Көршімнің қызы бой жетіп қалыпты!

Өз ойым /
Таксиден түсіп, үйге қарай аз-маз шаршаңқы, қарным аш басым төмен салбыраған күйде үйге аяңдап келемін, кенет алдымнан қор қызындай сұлу қыз шиедей еріндері дір-дір етіп, найзадай кірпіктері төмен қарап, қарсы алдымнан өте шықты. Тұла бойым қүш-қуатқа толып, көзімді еріксіз жұмып, өзімен бірге ерте кеткен желден сұлудың жұпар иісін сездім! Мойынымды бұрып қарағаным сол екен дарбазасын есігін жауып тұрған әп-пақ саусақтарын ғана көріп үлгердім! Жаңағы жұмыстан шыққан шаршаңқы күй сол жерде қалып қойған, жан-тәнім нұрға толып, жүрегім алып-ұшып тұр!
Кешкілік ас дайын болды. Анашым менің жақсы көретін асымды яғни палауды дайындапты.
— «Анашым пияз турауды ұмытпа» -деп қоямын. Компты өшіре салысымен, асүйге қарай беттедім. Бір-екі қасық жеген соң, ішке ел қонған соң ініме қарап, Атын атпайақ қояйын Пәленше біздің үйдің көршісінің көршісінің үйіне қонақ қыз келген ба?! Біздің көшеде ондай қыз жоқ еді ғой деп сұрақтарды жаудырып жатырмын! Інім болды-болды түсіндім деп, әзер тоқтатты.
— Жоқ ол Пәленшенің Түленше деген үлкен қызы ғой қазір 11- сыныпта оқып жүр, бұрын сен мүмкін мән бермеген шығарсың ,-деп ыржиып қояды. Менің бір жаман әдетім бар мүмкін жақсы да шығар! Жүрегіме жақын тартқан жанмен тілдеспей жаным тыншымайды. Ертесіне-ақ ол қызбен әмпәй-жәмпәй болып кеттім. Анам бұл мінезімді жақтырмайтын. Кешкісін екеуміз көшенің соңғы жағындағы діңгегі жуан ағаштың түбінде шықылдатып шемішке шаға бастадық. Кенет анамның «ей тұрсаңшы жұмыстан кешіктің ғой» деген дауысын есіттім. Көзімді ашсам таң атып кетіпті. Сүйтсеееееем жаңағы сұлу көршім де палауда жай ғана түсім екен!
Оқиға болмаған оқиғаға негізделген.
Жәй ғана оқып, жымию мақсатында жазылған.
Пәленше, Түленше есімдері ойдан алынған.

17 пікір

akil_kalta01
уахаха! Базар жоқ!
qyrmyzy
ық ық, роман басталғалы жатыр еді, қап-ай а
Bagashar
korwinnin kyzy keremet eken,ras!
Jakss
Біздің ауыл жаққа келсеңші! Көрщілеріммен таныстырамын :))
Jakss
Әлі жалғасы болады qyrmyzy ханым!
ardak1996
Қызық екен.
Jakss
Күлдіре алсам болды, маған сол да жетеді :)))
Korkem
Муахахахах, сонша мәз боп оқығанымды қайтейін))))
Jakss
Канцовка нежданка болды ма? :))
meirambek95
сен не далбаевсн ба не гусь
Nursultan_Joldashan
АЙЙЙЙ Сенде айттын-ау)))))
Jakss
Енді өмірде болмаган оқиғалар осылай болады да :)))))
mairosh
Уахахахаххаа керемет.))) Күлдірттің ее. Жарадың. Түсің шындыққа ұласын димиз))))) жазбана +
Jakss
Айтқаның келсін! көршілерім көктемде сұлуланып кететінін қайтерсің :)))
mairosh
Қарап жүрмей көршінің қызына көз қысып жүрсің бе?)))))
didi0393
tys bop wykkany okiniwti eken))))
yesbolat83
Бұл өмірде болатын оқиға. Артыңа қарап қартаясың деген. Кешегі кішкентай ғана қыздар бүгінде бой жетіп, сәлембердік деп жатады кей кездері. Сол сәттерде мен де өзіме-өзім Jakss сияқты Көршімнің қызы бой жетіп қалыпты деп қалам.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.