Ыстық ұя 2 !

Өз ойым /
4 жыл бойы тұрсаң ыстық болады екен, аш жүрсең де. Нені меңзегенімді түсінген боларсыздар ә?! Жатақхана! Жатақхана мен үшін үлкен отбасының жоқ олай емес, өте үлкен отбасының баспанасы. Не деген қазынасы мол баспана десеңізші не керектің бәрі бар. Ең бастысы ерінбей іздеу ғана. Дос керек пе? әлде сырлас қыз керек пе? Аттасаң қадам табасың! Барлығының да өмірге деген құлшынысы сондай, түннің бір уағына дейін бір бірімен «сұхбаттасып» ( әңгіме супер маркетін құрады :) өмір тәжирибесімен бөліседі! Әлемде не боп жатыр ғаламда не өзгеріс осының бәрінен «ыстық ұя» тұрғындары хабардар! Мен өзімнің достарыммен таңның қалай атқанын, күннің қалай батқанын сезбей өткізген күндерім бақытты шақтарымның бір бөлшегі ретінде қалары сөзсіз!
«Ыстық ұя» тұрғындарына айтарым! Білмедің бе? Оқы,
тапапдың ба? Ізден, жалғызсың ба? дос бол, сабақтан ұйықтап қалдың ба? Ұйқыңнан оянған уақытта бар! Себебі, сені достарың күтуде! :)
Қарның ашты ма?
Отырма қарап құр босқа!
Достарыңды арала,
Жағдайын оның сарала
Жағдайы оның келмесе
Басқа досыңды жағала!
Уақытыңды текке өткізбе! Уақыт сені күтпейді! Ұйқыдағы адам – мұрат, мақсатына жетпейді!

І/Н: Сіздерді кәріс филімі "풀하우스 немесе ыстық ұя" туралы шығар деп ойлатып қойғаным үшін кешірім өтінем! :))

18 пікір

Jakss
Жатақханаңды сағынайын дедің бә ә? :)) Жақсы жазылған екен!
akil_kalta01
Иә, достарым есіме түссе жатақхана да есіме түседі. Өте-мөте қызық шақтар еді ғой!
Togzhan
Жатақханада тұрып көрмесем де, жиі қонаққа барып тұрамыз, шынымен де бірі кіріп, бірі шығып, у-шу болып жатады)
Moldir_96
Мен «Ыстық ұя» телехикаясының 2 бөлімі шықты ма екен десем))))) Жатақханадағы өмірді студент қана түсінер. Уақыты келгенде көре жатармыз...Өлеңіңіз ұнады!))
akil_kalta01
Moldir_96 студент болған шағыңда жатақханаға жиі барып тұр! Себебі нағыз достарды жатақханадан табасың! Кеін akil_kalta01 айтып еді деп жүретін боласың :))
Moldir_96
Аха, кеңесіңізге көп рахмет!:))
AKA
Жатақхана… Бұл туралы Көркемнің айтары мол болуы керек, сірә?!
ereke_enu
Не деген қазынасы мол баспана десеңізші не керектің бәрі бар
Дәл айттың)))
qyrmyzy
хехе, қимай жүрмін соңғы кездері жатақхананы… бітіргім келмейді. ҚазҰу қалашығын қимаймын.
akil_kalta01
qyrmyzy осы керемет қайталанбас уақыттарыңды мәді де мағыналы өткізуіңе шын жүректен тілектеспін :))
qyrmyzy
рахмет! Қалған уақыт жүгірумен өтейін деп тұр ғой сол… диплом, гос, тағы бір тест бар(((
akil_kalta01
Ал енді не дейміз :) тек сәттілк!
calendula
І/Н: Сіздерді кәріс филімі "풀하우스 немесе ыстық ұя" туралы шығар деп ойлатып қойғаным үшін кешірім өтінем! :))
Шынымен де «Ыстық ұя» телесериалы шығар деп ойладым басында)
Өз басым студент болғанда жатақханада тұрмайтын сияқтымын)
Erkerai
Мен де «Ыстық ұя 2» туралы екен деп ойладым постты. Уже көріп қой
Erkerai
Уже көріп тастадың ба деп ойлап қалсам.
akil_kalta01
«Ыстық ұя 2» шыға қалған жағдайда Erkerai саған бірінші болып хабарлайын ок! :)))
pari
бұл студенттерге арналған пост сияқтығо.маған соқпайды екен, бірақ жақсы жазылған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.