Тілемістің өткір тілі

Өз ойым /
Тілеміс жанына екі жолдасы бар жолаушылап келе жатады. Бір кезде серігі: «Күн болса батайын деп қалды, жақын маңда Өзекеңнің ауылынан басқа ел жоқ, енді не істейміз?» дейді. Сәл жүргеннен кейін Тілеміс ақ белбеуді басына сәлде ғып орайды да, ауылға келген бетте «жаңадан болған пері, балгер» деп айтыңдар дейді.
— Е, бақсы болсаң қайтейін, — деп жақтырмаған әйел мойнын бұрмастан қойын сауа береді. Екі жолдасы сыртта атты жайғастырып жүргенде Тілеміс ішке кіріп, керегеде ілулі тұрған домбырадын тұз алып, ошақтың үш бұтына көмеді. Байбіше үйге кіріп, сүт пісіру үшін ошаққа қазанын аса бергенде Тілеміс: «бәйбіше, ана ақ бас қара қойыйңды әкеліп соймасаң, отыңның басынан, ошағыңның қасынан бәле шығады, айтпады деме, көзіме көрініп тұр» дейді жорта.
— Жағың қарыссын, — деген бәйбіше онша елей қоймайды. Сүтті қазанға құйып, отты лаулатып жаға бастайды. Бір кезде отты көсей бергенде, қызған тұз жан-жаққа күлді шашып, пытырлайды келіп…
— Айттым ғой, жаңа келген бетте-ақ көргем, ақсарбас, ақсарбас, әлгі қойды әкеліңдер, қан шығарып қуайық пәлекетті! — деп Тілеміс жандыра түседі. Пәлеге көзі жеткен бай әйелі мал сойып, қонақтарын сыйлайды. Тілеміс таң ата екі жолдасымен аттанып кетеді. Кешікпей долаушылап кеткен бай да оралады. «Ойбай, дәу пері келді. Ошақтың қасынан, оттың басынан бір нәрсе пытырлап бәле болды. Айтқанын істеп, ақ бас қара қойды сойдық, аман қалдық» дейді әйелі болған жайды түгел баяндап:
— Тілемістің осылай қарай кетті дегенін естігенмін. Кісіге дәм таттырмаушы ең, қатырған екен. Бір жерде ол мені сөзбен екінші рет өлтіреді десеңші, — дейді күрсініп.

3 пікір

dimash
Тілемес… Бұл тарихта яки аңыздарда болған кісі ме әлде өз қиялыңыздан туындады ма, Көркем?
Korkem
Ел аузынан алынды, болған оқиға
Korkem
Тілемес емес Тілеміс, Димаш…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.