Қазақстан жайлы үзік сырлар,Қазақстан 2030

Өз ойым /
Арма ағайын!
Қазақстанның бүгінде тәуелсіздік алғанына бақандай жиырма жыл болды.Ал осы жиырма жылдың ішінде ҚАЗАҚСТАН талай белесті бағындырды.Бірақ қазақ бағындырар белес әлі жетіп артылады.Қазақ қазақ болғалы әлі қазақ тілі дұрыс пайдаланылмауда.Ал бұл басты мәселе.Мемлекеттік құжаттардың жартысы орыс тілінде жүреді, ал халық бұған үйреніп те қалды.Ол тұрмақ қазақ депутаттарының өзі қазақ тілінде дұрыс сөйлемей,курметти казакстандыктар деп тұратындарына не дерсің.Жә тіл мәселесі алдағы бес яки он жылда шешілетіні анық!


Қазақстан бай мемлекет болып тұр.Ал ол әзірге ғана.Қазақты бай етіп көрсететін қара мұнай.Ал ол бітсе қазақтар керемет халық деп жалпақтап жүрген мемлекеттердің теріс айналатыны белгілі.Онысымен Қазақстанның мұнайын бәленбай жылға түріктер пайдаланатын құжатқа қол қойылған.Ал ол келісімшарт біткесін өзіміз пайдаланамыз дейді.Келісімшарт аяқталғанша бізге мұнайдық қаспағы да тимес.Сол жағын әттең НҰР ағамыз ойланбай қалды ма?әлде ақшаға құнықтыма? деген ой келеді.


Қазақ қазақ болғалы ғарышқа да сапар шегіп үлгерд.Сонау жылдары ғарыщқа алғаш ұшқан Гагариннің кезінде ғарыш айлағы тек Қазақстанда болатын… Ал ол айлақтың сол жердегі халық үшін зияны жетіп жатыр.Ал надан қазағым-ай… Сол ғарышқа ұщқанда түсетін қалдықтарды жинап пайдаланатынын көрмеймісің.Ол қалдықтар адамға білдей зиян.Жә ол былай тұрып қазақтарды ғарышқа ұшырмады.Тек тәуелсіздік алған жылдары ғана Тоқтар және Талғат ағаларымыз ғарышқа сапар шегіп қайтты.Енлігі ол жерден зымыран ұшырыла беретін болса ол жердегі халықтың хәлі де мүшкіл болады.Бұл мәселе де өз шешімін табар.


Енлігі палигон мәселесі… Жә оны айтқаннан пайда барма? Ол палигон жабылды зияны талай жанға тиді… Ай қор болған қазақтың Семейі-ай…


Арал! Кезінде табиғаты тамаша, телегей теңіз боп жатқан Арал бүгінде қайда кетті? Ол әрине белгісіз.Ал сол аралдың мәселесін шешеміз деп талай басшы әлек.Ол Аралды тартқан егінші өзбектер деседі.Бірақ олда белгісіз.Ай-ай жағада толқыны тулап жататын Аралды Аралдықтар аңсайтыны белгілі.Одан не пайда? Бәрібір ол Аралдың енді толмайтыны сөзсіз!



Ал болашақ Қазақстан қандай болады? Ол сұраққа ешкім жауап таба алмай отыр.Қәзір мұнай бар деп шалқайып жүр басшылар.Мұнайдың қызығын кім көріп жатыр? Ол да белгісіз.Мұнай бітеді деп жоспарлап отырған атақты Дубай қаласы бар БАӘ елі көптеп қонақ үйлер түрлі кереметті салып жатыр.Оның барлығы мұнай біткен жағдайдағы күнкөрістің амалы.Олар мұнайдың қызығын көруде.Ол елде кедейшілік жоқ деп те айтуға болады! Ал Қазақстан таусылмайтын әңгіме демекші қазағымның жайы белгісіз.2030-ыншы жылы Қазақстан елу ел қатарына кіреді деген ой бар.Ай қайдам… Бірақ үмітсіз шайтан ғана…
Не болсада келер болашаққа сенеміз.Қазақстан 2030-ыншы жылы елу ел қатарынан бірінші орында тұрақтасын деп тілейік.Қазақстанның болашағы жастар демекші.Жастар біз.Қазақстан мерейін бірге көтерейік!!!

6 пікір

Karlen
Қазақстанның қамын ойлайтын жастар көбее берсін.+1 Болашақта Қазақстанның жағдайын жақсы жаққа өзгертетіндей қолыңда күшің болсын деп тілеймін!
kuka097
Көп рахмет!
Moldir_96
Мәскеу бірден құрылған жоқ, ал Қазақстан 20 жыл ішінде көптеген белестерге жетті. Осыған да шүкір! 2030-ға аман-есен жетейік!

Кука, Жарайсың! Дұрыс айтасың, Қазақстанның болашағы — біздің қолымызда! Ел ертеңін ойлайтын, жүректері "қазақ" деп соққан өзіңдей алаш азаматтары көбейе берсін!
Bagashar
қазақ қоғамының болшағы бізге де байланысты. азамат боласақ жарар ед
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.