Туғаннан баққан артық

Өз ойым /
— Алло, сәлем! Өтінемін, тұтқаны қоймашы. Тыңдашы…
— Саған не керек? Сенімен сөйлесетін сөзім де жоқ, айтарыңды тез айт!
— Мен бүгін дәрігердің қабылдауында болдым…
— Иә, не дейді?
— Ішімдегі шарана төрт айдан асып кетіпті…
— Баланы алдыр! Маған басы артық мәселенің қажеті жоқ, көзіме көрінуші болма!
— Алдыруға уақыты өсіп кеткен, Мен енді не істеймін…
— Менің нөмірімді ұмыт!
— Қалайша? Алло-Алло…
— Абонент байланыс аясынан тыс жерде…

Өз ойым: Туғаннан баққан артықҮш ай өткен соң…
— Сәлем, балақай!
— Сәлем, сен кімсің?
— Мен сенің Періште-Қорғаныңмын.
— Сонда сен мені кімнен қорғамақсың? Маған онсыз да мұнда жайлы…
— Сен күлкілісің. Онда қалай өмір сүріп жатырсың?
— Жақсы. Тек, менің анам күнде әлденеге жылайды.
— Балақай, сен оған алаңдама. Үлкендер болмашыға уайымдап жылайды, тек сен абыржымай көбірек ұйықтауға тырыс, күш жина. Әлі-ақ олар сенің барыңа қуанады.
— Сен менің анамды көрдің бе? Ол қандай?
— Әрине, мен әр кез сенің жаныңдамын. Сенің анаң әдемі, әрі жас.

Тағы да үш ай өткенде…
— Туһ, сен не істеп жатырсың? Бейнебір біреу қолыңнан тартып іш дегендей, міне, екінші стакан арақ ішкелі отырсың! Арақ…
— Періште, осындамысың?
— Әлбетте, осындамын.
— Бүгін анама ауыр күн сияқты. Өз-өзімен сөйлесіп, ұрысысып жүр.
— Ал сен мән берме. Жарық дүниеге шығуға дайынсың ба?
— Дайын сияқтымын. Тек мен қатты қорқамын, анам мені көріп, кенеттен ашуланып кетсе ше?
— Мұның не? Ол сөз жоқ қуанатын болады. Айтшы, сендей сүйкімді сәбиді сүймеу мүмкін бе?
— Періште, жарық дүниеде не болуда? Не өмір? Не тіршілік?
— Мұнда қазір қыс. Айнала аппақ, суық. Қар жапалақтап жауып тұр. Оны жақында өзің де көріп қаларсың.
— Періште, мен бәрін көруге дайынмын.
— Балақай, сені күтемін.
— Ой, ауырады, ауырады. Кім бар? Көмектесіңдер, ауырады… Қалай өзім… Ой… Көмектесіңдер!

Сәби ешкімнің көмегінсіз оңай туылды. Шамасы, анасына ауырлық түсірмейін деген болар.
Бір тәуліктен соң, кешке. Қала шеті, тұрғын үй маңынан аулақта:
— Балам, маған ренжіме, ренжімеші? Қазір уақыт солай, мен жалғыз емеспін. Сенімен қайда барамын? Қайда сыямын? Менің өмірім алда, ал сен барібір ұйықтайсың және болды… Ұйықта…
— Періште, анам қайда кетті?
— Білмеймін, уайымдама. Ол қазір келеді…
— Періште, дауысыңа не болған? Сен не жыладың ба? Өтінем, анамды тездетші, мен жаурай бастадым…
— Жоқ, жылағам жоқ, саған солай көрінген ғой. Қазір анаңды ертіп келемін, тек сен ұйықтап қалма, жыла, қаттырақ жыла.
— Жоқ, Періште, жыламаймын. Анам маған ұйықта деген.

Дәл осы уақытта, жақын маңдағы бес қабатты үйлердің жанында ерлі-зайыптылар әлденеге келісе алмай тұр еді:
— Мен сені тіпті түсінбеймін! Екі кештің арасында қайда жиналдың? Ауруханаға жатып шыққалы бері сабырыңнан айырылып барасың. Жаным-ау, бала көтере алмай, баласыз да өмір сүріп жүргендер жетерлік қой, біз ғана емес.
— Өтінемін сенен, киін де шықышы.
— Қайда барамыз?
— Білмеймін, тек қайда болса да бару керек секілді сезіліп тұр маған. Жалынамы, жүрші…
— Жарайды, тек соңы осы болсын. Естіп тұрмысың, соңы осы болсын саған ергенімнің.
Подъезден екеуі шықты. Алдында әйел, соңында сүйретіліп еркек ілесіп барады.
-Қымбаттым, менің түйісігім алдын ала сезгендей, сен мен бағдарлаған жолмен кетіп барасың…
— Сенбейтін шығарсың, мені біреу жетелеп бара жатқандай…
— Мен сенен қорқайын дедім. Ертең күні бойы үйде болуға уәде бер. Мен сенің дәрігеріңе өзім ескертемін.
— Тыныш… Тыңдашы, әлдекім жылап жатқандай.
— Иә, мына жақтан бала үні шығып жатыр.
— Балақай, қаттырақ жыла. Сенің анаң адасып қалған секілді, ол қазір сені табады.
— Періште, сен қайда жоқ болып кеттіңі? Сені шақырдым ғой, мен жаурап жатырмын, Суыыық…
— Мен сенің анаңды іздеп келдім. Әне, сол сенің қасыңда.
— О, Құдайым! Мынау сәби ғой. Бишара-ай, қатып қалыпты, тездетіп үйге апарайық. Құдайдың бұл да бізге берген сыйы шығар…
— Періште, бұл менің анамның дауысына мүлде ұқсамайды ғой. Өзгеріп кеткендей ме, қалай?
— Балақай, үйрене бер. Бұл сенің нағыз АНАҢНЫҢ дауысы!

Бәлкім, періштеге сенбейтін болармыз, алайда періште бізге сенеді...

Өзге тілді интернет беттерінен алынған муахахах

25 пікір

dimash
Оқып отырып тітіркеніп кеттім… Өмір қалай ә, шахмат тақтасы сияқты… Бірде қара қара, бірде ақ… Мен сенетін сияқтымын періштелерге.
qyrmyzy
күрсіндім, рахмет
AL-ASTER
Иә, нағыз сыйластыққа бағып-қағып өсірген адам лайық дегеннен басқа айтар жоқ.
mairosh
((((((((
Korkem
түүүү, не болдә?
mairosh
жылаттын((((
Korkem
жыла, жыла. Жеңілдейсің)))
mairosh
соңғы кезде көп көңілшек боп жүрм әр нәрсеге жылай беретін болдым. Енді мынаны оқып воооообщееее құрттың)()()()((((
Korkem
Онда бір күлдіртейін)))
mairosh
шынымен күлдіртші. Мына көңілшек қызды(((
AL-ASTER
Бауырым, көңіл күйіңді Фаренгейт шкаласымен өлшеп жүр, ешқашан минус болмайды!
Korkem
ық-ық, өлтіресің бар ғо, муахахахах
AL-ASTER
Разговор жоқ жһаннамға аттандырам, тек қару жарақтың ақшасын алдын-ала төлеуіңізді сұраймын. Осының алдындағылар лақтырып кетті.))
Korkem
вай, менің жұмаққа барғым келеді. Ал оған таңдау бар ма?
AL-ASTER
ИЪә, осының алдындағылар айттым ғой лақтырып кетті деп, олардың жұмаққа түскеніне күмәнім бар. Жұмаққа түсемін деген ниеттен ғана айналайын, бір 50 бірлік лақтырып қойсаң болад пара ретінде)))
Korkem
құны мұнша арзан болар ма?
AL-ASTER
Иә, арзан қарағым… Жомарттығыңнан айналайын.)
Korkem
жомарттың қолын жоқтық байлап тұр))))
qyrmyzy
ақшасын алдын-ала алып ап, тайып тұрсаң ше??
AL-ASTER
Ондай ондай болад: аз беріп, көп сұрайтындар үшін
mairosh
уахахахахаххахха рахмет рахмет
qyrmyzy
жәй, Майрош, жәй
araika_37
Өте керемет… тіпті айтар сөзім жоқ. Көзіме жас үйіріліп кетті ғой. Адамды терең ойға салатын жазба… Керемет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.