Наркосүйіспеншілік хақында

Наркопедиа (+18) /
Сәлем,әлем!________ Адам ата ұрпағы есірткіге ғана әуестенбейді,ол (есірткі) оны (адам баласын) он үшінші қауымдастыққа ұшырататын жалғыз жаман емес, онымен қатар салауатты өмір кешетіндердің наркокүлкі, наркоғаламтор, наркошашпалық, наркосүйіспеншілік сынды жаманмен ауыратыны бар.

Соңғысына тоқталайық, наркосүйіспеншілікті 4-ке бөліп қарастырамын:
1. «Пассивті махаббат»)
2. «Торайлық белсенділік»)
3. «Алғашқы әсерге берілу»)
4. «Менің теңім жоқ»)
_______________________________________________________________________________________
Наркопедиа (+18): Наркосүйіспеншілік хақында
_______________________________________________________________________________________
Бірінші жағдайда әрекетсіздік басым болады. Бір қызды сүйген жігіт, не жігітті сүйген қыз ойнақтаған сезіміне қарамастан отырықшының рөлін сомдайды, араларында болмашы қабырғаны қалайды, жақындамауға себеп табатын кері әдеті бар. Оны сипаттайтын нәрсе — сүйіспеншілік субъектісіне күнделікті тамсану. Тамсанумен минутын айтпаймын- жылдары өтеді, ойын небір қиял тұмшалаған, алайда ойлағанын іске асыруға асықпайды… не себеп? Көп жағдайда өзіне деген сенімсіздік. Нәтижесі көңіл көншітпейді: армандаған жаны жер шарының екінші жартысында балалы, бақытты ғұмырын кешуде, ал өзі күйзелістің кетпенін киген құмырсқа тектес күйге жетті. Шығар жол мына сілтемеде _ :)

___________________________________________________________________________
Наркопедиа (+18): Наркосүйіспеншілік хақында
____________________________________________________________________________
Екінші жағдайға Үсен мен Пернегүлді мысалға алайық. Үсеннің Пернегүлді ұнатқанына бір аптаның көлемі болды, ал движениясына 2 апта :/ ..Үсен алады дағы ешқандай этика, эстетика, норманы назарына алмай подкат жасайды Пернегүлге. Үйінің ауласына күн сайын екінші көрші ауласынан жұлынып әкелінген итмұрынды лақтырады, социалды желілерде маза бермейді ПРИВЕТ, КАК ДЕЛА, Я ТЕБЯ ЛУБЛУ-латып виртуалды қалың жұрттың көзінше, Перненің «жоқ»-ына қарамастан қызыл мокасинын жылтыратып тұрып киіп ап романтик. жасаудан айықпайды. Қызға «Осындай торайлар да болады-ау» дегеннен басқа айтар ешнәрсе қалмайды, әрине. Нәтижесі: Үсен үйленді, бірақ сана кіріп, 20 жылдан кейін ғана.Шығар жол: Тектінің қызын сүймей тұрып, өзіңді барлық критерийлер бойынша ретке келтіріп ал :)

__________________________________________________________________________
Алғашқы әсерге берілу. Иә, экстазиден өткен физиологиялық ауру шығар, бәлкім. Сайтымыздың Ақнұр есімді аруына ғашық болғаным есімде. Не періште түрткенін білмеймін, ұнаттым да қалдым. Мейлі, танымайын, мейлі, сөйлеспейін… махаббаттан басы айналған көжектер құсап бір пост арнаппын. Адамды бірінші рет көрісімен осындай алдамшы халге түсу әбден мүмкін жағдай. Тұп- тұнық көзіне шомыласың-ай кеп, даусына денең балқып, жайдары мінезіне ырзасың-ай… алғашқы әсерге берілгеніңді байқамай… нәтижесі: Есіңді жинап келгенде ол жанды ұнатуың екіталай екеніне көз жеткізіп,істеген істеріңе бетің қызарады. АКА-мды ұнатуға тұрмайтын жас жігітпін :) Шығар жол: Ешбір адамды бірінші көргеннен вывод жасамаңыз :))
____________________________________________________________
«Менің теңім жоқ!» деп зар еңірейтін жандарды түсінбеймін. Идеалдардың өмір сүретініне сенгені меее, екінші өмір кешетінді болжағаны маа,әлде @Abylai -дан ұлгі алғандар ма… не де болса, ұзаққа созуға құмарлар. Нәтижесі: «Бойдақ» т.с.с. ярлыкты иемденгендер, шығар жолын біледі-ақ… Әрекетсіздіктерін өз ұяттарына қалдыралық :D
_________________________________________________________

Наркопедиа (+18): Наркосүйіспеншілік хақында
__________________________________________________________

… Жалпы алғанда, осы наркосүйіспеншіліктің структурасы. Айығыңдар :) #ExtendLove

12 пікір

Abylai
Афтыр что ты куришь? Мен де дәл осылай алжығы келеді
followme_alik
Aljygyn kelse jekege habarlas
VVVWWW
АКА-мды ұнатуға тұрмайтын жас жігітпін

Түсінбедік, сонда ол ұнатуға тұрмайтын қыз ба не (олай ойласаң келіспеймін)
followme_alik
Kerisinwe jazgan edim :)) ..momentti paidalanyp alayin, Уа, улы VVVWWW…
Korkem
Уа, улы VVVWWW…
келісем…
Ais_97
))))
followme_alik
Кайда жүрсіз, Айс? _Дәмділеріңнің жасалу жолын қашан жариялаймыз? :)
Korkem
Нағыз өмірден алынған))) Әдемі жеткізе біліпсің
MSHERIMBEK
Наркосүйер қауым үшін ғибратты пост екен, уа хазірет Абайлишер Хакім :)
pari
өкінішке орай менің клеткамда нарконың бір грамы өмір сүріп жатыыр""""
AKA
Рақмет Сізге, ниет пен көңіліңіз үшін! :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.