Мен бітіре алмай жүрген кітаптар

Наркопедиа (+18) /
23-ақпан халықаралық кітап пен авторлық құқық күні дегенді естіп, шабыттанып кетіп, кітап туралы жазғым келіп кетті. Енді жазайын десем, мен аса бір кітап оқығыш адам емес екенмін, анда-санда қызығып кеткенде бастап қойған кітаптарым бар әрине, бірақ енді соншалықты жазатындай дәрежеде емес екен. Бірақ не де болса, бастап қойдым ғой деп, осындай бір жазба жазып жатырмын. Сонымен дәл қазіргі уақытта оқып жүрген, не оқуды бастап әлі бітіре алмай жүрген, не оқуға бел буып сатып алып, заказ беріп қойып, күтіп жүрген кітаптарымның тізімін жазбақшымын. Кейін түсінгенімді айтып берермін :))
Бірден ескертіп қояйын, мен мәдени, әдеби кітаптар көп оқи алмаймын, сондықтан мен оқитын кітаптар осындай қуғымбай кітаптар.

Э.Хемингуэй «По ком звонит колокол». Бұл кітапты маған ақпанда Алмас братым сыйлаған болатын. Бастап оқыдым да, ортасына жетпей тоқтап қалдым. Кейін жоғалтып алдым-ау деймін, че то таппай жүрмін кітапты. Маған ұнамады, бірақ классика дейді. Менің жанрым емес сияқты. Тауып алсам соңына дейін оқып шығу керекпін қалайда.
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарымНаркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым

Дж. Роулинг «Фантастические звери и места их обитания». Кішігірім кітап. Гарри Поттер әлеміндегі жануарларды классификациялап жазған. Бәлкім бұл сыйқыршылар әлемімен әлі қоштасқым келмей жүргендігімнен ба, әлде мені Хогвартсқа оқуға шақырмағаны әсер етті ма әйтеуір қайта-қайта оқи беремін осы кітапты. Тағы бастадым оқуды. Айтпақшы жақында күшті жаңалық оқыдым. Осы кітап желісі бойынша кино түсірмекші. Бұл Поттер оқиғасының жалғасы емес, ол оқиғадан 70 жыл бұрынғы уақытта болады екен. Бірақ приквел да емес. Не де болса көрейік.
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарымНаркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым

К.С. Льюис «Хроники Нарнии: Племянник чародея». Бұл кітапты бұрыыыыыын 2012 жылы оқыған едім. Бірақ соңғы кездері философия, әлемнің жаратылысы жайында біраз ойланып, қайта оқып шыққалы жатырмын. Всетаки біз арыстан патша Асланның әуенінен жаралған сияқтымын :)) Айтпақшы Нарния хроникасын оқығысы келетіндер осы кітаптан бастап оқыңыздар. Бұл хроникадағы алтыншы кітап болғанымен, Нарния әлемі қалай жаратылғаны осы кітапта айтылады.
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарымНаркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым

Антуан Мари Жан-Батист Роже де Сент-Экзюпери «Маленкий принц». )))) Біреулерге бұл кітапша кішкентай балаларға арналған сияқты болуы мүмкін, бәлкім солай да шығар. Бірақ мен оқып жатырмын :))) Терең мағыналы демей ақ қояйын, бірақ сондай бір астарлы мағыналы кітап ))) Шын айтам. Әлгі сендердің «удав который проглотил ...» дейтін приколдарыңыз осы кітаптан алынған на то пашло ))).
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым

Пауло Коэльо «Алхимик». Осы кітапты оқуға қатты кеңес берген. Интернеттен жүктеп алып оқуға емес, сатып алып оқуға кеңес берді. Сондықтан Меломанға тапсырыс беріп қойдым. Жақсы кітап дейді, әзірге ештеңе айта алмаймын. Бұйырса 2-3 күннің ішінде келіп қалар.
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым

Митио Каку «Физика будущего». Бұл енді өзімнің сүйікті тақырыбым. Бұл кітапты да әріптесім оқуға кеңес берген. Басында интернеттен жүктеп алып оқи бастағанмын, қатты ұнағаны соншалықты, электронды нұсқасын оқуды тоқтатып, «тірі» өзін сатып алып оқуды жөн көрдім :))) Айтпақшы тапсырысым келіп тұр, қазір жұмыстан шыққасын барып алып кетемін. Кітапта 2100 жылы әлем қандай болатыны жазылған. Анау мынау ойдан шығарған фантастикамен емес, кәдімгі ғылыми дәлелденген фактпен, қазір прототиптері бар технологиялар жайлы айтылады.
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарымНаркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен оқып не оқиындеп жатқан кітаптарым

Киз Дэниэл «Множественные умы Билли Миллигана». Бұл енді сұмдық қызық кітап. Кей біреулеріңізге дым қызық болмауы мүмкін, бірақ мен дәл қазір есім кетіп оқып жүрген кітабым. Бұйырса осы аптаның соңына дейін оқып бітіремін деп жоспарлап отырмын. Кітабын сатып алған жоқпын, сатып алмақшы болғанмын, бірақ айналамнан еш жерден таппадым. Тапсырыс берейін десем, интернет магазинтерде де дәл қазір складта жоқ дейді. Шыдай алмай электронды нұсқасын жүктеп алып, оқып жүрмін. Бұл кітапта Билли Миллиган жайлы жазылған. Болған оқиға желісімен. Билли жәй адам емес, оның «басында» бір емес, екі емес, ЖИЫРМА ТӨРТ тұлға өмір сүреді. Осы кітап жайлы кейін толықтырып жаза жатармын, әлірге ештеңе демей тұра-тұрайын. Сана, адам, тұлға дегенге қызығатын мен үшін, таптырмас туынды екен.
Наркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен бітіре алмай жүрген кітаптарНаркопедиа (+18): Қолданушылар шығармашылығы: Мен бітіре алмай жүрген кітаптар


Імммм болған сияқты, әзірге осы. «Шантарам» дейтін кітапты да «оқу керек еді» деп жүргеніме біраз болды. Бірақ ол кітапты әлі сатып алмадым да, тапсырыс та берген жоқпын.

Ал сіздер, қандай кітап оқып жатырсыздар?

5 пікір

Abylai
Айтпақшы «Физика будущего» кітабын барып алып кеттім. Өз-өзіме сыйлап үлгердім :v Енді оқу керек .))
Соңғы өңделген уақыты:
ulzhankzz
Кітап таңдауларыңыз ерекше екен. Сәттілік!
Жақында Агата Кристидің кітабын оқыдым «Десять негритят» деген. Егер детектив пен ужас жанрына қызығатындар болса, оқуға тұрады.
followme_alik
Игилигине окы :)

1. «Мои годы в General Motors» _ Альфред Слоун
2. Роберт Энтони Уилсон _ «Квантовая психология»
Дос- жараннын рекомендациясы, келеси айда бастамакпын.
Abylai
Тізімге қосывалдым, зарблады алғасын сатып аламын
followme_alik
Электронды форматта бар екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.