Ана махаббаты

Өз ойым /
Бала кезде біз балалықпен әр нәрсені білуге құштар едік. Алдымда ағам, соңымнан ерген інім бәріміздің жасымыз тете болатын, сондықтанда болар тай құлындай тебісіп өстік. Үлкендерге арналған білгіміз келетін сұрақтар жауған жаңбырдай… Бір күні әлденеге керісіп қалдық та, жауабын анамыздан сұрамақ болдық.

— Мама, айтыңызшы осы сіз бәрімізден бұрын қайсысымызды жақсы көресіз? — білгіміз келгені анамыз махаббатын кімге көбірек арнады екен…

— Жәндерім-ау, — деп күлді анашым, шамасы қылығымызды қызық көрсе керек, — бәріңді де бірдей көремін.
Сөйтті де, сол баяғы сабырлы қалпыменен, өзіне жарасымды қимылменен барып балауыз (свечка) алып келді. Оның ылғи бізге мысалмен түіндіретінін білетін біз де қызығушылықпен тамашалап, күтіп отырмыз.

Ол балауызды жақты да: «Мен мына жанып тұрған свечкамын» — деді, — «ал оның жалыны — менің махаббатым!»
Сөйтті де екінші балауызды алып оны өз балауызынан тұтандырып алды. «Ал мынау менің тұңғышым. Мен оған от бердім, өз махаббатымды арнадым. Ал, енді байқаңдаршы, одан менің отым азайып, махаббатым сөніп қалды ма?» деп інім екеумізге қарады. «Менің балаларыма деген махаббатым сол қалпында қалды...»

3 пікір

Nursultan_Joldashan
Йа анаға деген махаббат шексіз! Менің анашым мен әкешім алтындарым ғой, қымбаттыларым!!!
AKA
свачкамын
Біресе балауыз, біресе свачка, свечка… ошм арасында қате көп, асығыс жазылған деп ұқтым.
Korkem
Тағы да, тағы, тағы да,
Тағы да сына, білгішім.
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.