Түбі тесік шелектің назы (ғибратты әңгіме)

Өз ойым /
Ерте ерте ертеде, осыдан 2-3 ай бұрын өмірде болған оқиға жілісінен. Нақтырақ өз өмірімнің үзіндісінен! Қастың жайма-шуақ, боранды күндерінің бірі еді. Жайшылықта кітап оқымайтынмын, әйтсе де кітаптың тақырыбы тартты ма, оқиғаны бір деммен оқып шықтым да, өзімді бақытты сезіндім! Сол бақытты, сіздер де сезінсін деген ниетпен осы оқиғаны баяндаймын.
Қайталанба күндердің бірі еді. Сушы өз жұмысын әдеттегі ше таңмен таласа бастап кетті! Оған жүктелген жұмыс, ауылдан 2 шақырым жерде орналасқан бұлақтан шелекпен ауыл орталығына су жеткізу болатын. Алайда оның шелегінің біреуінің түбі тесік болатын. Тесік шелектен аққан су орталыққа жеткенше түбінде ғана қалатын. Бір күні сушы бұлақтан су алғалы жатқанда құдыреттің күшімен тесік шелекке тіл бітті. Шелк назданған даусымен:
— «Ей, менің қожайыным, мені кешіргейсің! Мен саған қызмет еткелі өз міндетімді адал атқара алмай жүрмін. Сені текке шаршатудамын, маған құйған суыңның ең болмағанда тең жартысын да орталыққа апара алмаймын»- деп, өкінішін білдіреді.
Сонда сушы аз ойланып, ауылға баратын жолға көз тастайды да былай дейді.
— «Рас айтасың шелегім! Сенің суды ауыл ға дейін аз апаратының рас. Бірақ өзіңді өзің қажи берме! Сен бұл суды ауылға жеткізгеннен де маңызды іс бітірудесін» — деп күлімсірейді.
— Сен анау жайқалып өсіп, жұпар исі аңқыған гүлдердің көрдің бе?
— Иә, көрдім.
— «Өткен-кеткеннің назарын өзіне аударған гүлдер, сенен төгілген судан нәр алып өсіп, жайқалып тұр. Ендеше сенің осы дүниеде өзің байқамаған жақсылығың бар несіне налыйсын»- деп көңілін аулап, басу айтады.
І/Н: Кейде біз де, түбі тесік шелектей күй кешеміз. Бұл жалғанда әлі тірі екенбіз, ендеше біз «ешкімге пайдасызбын» деген ойдан аулақ болайық! Өзіміздің өзіміз білмейтін жақсылығымызды сушыдан сұрайық!

23 пікір

yerbol89
Неткен тамаша ғибратты әңгіме. Мені бір серпілтіп тастады ғой шіркін. Үлкен рахмет сізге.
Abylai
кей кейде андасанда өзіме өзім өкпелеп, көңіл күйім болмай отырғандағы айтатын ХИТ сөзім «ПАЙДАМ ЖОҚ» және «ДЫЫЫМ БІЛМЕЙМІН»

мына әңгімеңнен ғибрат алдым.
AL-ASTER
Қызықты оқиға екен. Бірақ иттірлік кешіп жүріп, қолдағы екі шелектің біреуі тесік болса, дүниенің кеңдігінен не пайда дегеннен басқа айтар жоқ. Ол гүлдер онсыз да қардың, жаңбырдың суымен, одан қалды өз жаратылысындағы тамырлардан нәр алады емес пе.

Меніңше, басқаға пайда жасағанның өзінде, осыншалықты жерден әкелетін бар жоғы екі шелектің біреуі осылай кететін болса, ондай жақсылық болмай-ақ қойған лазым болар.
qyrmyzy
амигоо, тура мағынасында түсініп отырсың. Басқаша қарашиш
AL-ASTER
Басқаша меңгере алмадым. )
akil_kalta01
AL-ASTER бұл мысал оқиға. Мына сөзіңмен келіспеймін.

«Меніңше, басқаға пайда жасағанның өзінде, осыншалықты жерден әкелетін бар жоғы екі шелектің біреуі осылай кететін болса, ондай жақсылық болмай-ақ қойған лазым болар.»

Менің ойымша жақсылықтың үлкен кішісі болмайды!
AL-ASTER
Сенікі дұрыс. Бірақ, мынадай жақсылықтан бас тартам.
Abylai
амиго негізі сенікі де дұрыс екен ау ә. ойланып қалдым. даладағы жайқалып өскен шөп пен оған ауатын жұрттың назарын нанға жағып жей алмаймыз))) то есть (((
AL-ASTER
Егер сол екі шелектің біреуі жолда кездейсоқ тесіліп қалса, еріксіз:
-Ох бауырларым, мына суды сендерге жазып тұрған сияқты деп жомарттығым тасып, гүлдерге шашып-шашып тастар ем)))

Бірақ гүлдерге жақсылық жасап жүрм деп күнде былай тыраштанып тасымас ем, ең бірінші өз өзімді алдау болатын сияқты.

Қазіргі жасап жүрген тірлік ұнамай депрессия байқалды ма, тиісті шара қолдану керек немесе демек оны ауыстыру керек басқаша тірлікке.
akil_kalta01
Ай бауырларым ай! Мына уақиғаны сендрге арнап баяндаймын!
Ертеде бір бай болыпты, ол сол байлығына ақыретте жауап беруден қорқып байлығының азайғанын қалап, бір білгішке барады. Сонда оған білгіш:
— "Құдайға шүкірлік етпе, күпірлік ет яғни қанағатсыз бол"- дейді.
Сонда бай «мен қалай қанағатсыз болайын байлығым асып-тасқанда, Аллаға шүкірлігім болсын» дейді. Сол мезетте оның байлығы тағы 2 еселенеді.
Сол білгішке бір күні бір кетей келіп қалай байысам болады деп ақыл сұрайды. Сонда білгіш:
— Сен Аллаға шүкірлік ет дейді.
Кедей бейшара мен қалай шүкір етемін, үстімде киімім де жоқ, жәй әншейін топырақ жауып алғанмын дей бергенде арт жақтан жел тұрып, топырақты ұшырып ала кетеді.

Мараль: Қандай жақсылық болсын қабыл ал, ол көбеймесе азаймайды! кішкентай жақсылық болсын шүкір ет! Оған да жете алмай жүргендер бар! :))
AL-ASTER
Бұл мысалға хош! Адам өмірде жетістікке жетуі тиіс, тиісінше соған жауап бере алатындай болуы керек көрінеді.

Кішкентай жақсылықты қанағат қылу керек екенін кім білмейді? Оны мен білемін. Бірақ жәй ғана білемін. Кейде ондайды байқамай қалатынымды да нақты білемін. Себебі мен пендемін. Ал, посттағы баяндаманы не үшін құптамағаным, ол яғни қайталанба күнде сушының тесік шелекпен су таси беруі, ол біріншіден сыртқа күлкілі, екіншіден ол гүлге тесік шелекпен су тасымаса да өсе береді. Соңына сушы қалып тұр өзін өзі тесік шелекпен жебеген. Менің ойым осы.
akil_kalta01
Ойың орынды екен! Алғы ұмтылуды, тез шешім қабылдауды яғни ұнайтын жұмыспен шұғылдануды меңзеген болдың ғой! Солай ма? Пікіріңе рахмет!
dimash
иә, шынында ой салды…

Сократ айтпақшы «мен өзімнің түк білмейтінімді білемін», «я знаю что я ничего не знаю»
дегендей… Бұл жерде айтылмаса керек, есіме түсіп кеткені…

Менде де «бұл өмірде босқа жүрмін, жасым болса жиырмаға таяды, бітірген түгім жоқ...» деген секілді ойлар келеді… солай депрессияда отырып СЖ сайтына да жазғаным бер еді…
Жүрген жерде айта жүруге болатын осындай өсиеттер жақсы ғой. Рахмет, +1!
akil_kalta01
Оқасы жоқ! Пайдамның тигеніне қуаныштымын!
Karlen
Ия. жақсы ғибратты әңгіме екен. Рухани қорек болды маған. Рахмет!
Korkem
Ғажап! Бұл мысалды мен де оқып едім, ара-арасында біраз жәйларды тастап-ақ кеткен екенсің. AL-ASTERге де соны түсіндіре кеткеіңде ол тура емес, астарлы мағынасын түсінген болар еді. Яғни, ол екінші бүтін шелкеті де мысалға алады емес пе? Екінші шелек көтеріген жағында гүлдер жайқалып өсіп тұрмайды да, тесік шелек жақтағы жолда гүлдер жайқалып, иісі ғажап болып тұруға тиіс болатын)) Бұл ғибратта барлық адамға бірдей жағу мүмкін болмаса да әр нарсенің өз жақсылығы болады дегенге келеді. Аллаһтың әр көрсеткен күніне шүкіршілік ету керек. Тамаша, еске түсірдің! +1
akil_kalta01
Иә, рас айтасың Korkem. Мен, сәл-пәл қалдырып баяндаған екенмін. Кысқартып айтуға тырысқар түрім ғой! :)
qazaquly
Бұл жалғанда әлі тірі екенбіз, ендеше біз «ешкімге пайдасызбын» деген ойдан аулақ болайық!
Мына сөзді шын ниетімен айтатын кісіні көргенім жоқ, бәрі кереметпін деп ойлайды. Осындай ойға шын бекінген адамның бәрі данышпан болып, әлемнің бәрі гүлденіп кетер еді ғой. Демек ешкім ондай ойда емес боп тр.
Sabions
логикалық есептер постын оқып болған соң ба… тесік шелекпен қыстың күні су тасығанша қар тасымады ма екен деп ойлап отырм…
Jakss
Sabions ол кітапты қыстың күні оқыған. Ал оқиға жаздың күні болған.
beko
Хе хе, бір ыржиып алдым. Компьютерге тістерімді көрсетіп.
assetova
Жақсы әңгіме, маған ой салды… Өмірде керегім жоқ екен деп жүргендердің барлығы оқыса екен. Сонда мұғалім болсын, аспазшы, аула сыпырушы болсын өз ісінің маңызы зор екенін сезетіндей
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.