Ән іздеп қалай Сұрақ-Жауап сайтының көмегіне жүгінгендігім туралы оқиға.

Өз ойым /
Яғни кеше 19 мамыр күні болған оқиғаның желісін толықтай сіздерге қалай өрбігендігі туралы бөліссем деп едім.

сұрақ-жауап ән іздеу, сұрақ ән іздеу, сұрақ-жауап сайты, сайт арқылы ән іздеу

Өз басым жұлдызнамаға сенбейбін, бірақ таныстарым мені сенің жұлдызнамаң Мерген көздеген мақсатыңа жетпей қоймайсың деп айтып жатады. Шынайы өмірде де осы позицияны ұстануға тырысамын, тырысқаныммен шыны керек бірдеңке ойыма келсе бітті соған қол жеткізбей жаным тынышталмайтын қасиет бар екенін өзім де, өзімнің сондай қасиет бар екенін білетінмін.
Ұзақ уақыт бойы күткен Челси мен Бавария ойындарын күтіп отқан кезім. Сыртқа шығып, серуендеп қайтуға зауқым соқпады, сондықтан үйде интернетте отқан болатынмын. Неге екені білгісіз радио тыңдағым келеді, себебі қайталана беретін әннен шаршадым ба сондай күйде болдым. Шымкенттік Юмакс атты радио бар еді. Алдын соның сайтында онлайн тыңдауға мүмкіншілік болатын, онда одан бөлек Шымкенттік жаңалықтарды беріп тұратын. Сондықтан тыңдайтынмын. Бірақ Юмаксты Лаврадио сатып алған ба, сол радионың құрамына өтіп кеткен екен. Ол жерден онлайн тыңдау мүмкіншілігі болмады. Сайтта онлайн тыңдау мүмкіншілігі істемей тұрған болуы керек. Не керек мен Киви.кз-тің радио бөліміне өттім, ол жерден көп қолданушы Мегарадио бөлімін тыңдап отыр екен, мен де солардың қатарына барып қосылдым. Эфирде беретін әндері соңғы әсем әндер, бірденен өзіне таурап алып тыңдап отырдым. Бір уақытта Ох-оу-оу-оу деп әсем ән орындалып кетті. Әннің әні де, баяу айтылатын сөзі де мені өзімен ерекше баурап алып кетті. Неге екені белгісіз бір жеңілдеп қалғандай, демалып үнсіз мышка мен пернетақтаны шықырлатпай тыңдап, аздаған 2-3 минут ішінде шырқаған әннен бір қуанып та, жеңілдеп, шаршағанымды ұмытып кететін бір көңіл күйге еніп кеттім. Ән мені қатты баурап алды. Алдын Онлайн радиода шырқалып тұрған әнді кім айтатынын шығарып беретін РадиоНоу сайтының көмегіне жүгінетін едім, бірақ ол сайтта МегаРадиода айтылып жатқан әнді тауып бере алмайды екен. Сағатқа қарағанымда сағат 00.11- минут екені көзімді анық шалды. Футбол басталатын уақыт болып қалды, сосын компьютерді сөндіріп футбол көруге кеттім. Ертеңіне яғни бүгін қайта сол ән құлағыма келіп, қайта тыңдағым келді. Ары бері ақпарат іздеп жүріп МегаРадионың сайтына тап болдым. Онда кешегі күнгі радиода қойылған әндер архивтері сағат сайтын бөлініп сақталынады екен. Ол архивтерді мына жерден көрсеңіз болады. Кешегі 00,11-де сағатқа қарағаным есімде, бірақ ол ән қойылған уақыт 23,40-пен 00,00- арасы. Радио Москва қаласынікі екендігін де ескереміз, себебі радионы тыңдап отқанда в Москве бірбале часов дегені де есімде. Яғни Астана уақытымен арада 2 сағат айырмашылық бар. Сондықтан мен 22-00-де деген архив бөлімен жүктеп алдым. Соңғы жақтарына барғанда көп іздеген әнді де тауып алдым. Арнайы бағдарламаға салып өзіме қажетті деген жерін қырқып алғанмен, әннің сапасы онша болмады. Бір шетінен қандай жұп айтатынын білгім келіп, көңілімнен кетпей қойды. Мен интернеттен Com to me немес cam to me деп ағылсынша онша түсінбегендіктен нақты ақпарат таба алмай қойдым. Не керек осы орайда Сұрақ-Жауап сайтының көмегіне жүгінгім келеді. Сол кезде мындай сұрақ қойылып үлгердім: Мына ағылшын тіліндегі әнді кім айтатынын тауып бере аласыздар ма? Кам ту ми деп басталады, әнді қыз бен бала қосылып айтады!

Көп күттірмей сайтымыздың өте білімді де, белсенді қолданушыларынан жауаптар бірінен соң, бірі келе бастады. Осы орайда Ал-Астерге айтар алғысым шексіз. Себебі бірінші жауап осы жігіттен келді, жазған сөздері арқылы іздегенде тура нақты әнді тауып алдым. Бірақ артынша жылдам түрді нақты етіп клипімен толықтырып жауап берген қолданушының жауабын Жақсы Жауап деп белгіледім.

Әнге тоқталатын болсақ!
евровидение 2011
Әннің аты: Running Scared
Орындайтын: Эльдар Касимов және Нигяр Джамал
Жүлдесі: 2011 Евровидене жарысының бас жүлдесінің игері.

2011 жылы ұйымдастырылған Евровидение байқауында Әзербайжандық жұп Эльдар Касимов және Нигяр Джамал орындап шығады. Алдын өз елінде жарысқа үміткер ретінде таласқа түскен бұл екі әнші де бірдей дауыс жинайды. Сондықтан бұл екеуін біріктіріп жұп құрап, жарысқа Әзірбайжан елі додаға салады. Меніңше өте тамаша жұп шыққан. Әндері мені өзіне ерекше баурап алды.

Төменде әннен бірнеше бейнеклип!





p.s. Міне осылай мен іздеген қажетті ақпаратты тауып, көңілім жәй тапты. Осы жазған мақалам сізге де бір пайдасы тиіп қалар деген ниетпен жаздым. :)

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй! © Абай!
allowscriptaccess=

14 пікір

Argyn
Тақырыбыңды турала… қате жазыпсың…
yerbol89
Рахмет өңдеп қойдым! :)
Korkem
в Москве бірбале часов
муахахахах
Korkem
Ербол, тебіреніп жаздыңыз-ау деймін. 1 сыныптың оқушысына түсіндіргендей етіп жазып, күлкі сыйладыңыз)))
Ais_97
Сәлеметсізбе Ербол аға жазбаңыз ұнады +1! Бұл әнді бірінші рет естіп тұрғаным жақсы ән!
AKA
Байқаудан кейін де көп тыңдап едім осы әнді, оның алдында өткен байқауда әзірбайжан қызы — Сафураның орындауында «Drip-drop» әнін де тыңдағам. эх…
qyrmyzy
«Drip-drop» керемет ән ғҮә!
rauan
менде финалды күтіп отырғанымда осы мегарадионы тыңдап едім ))) керемет екен әндері…
qyrmyzy
Сж админі, ЫРЫСБЕК! Ән базам бір әнге толықты!
Abylai
Жақсы PR осындай болуы керек!
akil_kalta01
Жақсы жазылған екен! Очм қызықты оқиғалар болса жаза түс!
bazaraigul
ертең еуровижн 2012
alikona
Былтыр осылар жеңгенде қақсатып тыңдағанбыз, маған да ұнайды бұл өлең!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.