СІЗ және СЕН

Өз ойым /
Барлық Айтаберліктерге жалынды Сәлем!!!

Бүгінгі жазбам СІЗ және СЕН сөздерінің қолдану аясы жайлы болмақ.

20-дан асқан Айтаберліктер үшін (ұмытып қалған шығарсыздар, өзім ұмытып қалыппын, және ініме қоңырау соғып сұрап алдым) қысқаша түсіндірме:
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Соның ішінде Есімдік дегені бар.
Есімдіктер — заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы екен. Осы СІЗ және СЕН сөздері жіктеу есімдіктеріне жатады дейді.
СЕН – деген жіктеу есімдігінің екінші жағы, ал СІЗ дегеніміз осы СЕНнің сыпайы түрі.

Сонымен осы сөздерді қаншалықты жиі қолданамыз???? Қандай жағдайларда қолданған дұрыс???? Бұл сөздерді кімдерге айтамыз????
Әрине жасы үлкен адамдарға, аға-әпкелерімізге, бейтаныс адамдарға СІЗ деп сыпайы түрде айтқанымыз жөн. Бірақ…
Жанұямда бес адамбыз, Әкем, Анам, екі Әпкем бар, біз бір-бірімізге ешқашан СІЗ деп айтқан емеспіз. Әкем мен Анам осылай айтуды о бастан үйреткен, біз үшін Әкем мен Анама бөтен адамдар сияқты СІЗ деп қиылып тұрған ерсі көрінеді. Әкеммен де, Анаммен де арамыздағы қарым-қатынасымыз өте қарапайым әрі жеңіл. Арамызда ешкандай да қамал жоқ десе де болады. Әкеме де, Анама да реті келгенде «прикол» ұстап, қалжыңдасып жүре береміз. Кейбіреулер «Онысы несі, тәрбиесіз» деп те айтуы мүмкін, бірақ бұл біздің тәрбиесіздігіміз емес, ол ата-анамызбен арамыздағы қарым-қатынастың ерекше бір көрінісі.
Жан досым бар. 6 жасымыздан бастап бірге өсіп келеміз. Оның да бізден 3жас үлкен әпкесі бар. Үйінде ата-анасына да, әпкесіне де үнемі СІЗ деп сөйлейді. Бейне бір алыс туысқанын айтып тұрғандай. Біздің үйге келгенде де менің әпкелеріме де СІЗ деп айтады. Үнемі айтып отырамын «СЕН деп айта бер, бөтен адамдар емеспіз ғой» деп. Жоқ. Келесі келгенде табалдырығымды бірінші рет аттап тұрғандай СІЗ деп қиылып тұрғаны.
Айтаберге тіркелгеніме міне екі айдай болып қалды. Алғашында әрине ешкімді танымаймын, әрі жастарында білмеймін барлық пікірлерімде СІЗ деп жазып жүрдім. Қазір ше?! Қазір барлық болмаса да, көпшілік қолданушыларды танып қалдым. Бәрімен пікір алмасып, жақын араласып кеттім десем де болғандай. Жақын достар таптым. Содан болар СЕН дегенді көп қолданып жүрмін. Өз ойым осы дұрыс сияқты. Кейбір қолданушыларға СЕН деп тіке жазып қойып, «Дәл бір құрдасындай-ақ мұнысы несі» деп ойлап жүрмеңіздер, сіздерді ішіме тартып, жақын санап жүргенім ғой. Әрине ешқашан шектен шыққан емеспін. «Айтабердің Атасы» Жако ағамыздай кісілерді әрқашанда сыйлап, қолпаштап СІЗ деп мәпелеп өтеміз ғой.
Қанша айтқанмен де мәселе айтылған сөзде емес, оны айтып тұрған жүректе ғой. Қалай айтсақ та, қандай түрде жазсақ та шын жүректен болса, ол әр кімнің жүрегінен нақ өзінің орнын табары анық.
Сонымен айтпағым, бөліспек ойым осы еді. Бұл жөніндегі сіздердің де пікірлеріңіз болса Айтаберіңіздер. Қалай болсада біріңізді бауыр санап, біріңізді аға тұтып жүре берейік те.

35 пікір

Madi
Мен де анама сен деп сөйлейтінмін.Қазір сіз деп сөйлей бастадым әрең дегенде шынымды айтсам.
m170785
кемпір мен шалдың баласы болған шығарсыз ))
pana
жақсы жазғансың))мен де ата анама сен деймін, сіз дейтіндерге таңқалам, ал сіз дейтіндер маған таң болады, кім қалай үйреніп өсті сол адам үшін сол нәрсе стандарт сияқты болып тұрады.
qyrmyzy
Әке-шешеме «сіз» деп айтсам да, прикол ұстап, қалжыңдасып, еркелеп жүреді екем. Танымайтын адамдарға менен кіші болса да «сіз» деп айту әдетім. Осындағы жаңадан келген қолданушылардың жазбаларына «сіз» деп пікір жазам. Өзімнен жасы кішілер сіз демесе де, ақыл айтып, қатемді түзеп отырғаны ұнамайды.
Sabions
біз (өз арамыздағы ұлдар) бір-бірімізге СІЗ деп сыпайы түрде сөйлейміз. тек құрдастар емес, өзімізден үлкен жігіттерге сыйластықпен сіз деп сөйлесеміз…
banzaika1990
Дап-дардай жігіттердің бір-біріне СІЗ деп тұрғаны сәпсім бір түрлі ғой. Қызық
Sabions
сыйластық қой ")
m170785
онда тұрған ешқандай әбестік жоқ, бұл түсіністікпен, сыйластықтың нышаны. Жұмыста менен үлкені бар сіз деймін, бір екі жамалас үлкені ба сіз деймін, енді өзіңмен тетелес, яғни құрдастарға сен деймін. Бейтаныс адамдарға сіз деуге тура келеді. Онда тұрған ешқандай біртүрлісі де, әбестігі де жоқ. Мына жерде ғой шәлей шәткей СЕН деп ұрып сөйлей беретін кейбір айтаберсымақтар, бұны мен сіздерге айтып тұрған жоқпын Сен деп сөйлейді деп, өзгелерге басқаларға санасып сөйлесетін бәзбіреулерді айтқаным. Сөйлесуге де құлқының бармай кетеді СІЗ деп қылымсынып тұрсаң оларға, дәлдеп осы деп айтудың да қажеті шамалы, басқалары білер жатар
Togzhan
Түрік лицейін бітірмедіңіз бе?)
Sabions
жо жоқ ") ҚТЛ-да оқымадым
Zhassiko
Менің де бәріңізге «сен» деп сөйлескім келеді, бірақ қыздарға сыпайы түрде «сіз» деп сөйлескен бір жағынан жарасымды, екінші жағынан тартымды деп ойлаймын. Бірақ, жақын араласқым келген, немесе кейде жақын тартып кеткен адамға «сенсіреп» кететін әдетім бар. Ол жағына өкпелеріңіз болмаса екен…
Zhanat
көбіне қыздарға сіз деп сыйлаймын,үлкені де кішісіне де, қыздарға сыпайы жігіттер ұнайды ғой иә?
banzaika1990
Сыпайылық әрине жақсы, бірақ аса қиылып, сызылып тұрғаныңыз тағы келмес. Жігіт болғасын қатқылдық, сенімділік болу керек, біраз дөрекілік те жарасып кетер.
Zhanat
жаңа танысқан қызға сен деп дөрекілік көрсету дұрыс емес. ұшып келіп тұрған қарлығашты үркітіп аласың, менің тәжірибемде солай
Korkem
батыл жігіттер ұнайды
Zhanat
сыпайылық таныта жүріп батыл болуға да болады.
MSHERIMBEK
Мен сіз деп айтамын. Біз жақта сен дейтіндер аз, негізі:)
Korkem
алдамаииии)))
MSHERIMBEK
менің достарымның арасында «сен» дейтіндер шынымен-ақ жоқтың қасы:))
Jako
"Үлкенге кіші сіз десе, жарасатын секілді,
Үлкенге кіші сен десе адасатың секілді"
— дегенді дана Абай айтқан екен. Одан артық бірдеңе айтуға болар ма екен, бізге.
kema
Kim ne dese o desin))) Sizdin orny bolek)) Sypaiylyk)) Syzylu emes))) Siz teksyilasty)) Sen degen tek kurdaska gana tan kylyk)))
m170785
Жако ағама санасып, Тумысынан бірге туғандай Сен деп бадырая жазатынын айтсаңыздарш
zhurttyn_balasy
Сіз деп сөйлеймін әке-шешеме. Сен деп айтып қалсам жаман ыңғайсызданып, біртүрлі боламын
kema
ai osy jurttyn balasynan uirenbeisinder me?!!)))
Begimzhan
Ата-анаға «Сіз» деп құрмет көрсеткен дұрыс. Мен де, бауырларым да сіз деп сөйлейміз. Бірақ, бауырларым маған сен дейді. Достармен де сен деп сөйлесеміз. Ата-анасына сен дейтіндерге мүлдем қосылмаймын. Бұл сыйластықтың ерекше түрі деп өзін алдаудың қажеті жоқ. Ол ешқандайда қазақ мәдениетіне жатпайды. Бұл жаһанданудың салдары…
AKA
Әкеме: «Папа, шәй іш» десем… елестете де алмаймын. Көп адам «сіз» дегенді мені кәрі санап не үлкен кісі көретіндей айтады деп ойлайды. Өзім «сіз» дегенді жиі қолданамын, құрмет, сыпайылық, сөз әдемілігі үшін.
miko_muslim
Мен сіздермен келіспеймін. Себебі, орыс халқында «сен» деген сөзді жақын адамдарга айтады. Ал қазақтарда ондай түсінік жоқ. Құдіретті Алла Тағала «Мен жалғыз болғандықтан-сен, ал адамдар коп сол себепті оларға-сіз деп сойлеу керек» деген. Мен бәріне бірдей «сіз» деп сөйлемін деп айта алмаймын, бірақ соны үйренуге барынша тырысып журмін.
korwinin_kyzy
англискеде улкендергеде кішілерге де «ЭЙ Ю» деп айтады
Jako
Айтабердің Атасы» Жако ағамыздай кісілерді әрқашанда сыйлап, қолпаштап СІЗ деп мәпелеп өтеміз ғой.

Сен деп жатсаңдар да өкпелемеймін, менде өкпе жоқ, бәрі бауыр.
yesbolat83
Әрине, жасы үлкендерге, ата-анаңызға Сіз деп сөйлеген сыйластықтың, сондай-ақ, мәдениеттіліктің нышыны. Есте сақтайық, адамдардың әрбір сөздеріне мән беретін жандар да кездеседі бұл өмірде. Үлкендерге сыйлы, кішілерге үлгі боп өткенге не жетсін.
m170785
Мен кемпірдің баласы болған соң, о дүниелік болған соң, кейін әке шешеме сіз деп кеткенмін бұрындары. Сіздің орны ерекше
bekzada
Қайырлы кеш, сіз деп бөтендерге, танымайтындарға айту деп санау қате, менің ойымша.
Өз басым ата анама сіз деп сөйлеймін, және бұл маған олармен қалжындасуға бөгет емес, арамыздағы қарым қатынас «керемет»тен жоғары! Біреу сізге сен емес сіз десе қандай құлаққа жағымды, жылы естіледі!=)
m170785
бұны түсінетін адам қандай жақсы, сіздей кең пейілді адамдар молая берсін
Ak123
Мен ата-анасына «сен» дейтіндерге мынадай түрмен қарайтыным бар еді))))қазір үйреніп кеттім)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.