Вьетнам қызына қалай «ғашық» болдым?

Өз ойым /

«Нұр Астана» газетінің нөмірлерінің бірінде агент арқылы танысып, үйленгендер туралы мақала жарық көрген болатын. Сол мақалаға қайта көз жүгірте отырып басыма қызық бір ойдың келе кеткені. «Егер мен өзгелер секілді өз қыздарымызбен ғана таныспай, шетелдің аруын қолыма қондырсам керемет емес пе?» Жолымның болатынына сенбесем де, тәуекел деп «қыз сындыру» операциясын бастап кеттім. «Yahoo Messenger»-ді ашып қарасам, вьетнамдық бір бойжеткен «онлайнда» тұр екен. Талай жыл азаттық үшін күрескен ұлттың қыздары мықты болуы тиіс. Нутан Тудомен амандық-саулық сұрасқаннан кейін негізгі мақсатымды орындауға кірістім.


– Саған бір сұрағым болып тұрғаны?
– Иә, айта бер.
– Сен махаббатқа сенесің ба?
– Жоқ. Сенбеймін. Неге сұрадың? Қызық сұрақ екен.
– Жаңа сенің суреттеріңді көріп отырып саған ғашық болып қалған секілдімін. Өте әдемі екенсің!
– Хе-хе, шын ба? Бірақ, менің жігітім бар ғой.
– Ех, қандай өкінішті. Оның орнында мен болғанда ғой...
– Болуың мүмкін...
– Рас па? Сонда қалай?
– Егер мен сені ұнатсам...
– Ой, егер ондай болатын болса мен сенің жүрегіңді жаулау үшін бәрін жасаймын ғой.
– Екеуміздің арамыздағы ара-қашықтық өте үлкен ғой. Сен бұл жаққа қалай келмексің?
– Сен келісіміңді берсең болды ғой. Бірден жетіп барамын.
– Сөздеріңе сеніп отырғаным жоқ (Өзімнің де сөздеріме сеніп тұрғаным шамалы, тек әңгіме желісі үзілмесе болғаны — А.А.). Өтірік секілді. Әзілдеп тұрсың ба?
– Жоқ, әзілдеп тұрғаным жоқ. Неге сөзіме сенбейсің?
– Екеуміздің арамызда қаншама шақырымдар жатыр. Содан кейін мен махаббат дегенге сене бермеймін. Өз еліңде қыздар бар ғой. Мен үшін бұл жаққа келуің екіталай.
– Біздің елде бір-бірі үшін жанын берген ғашықтар бар. Солардың тарихын оқып отырып махаббаттың бар екеніне көзің толық жетеді.
Жалғасын білгіңіз келсе мында келіңіз. Advertisemnet-імдіссс

14 пікір

AL-ASTER
Шынымен ғашық бов қалған жоқпысың? :) эх мессенджер, бұрын агент болмаған кезде уақыт сонымен өтетін еді.
konvict
Ии, ол қызға ғашық болмау күнә ғой! Кейін фейсбуктен тауып алғам. Вьетнамға барып жатсам әбизәтілні ол қызға соғамын ғо. Бірақ, қайдааааа онда бару
AL-ASTER
Қыз сүйген қалад, ер сүйген — алад! Айтақ айтақ, фас фас!
qyrmyzy
фп, олай меес
Korkem
ибәәәй, мынау не дит? Ғашық болған түрін! Түүү Вьетнамды былай қойып, мынау тұрған оңтүстікке бір мойын бұра алмадың-ау. Бүйткен ғашықтығыңды........)))))
qyrmyzy
лол, лол, лол
ZevsKO
мүмкін жолың түсіп қалар! сол кезде уәдеңді ұмытпа!
ZevsKO
мен бәріне ғашық бола бермесеңші! қазақтың қыздары бір басыңа жетеуден келеді. жетпей ме?
AL-ASTER
оффтоп: Осы Конвикт, бұрын солай.деде аватарыңда қасқыр или үкі болып па ед?
qyrmyzy
түлкі боған
konvict
мен солай.деде болған емеспін
mairosh
анау сынып тұр ғой саған)))))))). маладес жарадын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.