Жаса, жайна, туған жер Қазақстан!!!

Елді мекендер /
Мен бүгін сіздерге өзім туылып, кіндік қаным тамған жер, туралы аз кем мәлімет бергім келіп отыр! Бұл жердін халқы өте еңбекқор, қонақжай, көңілді арқашан! Дегенмен Қаймағы бұзылмаған ҚАЗАҚтың ҚҰТ МЕКЕНІ Не деп мақтасамда сөз жетпес ҚАЗАҒЫМНЫҢ Ұлан байтақ даласына!!! Соның Тай құлынындай балалығым өткен жер өте қарқынмен дамып келе жатқан-ОЛ Жетісай қаласы!!! Шымкент қаласынан онтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, «Достық» каналының сол жағалауында, Сырдария алабында орналасқан. Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген.
Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы — Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды.Жетісай 1951 жылы кент, 1969 жылы қалаға айналды. Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада «Сырдария» университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, «Жетісай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, емхана, орталық кітапхана, жәнеде Қазақстанға әйгілі Жетісай шипажайы қызметін қайта жалғастыра бастады!т.б. мекемелер жұмыс істейді! Халықтың көп болігі мал және егін шаруашылығын кәсіп қылған. Сонғы жылдары ауданда кіші кәсіпкерлікке де өте үлкен мән берілуде!!! Және халқы ең тығыз орналасқан аудан болып есептелінеді. Облыс бойынша алдынғы қатарда! Өз аты айтып тұрғандай Мақтаарал АҚ АЛТЫН ордасы! Қазақстандағы мақта өдірудін ең ыстық нүктесі! Ірі кәсіпорындарына «НИМЭКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, «ЮТЕКС»-мақта тазарту зауыттары, «Ақ алтын», «Мақтаарал», «Мақташы», «Ынтымақ», «Мырзакент» ашық акционерлік қоғамдықдары, «Жұлдыз», «Жалын» шаруа қожалықтары, «Ақ май», «Жетісаймай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын беред!Мақтаарал ауданы Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы, Құрылыс, Көлік, байланыс, ауыз су, Шағын кәсіпкерлік, Әлеуметтік сала, Білім, Денсаулық, Мәдениет, спорт, Өнерденде кенде емес осы бағыттарда аз жұмыс атқарылмады және бұл игі істер өз жалғасын таба бермек!!! Сөзім аудан әкімінің есеп беруіне ұқсап кетсе кешірерсіздер)))Бізге ҚОНАҚҚА келіңіздер, өз көздеріңізбен көріңіздер))) Ендігі кезекте))) жастар арасында танымал ЖЕТІСАЙ ЖІГІТТЕРІ КВН командасы)))

4 пікір

qyrmyzy
жазып отырып, бір жылап алған жоқсыз ба?

Қандай бағдарламамен оқып жатырсыз, ол қандай бағдарлама, университетіңіз, жатақхана жайлы жазбалар күтеміз!
AKA
Шымкент… Шымкент — жақсы қала! ©
Оған дауым жоқ! ҚАЗАҚтың сайында жатқан әр тасы қымбат маған!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.