Адам өмірі малмен бірдей болып бара жатыр!!!

Өз ойым /
Мейрімі шексіз Алла тағала адамды балшықтан жаратып, оған жан берді.Бірақ өзін үстін түк басқан маймылдың ұрпақтарымыз деп ойлайтындар да бар.Сонда қалай біз хайуанның ұрпағымыз ба? Егер солай болса қазіргі маймылдар неге адамға айналып кетпейді.Бұл ақымақтардың ойлары ғана.Әрине, біз Адам ата мен Хауа ананың ұрпақтарымыз.Алла тағала адамға ойлайтын ақыл-ой берді, сезетін сезім берді, бір-біріне мейірім болу үшін махаббат берді.Біздің жануардан айырмашылығымыз осы.Алла бізді жануардан жоғары қылып жаратты, ендеше адам деген атымыз болғасын адамша өмір сүруміз керек.Алайда кейбір адамдардың өмірі малмен бірдей болып кеткен.Ұйықтайды, тамақ ішеді, көше қаңғырады,қайтып ұйықтайды.Шынымен де малмен бірдей.Ондай адамдар қарны тоқ болып жүрсе болды,өмірге мәз… Осы сайттың белсенді қолданушысы Көркемнің тамаша сөзі бар «ішіп жеп үшін өмір сүрмей,өмір сүру үшін ішіп-жеңіз»,- деген.Шынымен де адамда осындай мақсат болу керек.Алдында мақсаты жоқ,құр босқа өмір сүріп жүрген адамдар да бар.Өмірдің кішігірм қиындығына шыдамай,өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың өзі жануардан да төмен.Ал,өз баласын асырамай тастап кетіп жатқан аналарды қараңыз, не деген қатігездік.Тіпті шыбын жаны бар торғайдың өзі өз балапандары үшін қалай шыр-пыр болады.Араққа салынып, көшеде құлап-сүрініп жүрген алқаштар ше, олар тіпті жануармен салыстыруға да келмейді.Бұлардың бәрі ақыл-есі дұрыс, аяғы бар ,қолы бар адамдар.Оның қасында жағдайы малдан да төмен қолы жоқ, аяғы жоқ адамдардың өмірге деген көз қарасы бізден жүз есе артық.Түбі бір жақсылық келетініне сенеді.
Иа, достар сондықтан деніміздің саулығына, ата-анамыздың қасымызда жүргеніне шүкіршілік етейік.Ең бастысы ісіміз мен қылығымыз жануардан да төмен болып кетпесін
Көркем айтқандай: «ішіп жеп үшін өмір сүрмей,өмір сүру үшін ішіп-жейік»

19 пікір

pari
Мейрімі шексіз Алла тагала
«Г»-ні, "Ғ" қылып өзгерт мынауың ұят
Manas
иаиа,өзгертіп қойдым
Korkem
Көркем айтқандай: «ішіп жеп үшін өмір сүрмей,өмір сүру үшін ішіп-жейік»
Негізі мұны Көркем айтқан жоқ еді..))
Manas
Сіздің посттыңыздан оқып едің сонда кім айтты
Korkem
оқығаныңа рахмет, мен емес менің постым айтып еді))
Manas
ааа,қызық екен
qazaquly
Көркем айтқандай: «ішіп жеп үшін өмір сүрмей,өмір сүру үшін ішіп-жейік»
Көркем сенің мынадай философ екен деп ойламаппын, ық ық)))
AL-ASTER
көркем афффтыр
Karlen
Кішкене артықтау айтылғаны болмаса, жаман емес. Көркемнің посты жақсы айтқан екен. Бастысы адам болып туғасын, адам болып кетуге талпынып жүргеніңе молодец.
Manas
рахмет, артықтау айтылғанда, шындықты айту керекқо
Karlen
Ия. Оның да дұрыс шығар.
93ab
Оның қасында жағдайы малдан да төмен қолы жоқ, аяғы жоқ адамдар деген жаман теңеу. Адамды адам қылатын оның аяқ қолы емес, көзінің көруі мен құлағының естуі де емес Адамды адам қылатын Сен дұрыс айттың ОЛ САНА. Құранда Аллах адамдар мен жындарды құлшылық етсін деп жараттық дейді. Және құранда әлемді танып білсін дейді Бізге. Біздің әлемді танып білуіміз, табиғат, ғылымдар физика математика геометрия психология тағысын тағыларын танып білу құлшылыққа жатады. деп ойлайм) Мысалғы 2+2=4 немесе тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы түбір астындағы катеттерінің квадратының қосындысына тең тағы басқа. Ол заңдылық. Және ол өзгеріссіз. Егер бүкіл әлемді Аллах жаратса, осы заңдылықтар Аллахтың ілімінен екені түсінікті. Енді Аллахқа құлшылық ету дегеннің қандай ауқымды ұғымдарды қамтитынын елестетіп көріңіздерш. Қазіргі кезде батыс өзінің жаман әдеттерімен, тусовка ішу секс тағы басқасымен, ал шығыс өзінің дәстүрлі, фанатикалық, фундаментальді көзқарастарымен Сананы улауда. Адам ақылды жасату керек. Құранда ақылын жасайтпайтындардың үстіне бар қоқысты тастаймыз дейді.
Manas
Айтуыңыз өте орынды!
Оның қасында жағдайы малдан да төмен қолы жоқ, аяғы жоқ адамдар деген жаман теңеу
Мен бұл жерде сыртқы жағдайын айтып тұрмын.Ал оның ішкі дүниесін кім білген
ereke_enu
Ғылыммен айналысудың барлығы құлшылық емес. Ниетіне байланысты болады да. Күні-түні кітаптан бас көтермей, бірақ, Алланы мүлдем еске алмайтын кісіні Аллаха құлшылық жасап жатыр деп айту қиын. Әрекет құлшылық болып саналуы үшін шарттары бар, әлбетте.
ereke_enu
Жалпы, бауырлар, Айтаберде дін жайында пост жазып, талқыламай-ақ қойғанымыз дұрыс болар. Себебі, ол философия емес ойыңа келгенді айтатын. Ислам ғалымдарының бірі Имам Бухаридың «Білім — сөздер мен істерде бұрын» деген сөзі бар. Дін жайында бірдеңе айту үшін оны аннан-мыннан естімей, нақты дәлелдерімен білу қажет. Ислам — Алланың діні, сондықтан, оған жоқ нәрсені қосып қоюым мүмкін деп қорқу керек.
AL-ASTER
Тізесі шыққан тақырып

Осындай посттан адамдар түзеліп кететініне күмәнім бар, керісінше жүйкесі әлсіз адамдарға одан сайын зияны тиіп кететін көрінеді-мыс.

Очм, мен үшін жазба құсық дегеннен басқа айтар жоқ.
mairosh
Манас бәрі жақсы ғой. Дұрыс айтасын ғой. Бірақ Адам маймылдан жаратылды деген ғылымдердың айтқаны ғой. Бұл жерде бір нәрсені ұғыну керек. Адам тура маймыл емес адам тәріздес маймылдан жаратылды делінген ғалымдар. Бірақ бізді Адам ата мен Хауа анадан жаратылғанбыз. Бұлда зерттелген. Қазіргі заманда сол екі жақ тепе тең түсіп тұр деген ойдамын.
Сосын тағы айтарым адамдар хаиуан сияқты боп бара жатыр депсіз. Әр адамның әр түрлі қиыншылық көреді. Біреулер соған сабырмен қараса біреулер қиыншылыққа шыдамай өзіне қол жұмсап жатады. Бұлда Аллахтың бізге берген сыны. Соны сабырмен қарасақ. Онда бәрі жақсы болар еді. Аллах сүйікті құлдарын көп сынайды. Сол үшін әр қиыншылықты «бұның бәрі өткінші» деп сабырмен қарау керек
AL-ASTER
Ия, мен білген екі-ақ жолы мәлім адамның жаратылғаны туралы: адам Жаратқанның құдіретімен жасалған және маймылдан жаралған дарвинизм теориясы. Біздің менталитетте адам Жаратқанның құдыретімен жасалғаны деген түсінік бары ақиқат қой. Ал оқулықта дарвинизм теориясы көрсетілген. Олар жәй теория. Ешқайсысының нақты фактілері жоқ. Бірақ, қайсысына сену әр адамның ішкі түйсігіне қалдырылған көрінеді.
AKA
Көркемнің тамаша сөзі бар «ішіп жеп үшін өмір сүрмей,өмір сүру үшін ішіп-жеңіз»,- деген.
Көркемге дейін мұны Сократ атамыз айтып кеткен. Шамалы іздену керек…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.