Бала кездегі бір қызықты...

Өз ойым /
Балалық шақ – бұл әрине барлығының басынан өтетін жайт. Бірақ бүгін өзімнің балалық шағымда басымнан өткен бір қызықты күнім туралы қысқаша жазғым келіп отыр.

Сабақ уақыты бітті. Жазғы демалыс басталды. Көп балалар лагерге демалуға кетті. Ал мен болсам бірінші рейспен өзімнің туған ауылымма тарттым. Келгеннен үйге кірмей күн батқанша далада ойнадым. Барлығымыздың үй-үйлерімізге пытырайтын уақыт жеткенде, балалар болып бас қосып, ертең шағаланың жұмыртқасын теруге баратын болып бір байламға келдік.

Ертесіне таң атысымен жиналып, шағаланың жұмырқасын теруге «каса» жаққа бет бұрдық.
Ауылдан алыстай берген кезде, «пытықана» деген жәндік құлағымызға кіріп ызындап, бет аузымызға қонып, қанымызды ішті. Сол кезде барлығымыз футболкаларымызды шешіп, басымызға нинзяның басындағы сияқты қылып, бүкіл аузы мұрнымызды жауып алдық. Сосын банбук таяқты алдық та, бір-бірімізбен қылыштаса бастадық. (Сол кезде кинодан көрген тұрлі іс қимылдарды істейсін). Сөйтіп ойнап жүргенде көлшіктің жағасына жеттік. «Каса»-ға бару үшін сол көлшіктен өту керек.(Көлшік терең емес, тек төстен келеді. Кейбір кездерде мойыннан келетін жерлер бар. Бірақ бір қорқыныштысы көлшіктің асты балдыр. Балдыр тізеден келеді. Сол көлшіктен өткенде, балдырдың арасынан бір нәрсе шығып тартып алып кететін секілді болатта тұрады).

Көлшіктен өткесін, ары қарата жол тарттық. Көп ұзатпай екі адамнан бірнеше топқа бөлініп, араларымызды бір-бірімізден алшақтау ұстап, шағаланың жұмырқасын теруді бастадық. Көзімізді жерден алмай шағаланың жұмыртқасын іздеп жүрміз.(Шағаланың жұмыртқасы қоныр түсті. Үстінде қара нүктелері бар. Тауықтың жұмыртқаларына қарағанда қабығы жұқалау келеді және сәл кішілеу. )
Бір жұмыртқаны тауып жерден ала берген кезде, шағала мені шоқи бастады. Былай қашып, онға солға бұғып, жерден тас алып, шағаланы таспен қуып жібердік.( Ай! Қызығы таусылмайдай).

Сол іздегеннен теңіздің жағасына жеткенше іздедік. Жаға жеткенше бір шелектей жұмыртқа жинаппыз. Сосын жұмыртқаларды кішкентай көлшікке барып тексере бастадық. (Көлшікке жұмыртқаларды саламыз. Көлшіктің түбіне батып кетсе ішіндегі «уыз» деген білдіреді. Ал егер көлшіктің бетінде қалқып қалатын болса немесе судың түбіне дейін батпаса ол жұмыртқаның ішінде балапан болғаны.)

Сөйтіп, жұмырқаларды екіге бөлдік. «Уыз» жұмыртқаларды жинап алып қойдық та, балапаны бар жұмыртқалардың жартысын жардық, ал жартысын бір жерге үйіп тастап кеттік.

Ол қызық біткен соң, теңіз жағасына барып суға түстік. Сол күні теңіз жақтан жел соғып, теңіз толқынды болды. Бел ортасына келетіндей тереңдікке барып, толқынмен ойнаймыз. Бір үлкен толқынның келгенін күтеміз. Толқын келген кезде толқынмен бірге жаға жаққа жүземіз. Толқын өзінің күшімен біздерді жағаға шығарып жібереді. Осылай біраз уақыт теңізден шықпай суға түстік.

Теңіздіңде қызығы біткенше үйге қайтатын уақытта жақындап қалды. (Енді үйге қайту қызық емес және үлкен іс. Күн ұзағына дейін жанып тұрған күннің астында жүрсін және оның үстіне теңізге түстің). Азып – тозып, шаршап шалдығып, айтеуір бірдеңе қылып үйгеде жеттік.( Ай, сол кезде бала болып, қызық көріп ойнап жүрсекте, үйдің қамын ойлап, қуыратын және асатын жұмыртқа алып келіп жүрік-ай).

8 пікір

p689606
Балалық шақ сондай тәтті шақ. Расымен. Өз басымнан өткен мынадай қызық жағдай болды: жаңа мектептке көштік, екі мектептің балаларын бір жаңа мектепке топтастарған, өмірі естімегенмін, сыныптар арасында ақша жинау деген дәстүр шығыпты. Жинадық, басында отбасы жағдайыма деп сұрайтын, кейін басына бастады. Сосын төбелесетін болдық, сыныптан өзім шықтым. Біздің сыныпқа жауап беретін бала басқалармен жақсы араласады, бірақ ынжық болатын. Сол үшін тұратын болдым. Төбелес мектептегі дәретханада, басқа қайда болушы еді, бардым да кішкене сөйлеп жұдырыққа көштім. Ұрысып төбелесіп жатырмыз, бір қарап қалсам ананың жолдастары, сыныптастары жиналып қалыпты, мен жақтан ешкім жоқ. Өзі дзюдомен айналысатын бала еді, тізеден төмен балақтан айрылмайды, мен әупірімдеп жүріп мойнынан қылқындырып алып төрт қабырған соғып, унитаздың шетіне басын сындырайын деп ұрсам ештеңе етер емес. Ақыры ажыратып жатыр ананың достары, мен жібермеймін. Білем, жіберсем жақсы болмайтынын, сосын анаған айттым берілсең босатамын деп. Ол мойындады, қойдым деді. Жібере салғаным сол-ақ екен, тұрып барып беттен оңдырмай теуіп ұшырып түсірді. Мен айттым, не красиво жасап кеттің, сөзіңді неге ұстамайсың?! деп. Үсті басымыз алба жұлба. Артынан сыныптас бір бала келіп ретке келуіме көмектесті, сабаққа қатыстым, сабақты жақсы оқитынмын мұғалім ештеңе деп ұрса қоймады. Барлығы тып тыныш сыныпта, ана баламен параталас отырып сосын үйге дейін шығарып салды сабақтан соң. Үйде ешкім жоқ екен, әпкем ғана. Ол безек қағып не болды деп қоймайды. Шәй ішіп отырып едім, бір топ бала келді, қарасам әлгі төбелескен балның сыныптастары екен. Шошыдым іштей. Олар менің жағдайымды білуге келіпті. Ал сыныптастарымнан ешқайсысы жағдайымды сұраған жоқ, ал мен солар бәріміз ақша жинамаймыз деп қасарысып төбелеске шықтым емес пе. Бірнеше күннен соң медосмотр болды, барлық балалармен өтіп жүрміз. Сол сыныптан бір бала далаға шыққан соң үйге бірге қайтайық деді, қайттық. Автобуста әңгімелесіп отырып дос болып кеттік. Оның алдында бір баланы оңдырмай сабап тастағам өзі тиіскен соң, жаңағы бала содан қорқып жүрген екен. Қазір сол танысқан досым джиу джитсудан полный контакттан бірнеше дүкркін Қазақстан чемпионы, бір бірімізді сыйлаймыз. Содан бері қаншама жыл өтті, қаншама тірлік өтті басымыздан. Балалармен жиналғанда бір отбасы болып қалады екенбіз. Басында менің жауым болған, қазірде нағыз досым. Егер өмірде сенген досың ынжық болса, түбі жақсылыққа апармайды екен.
ereke_enu
Мектеп кезінде не болмады деш)))
qyrmyzy
эх, кешеден бері еске алу, сағыну, қимастық сезім пайда болып жүр… Көктем дей салайын
askerbek
Обал, күнәның не екенын білесын ба?
Karlen
Ол кезде кішкентай баламыз ғой! Кәшкентай бала күнә не екенін білетінбеді.
AKA
Жап-жақсы жазылыпты.
mairosh
Балалық шаққа ешнәрсе жетпес шіркін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.