Сабаздың баласы

Өз ойым /
Кішкентай кезімде інім бірдеңені бүлдіріп қойса мамам “сабаздың баласы ” деп ашуланушы еді. Кезекті бір оқиғасында анам тағыда “сабаздың баласы” деп айта жөнелді. Сол кезде інім: “Сонда сабаз сізсіз де, мен оның баласымын ба?” деп қойып қалғаны. Мамам айтарға сөз таппай күліп жібергені бар. Сол кезде сабаз дегеннің мағынасы не деп іштей ойланушы едім. Сөйтсем “батыр ” деген мағына береді екен ғой. Маған сол сөз қызық естілуші еді ол кезде.


9 пікір

Abylai
«сабаздың баласы» © сөздік қорыма кетті
qyrmyzy
мамасы сабаз ба, папасы сабаз ба?
Abylai
«сабаз» көршілер де бар
qyrmyzy
Кейбір көршілердің «сабаз» болуына үйдегі еркек кінәлі
AKA
Құдоооой сол, әпкем кеп қалды, қош келдіңіііііз! Сіз де сабаз яки батыр ананың қызы болдыңыз ғой :))
Kipshakkyzy
Жаратушының құдіретімен паролімді қайта есіме түсіріп, кіріп, жайланып отырған түрім бар! )))Рахмет, жаным!
AKA
Жиі-жиі кеп тұрыңыз, сағындырмай :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.