Бақыт сенімен бірге

Өз ойым /
Бірде қартайған мысық келе жатып, бала мысыққа кез болыпты. Бала мысық өз құйрығын ұстай алмай, қайта-қайта айналып жүр еді.
Кәрі мысық оның бір құлап, бір тұрып жүрген сүйкімді қылығына қарап отырып:

— Сен неге өз құйрығыңды ұстай алмай, қуып жүрсің? — деп сұрады.

— Себебі, маған айтып еді, — деп жауап қатты бала мысық, — менің құйрығым — менің бақытым екен

Өз құйрығын тек жасы келген мысықтар ғана ұстай алатынын білетін кәрі мысық мырс етті де, былай деді:

— Сендей бала кезімде де маған да «сенің бақытың — құйрығыңда» деп үйретіп еді. Содан бастап мен күні бойы құйрығымды ұстау үшін шыр айналатынмын.
Мен тіпті оны ұстау үшін ішіп-жеуден қалдым, қанша әлсіреп тұрсам да оны ұстауға ұмтылатынмын. Ақыры, оған барібір жете алмасымды білген мен бәрін тастадым да, кеттім.

Иә, тастадым да кете бардым. Уақыт өте келе мен бір нарсені байқай бастадым. Оның не екенін білгің келеді ғҰә?

— Иә? Иә? — қызығушылықпен ентелей сұрады бала мысық.

— Мен қайда барсам да, менің құйрығым соңымнан еріп жүреді екен.

Иә, бағалай біліңіздер! Бақыт сіздермен бірге...

8 пікір

yerbol89
Жақсы! Жақсы!
qyrmyzy
жіләдім! Көркем, күнде таңертең оқитын осындай жазба жазып жүрші
Korkem
Күнде емес, бірақ қуантып тұрайын сені)))
dimash
Әттен, плюсті он рет бассам да тек бір балл ғана қойылады екен…
Тағы… тағы… тағы… осындайларды көп оқығым келеді…
Moldir_96
Керемет! Жарайсыз, Көркем! Иә, әрине, бақыт бізбен бірге. Тек сол бақытымызды бағалай алсақ болғаны)
AKA
Оның не екенін білгің келеді ғҰә?
Дәл осылай жазылмаған болар ә?! Сонымен… бұл жерде мысықтың құйрығы — «бақыт» болып тұр ғой, иә?
Korkem
Дәл осылай аудардым… Иә))
assetova
Жарайсың! Ұнады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.