Жалғыз емес, өзім тапқан 5000 теңгемен. Епті болсам, одан да көп табар ма едім, шіркін?! Елді мекендер: Қаржы қаласы Есесіне, Алматыда жұмсайтын бір апталық қаражатты қанжығама байлап қайттым. Ақшаның құны төмендеген заман ғой. 5000 теңгенің өзің ары тартып, бері тартып әзер жеткіземін, жатақханада тұрғанның өзінде.

Пысы: «Епті байымайтынымыз», «епті байитын» болып өзгерді. Ол да ЕҢБЕК пен АҚШАНЫҢ арқасы. Бірақ, адал жолмен, маңдай термен тапқан табысқа не жетсін!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.