Кешірім сұрай білу.

Өз ойым /
Бір әңгіме бойынша, Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде, кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып, «Ей Аллахтың пайғамбары сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктің иесі жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін. Әділдік иесі Аллах тағаланың алдында жауап беретініңді ұмыттыңба?» — дейді.
Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жиып құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа «Менің үш шартымды орындамайыңша сенің жәбіріңді кешірмеймін» — депті. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Біріншіден бір нәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллахтың саған жіберген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса оларды Аллахтың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып дандайсыма жүрегің қатайар. Саған бүкіл патшалықты берген Аллах тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма»-дейді. Сүлеймен оған «Аллах қаласа бұл айтқан шарттарыңды орындаймын» — деп уәде береді.

4 пікір

qyrmyzy
қарағеееееем, тақырыптан соң нүкте болмайды!!! Мектепте ай қарадыңдар ма?
Umit-Umit
Неге оның не кедергісі бар????????
p689606
Кешірім сұрау менің дағдым. Себебі, қандай да бір әрекетте менің ісім оған зиян тигізуі мүмкін, оның көңілінде дақ қалмауы үшін. Сосын өзім де дұрыс адамның маған деген ойын бұзғым келмейды жәйдан жай. Тек төбелесіп жатқанда кешірім сұрамаймын. :) Қажет болса төбелес біткен соң бірнеше күннен соң өзім барып жіберген қатемді мойындаймын. Жеңілдеп қалам.
Әрқашан рахмет айтамын. Себебі келесі жолы қайта көмек сұраймын ғой.
Umit-Umit
Дұрыс айтасыз адам кешірімді бола білу керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.