Бетке түкірсе

Өз ойым /


Хайуанаттар бағында жүрген бір адам, маймылдар отырған тордың жанынан өтіп бара жатып, кілт тоқтайды. Қалтасынан кәмпит алып береді, жеп алып маймыл тағы да кәмпит сұрайды. Әлгі адам болса, кәмпит жоқ дегенді ымдап алақанын жаяды. Сол кезде маймыл өкпелеп, адамның бетіне түкіріп жібереді. Мақұлықтың ақылға сыйымсыз әрекетіне еріксіз күліп жіберген адам бетін жууға кетеді.

Мораль: бетіне түкіріп жіберген маймылдың әрекетін саналы адам көңіліне алмайды

9 пікір

AKA
Содан?! Қай жерінде күліп, қай нүктеде ой түю керек?!
AL-ASTER
Типі, анадай әрекет жасаған адамның әрекетіне қапаланба деген көрірені аффтыр ©?
AKA
«Тағы түкірш» деп, қарааап тұр дейсіз ғой сонда?! :))) Жалпы, «Таспен ұрғанды аспен ұр» немесе Мәкең айтпақшы: «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі» дегендей болып тұр ғой.
AL-ASTER
Тағы түкірш деп қарап тұрғаннан сақтасын. Кейде жақын адамдар мінез көрсеткенде, жылап жібермес үшін тырқылдап күліп жіберуден басқа вариант қалмайд.
AL-ASTER
Мәкеңнің рас аты кім болды кен??? Мықты айтыпТ
AKA
Мұхтар Әуезов, қарағееем.
AL-ASTER
біз ақ қарағем болайық, рахмет бауырым.
mairosh
маймыл түкірріп жіберсе оған есі дұрыс адам түсініспеушілікпен қарау керек дисіз ғой. Керемет екен. ))))
AL-ASTER
Ия, бұл әңгіме маған да ұнайды. Авторы белгісіз болып тұр)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.