Сенім?

Өз ойым /
Жүкті әйелдің ішінде екі бүлдіршін сөйлесіп отыр, біреуі сенеді екіншісі сенбейді.

Сенбейтін бүлдіршін: — Қалай ойлайсың, осы туылғаннан кейін өмір бар ма?

Сенетін бүлдіршін: — Иа әрине, ол бәріне белгілі, біз мұнда кейін не болатынына дайындықтамыз.

Сенбейтін бүлдіршін: — Өтірік! Туылғаннан кейін өмірді елестете аласың ба?

Сенетін бүлдіршін: — Мен нақтысын білмеймін, бірақ ол кезде өзіміз жүріп, ауызбен жейтін шығармыз.

Сенбейтін бүлдіршін: — Қандай бос сөз! Өздігінен жүріп, ауызбен тамақ жеу мүмкін емес! Бұл тіпті күлкілі! Бізде кңндңк бар, ол бізді тамақтандырады. Білесің бе, айтарым: туылғаннан кейін өмір болуы мүмкін емес, себебі біздің өмір кіндік — онсыз да қысқа!

Сенетін бүлдіршін: — Мен сенімдімін, бұл мүмкін. Барлығы кішкене өзгеше болады. Оны елестетуге болады.

Сенбейтін бүлдіршін: — Бірақ ол жерден ешкім әлі қайтпады ғой! Өмір тек туылумен аяқталады. Жалпы өмір — қараңғыда қиналудан басқа ештеңе емес.

Сенетін бүлдіршін: — Жоқ, жоқ. Мен туылғаннан кейін өмір қандай болатынын дәл білмеймін, бірақ қандай болмасын жағдайда біз анамызды көреміз, ол бізге қамқор болады.

Сенбейтін бүлдіршін: — Анамызды? Сен анамызды дейсің бе? Иа, қайда екен ол?

Сенетін бүлдіршін:- Ол барлық жерде, біздің айналамызда. Біз оның ішіндеміз және онсыз өмір сүре алмаймыз.

Сенбейтін бүлдіршін: — Далбаса! Мен ешқандай ананы көрмедім, сірә ол жоқ шығар.

Сенетін бүлдіршін: — Сенімен келісе алмаймын. Өйткені кей кезде, барлығы тынышталғанда, оның бізге ән айтқанын естіп, біздің әлемді аймалағанын сезуге болады. Мен кәміл сенем, біздің нағыз өмір біз туылғаннан кейін басталады…

22 пікір

kema
қандай керремет! Қайдан алдың мағлұматты? Бір Аллаға сенуде дәл осындай ғой)))))))))
Daka_sss
өткен демалыста, инетты шұқылап отырып, орысша болған, сөздікпен әйтеуір аудардым)))
AL-ASTER
Жақсы жазба екен. Адамды алға жетелейтін оның үміті мен алға қойған мақсаты ғой.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Абайдың жетінші қара сөзінен үзінді
Daka_sss
үміт, сенім…
Moldir_96
Ке-ре-мет! Бізде де дәл сондай Ғой… О дүниедегі өмірге сенетіндер де, сенбейтіндер де бар… жарайсыз! Жақсы жазыпсыз!
Daka_sss
жооқ, бұны мен жазбадым, орысша видеоны жай аударғаным ғой))
Moldir_96
Аударудың өзі еңбек қой, молодец!
ereke_enu
Ай жарайсың, Дака!!! Расында мағыналы пост.
Daka_sss
аудармаға қанша?))
ereke_enu
бірден артық +тауға болатын болса, көзімді жұмып баса берер ем))) жақсы-жақсы!
Daka_sss
хехех, кейін өзімнің жазбамды жазамын))
dimash
Жақсы жазылыпты! Ке-ре-мет!
Daka_sss
менікі жеткізу тек)))
qyrmyzy
Ойландырады… Рахмет!
pari
көңілім босап елгііп ұйып тыңдап кеттім оқып кеттім.Тамаша жазылған
calendula
Аударсаң да, жақсы аударған екенсің! Жарайсың!))Осы тектес нәрселерді әдетте оқи бермеуші едім))Бұл жолы соңына дейін оқыдым)
Manas
Тамаша пост.Маған қатты ұнадыІ
AKA
Көптен бері жазбай кетіп едіңіз, мынадай мағыналы жазбамен келгеніңізге қуаныштымын.
Daka_sss
рахмет, бос орынды толтырудамын)))
assetova
Тамаша!!! Бұндай әңгімені тауып, аудару — үлкен еңбек. Жақсы аударғансыз. Атеистпіз деп жүргендерге оқыту керек екен бұны
Daka_sss
рахмет)), сілтемесін берсің болады)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.