Бақытты «БАҚАДАН» іздегендер

Өз ойым /
Байқайсыз ба… Бүгінде қоғамымызда «затқа табыну» деген кесапат белең алып барады. Оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың қайдағы бір фэн-шуй іліміне сеніп, бақыт пен байлықты, ырыс пен несібені Құдайдан емес, құрбақадан сұрайтынына не дерсіз? Қазір көптеген үйлерден, түрлі мекемелерден, жоғары лауазымды қызметкерлердің жұмыс үстелінен де мыстан жасалған тиын тістеген бақаны, тасбақаның бейнесіндегі мүсіндерді жиі кездестіруге болады.Кйбірі, тіптен көліктерінің ішіне қызыл аралас түрлі түсті шүберектерді де іліп қоятын болған. Сонда адамдар бір түйір шүберектің апаттан, я болмаса басқа да қиын жағдайлардан сақтайтындығына шынымен сене ме?
Кейінгі жылдары дүкен сөрелерінде түрлі мүсіндер толып кетті. Қытайдың фэн-шуй ілімі негізінде жасалған мүсіндер сыйлық сататын дүкендердің барлығын дерлік жаулап алған десе де болады. Жылтырақ заттардың «құдіретіне» сенетіндер қала тұрмақ ауыл-аймақтың өзінде де баршылық. Ақшасының көбеюін Алладан тілемейтін үйлерінің төріне тиын тістеген бақаларды қаптатып қоюды әдетке айналдырған. Иә, осындайда қытайлықтардың ойдан құрастырған «ертегісіне» сеніп, күн кешіп жүрген қандастарымызды көріп налыйсың. Осылайша, бүгінде батысымыздан ән тасқыны үдеп жатса, Құдай қосқан көршіміз – «аспан асты елінен» фэн-шуй деген «керемет» келіп, кедейіміз бай болмаққа, байымыз Құдай болмаққа талпынып әуреміз.
«Дүниеқорлық қам-қайғыңды көбейтеді» деген. Дүние үшін Құдайды ұмытып, пұтқа табынуға бола ма? Фэншуйшыларды тыңдар болсақ, фэн-шуйдың арқасында қарапйым жүк тасушылар білдей бір фирманың басшысы болып жатқан көрінеді. Яғни, жарлылар шылқыған байға айналып жатыр. Сенесіз бе?!

7 пікір

a63a1
Арманджон осы ше, мен сені баяғыдан таним бірақ екеуміз бір ретте болсын пікірлесіп көрмеппіз, бір түрлі сезімде отырм o_O
Armanjan
иә, рас айтасың, жұмыс-жұмыс деп өлетін болдық мойын бұра алмай))))
a63a1
муахахахахах есімде қалғаны 2009 дың күзі-ау шамасы бір сөзге келіспей шайхананы хана қылғаның
QAZAQ
Адам «жұмсақ жерін» көтеріп, әйтеуір еңбек етіп қимыл-қозғалысқа бармайынша ешбір тылсым күш жәрдемдесе алмайды-ау деген теорияның қолдаушысы едім…
vkm
Арманджан, сенсе сене берсін.Өздеріне солай ұнаса))))
Armanjan
БыКы сен ше, сенесің ба осыған, қаншасын сатып алып қойдың, /жәрәйд сыбырлап қана айта сал, ешкімге айтпаймын/
vkm
мен әдейі алған жоқпын,Қытайда жүргенде сыйлыққа берген тасбақа, піл, ақша ағашы бар. Астанаға пілді алып келгенмін, ақша жетпей жүр, енді қалғанын ала кетпесем:))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.