Маған керексің!

Өз ойым /
Жексенбі күндері ағам мен жеңгем «балалар қалай екен» деп үйге келеді. Келуін келіп алып, біраздан кейін екеуі де тыпырши бастайды. «Есік жаққа қарап отырған шығар», «екеуі төбелесіп жатыр ма екен», «бірақ ақкөңіл, төбелесіп алып, құшақтасып ұйықтайды», «мыналар қайда кетті деп жатқан шығар»… осындай осындай әңгімелер кетеді бір кезде. Құдды бір екі баласы қалған сияқты үйлерінде. Ал әңгіме..әңгіме Бинго мен Какос жайлы, ит пен мысық. Нағашыларыма ризамын.(мына сөз кімнен келді?) Қолдарынан келгенше екеуінің бабын тауып отыр. Олармен сөйлесіп отырғанын көрсеңіз жүрегіңіз елжіреп кетед)) Сомен неге ризамын?.. Жауапкершіліктеріне… Жануарды асырағаннан кейін оның өміріне иесі жауапты. Таяуда арт-тренингке қатысқан едім. Апайдың керемет алабайы бар екен. Үзілісте оның қасына барып сөйлесіп келді. Екінші итін өздері іссапарға кеткенде сеніп тапсырған адамы тамақ бермей өлтіріп қойыпты. Обал-ай… Кей адамдар бір бұрышқа байлап қояды да, кейін тіпті бар жоғын ұмытып кететіндей көрінеді. Көршілерім бар еді сондай… Біздің үйдің сүйектері соларға жолданатын. Біз тек жасағанымызға емес, жасамағанымызға да жауаптымыз…
Мы в ответе за тех, кого приручили А.Экзюпери

4 пікір

MSHERIMBEK
Біздің үйде де иттер бар:) Біреу емес, бесеу;)
Мысық та бар:) Тигр, Қарақшы, Гваделупе, Адриан деген сияқты мысықтар болған:)
pana
аттарын-ай))
mairosh
кидаай мысық жақсы көрем. Күшіктен мысыққа қарағанда салақтау келед онша ұната қоймайм))) ноо ,,,
qyrmyzy
иә… ол маған керек!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.