Өсиет!

Өз ойым /
Казыргы көңіліме байланысты филосифияға бет бұрған сияқтымын кішкене, осы өсиет әңгіме ұнап қалды.

Бірде жолаушы бір қалаға кіріп келе жатады, жолдың шетінде бір қарт кісі отырады.
Жолаушы:
— Мен осы қалаға көшетін ниетім бар еді, осында қандай адамдар тұрады?

Қарт кісі:
— Ал сенің бұрынғы тұрған қалаңда қандай адамдар тұрды?
Жолаушы:
— Білесің бе — олар өте жаман, жағымсыз адамдар болатын.
Қарт кісі:
— Сенің жолың болмады, бұл жерде де жаман, жағымсыз адамдар тұрады,- дейді.

Басқа жолаушы өтіп бара жатып, қарт кісіден сұрайды:

Екінші жолаушы:
— Мен осы қалаға көшейін деп едім, мұнда қандай адамдар тұрады?

Қарт кісі:
— Ал сенің бұрынғы тұрған қалаңда қандай адамдар тұрды?

Екінші жолаушы:
— Мен тұрған қалада — ашық, жарқын адамдар тұрған, соларды қимай келе жатырмын.
Қарт кісі:
— А онда сенің жолың болды, мұнда сол жердегідей жақсы адамдарды табасың,-дейді.

Ғибрат: Егер сен жақсы адам болсаң, өміріңде көбінде жақсы адамдарды кездестіресің. Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста!

11 пікір

Moldir_96
Ғибрат: Егер сен жақсы адам болсаң, өміріңнің көбінде жақсы адамдарды кездестіресің. Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!
Жақсы айтылыпты…
Адам жақсы болса, айналасындағы адамдар да жақсы болады ғой, үнемі жақсы кісілерді жолықтырып тұрады)
Daka_sss
иа, сондықтан айналаның барлығы жаман, анау-мынацу дейтін адамдар ұнамайды)
qyrmyzy
Казыргы
атың өшкір мейлру-ай!
Шындығында, құр айғайдың қажеті жоқ. Тек әркім өзінен бастаса болғаны…
Daka_sss
иа, ал сөз шықса аяғына дейін жеткізу керек!))
AL-ASTER
Рас қо.

Бақытты бола алмайтын адам, қандай жағдайы болса да бақытты бола алмайд. Себебі адам өзін бақытты сезінуі үшін, үй көлік бірінші орында емес, көтеріңкі еңседе деп ойлаймын. Ал қасындағысына разы бола алмай, бақытын алыстан іздейтіндерді аяу керек дегеннен басқа айтар жоқ.
Daka_sss
иа, бақытты жақыннан көрмесе, алыстан тіпті іздеудің қажеті жоқ…
AL-ASTER
Десе де, алысқа ұмтылуда тұрған ештеңе жоқ қой?)
Daka_sss
әрине қарсы емеспін)))
Nursultan_Joldashan
Йа орынды айтылған өсиет, кісі айналасындағы құбылыстырды жақсылыққа баулу керек сияқты!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.