Сенем....

Өз ойым /
Маржанның шығармасына ұқсат кеткені болмаса, өзіме ұнады.
Байқамадың сезімімді менің саған деген. Өте бердің қасымнан қол ұстасып басқа қызбен. Өртеніп лапылдасам да, жүрегім «Сені» ойлап жалындаса да сендім маған оралар деп.
Көрмедің қасыңда тұрған арудың саған деген сезімін. Сендің тек сен аймалаған қыздың саған деген алдамшы сезіміне. Біле тұра үндемедім, сендім маған оралар деп.
Сағынбадың түндерде сені ойлап қиялға берілгенде мені. Таңды атырдың сол бір сезіміңді ұрлаған қызды ойлай. Қинамадым өзімді, сендім маған оралар деп.
Үндемедің саған хабарласқанда мылқау адамша. Сөйледің сол қызға сезіміңді арнап. Қорықпадым кетер деп мені тастап, сендім маған оралар деп.
Жауап жазбадың менің ешбір хатыма көрмейтін адамша сол бір сезімім білдірілген хатты. Көзіңнің майы тамғанша жаздың сол қызға арнап өлең. Мазаламадым сені, сендім маған оралар деп.
Қорықпадың айтудан маған мені сүймейтінімді. Қорықтың ол қыз ысырып тастайды деп сенің махаббатыңды шетке. Кінәлауымды тоқтаттым өзімді-өзім, сендім маған оралар деп.
Жыламадың мен жылағанда түндерде сені ойлап. Жыладың ол қыз сені тастап кеткенде сенен жырақ. Ойламадым, кетер деп соңынан еріп жай ғана сендім маған оралар деп.
Айтпадың менің сенің жүрегімдегі орнымды. Айтудан жалықпадың ол қызға сендегі сезімді. Өз-Өзімді жылатпадым, сендім маған оралар деп.
Келдің бағыма «Мендік» болып қайтадан. Сені ойлағанымды, қасымда тұрсаң да сағынғанымды, қызғанғанымды сол қыздан, сезіміме ерік беріп жылағанымды-ұмыттым. Бәрін ұмыттым, сені де ұмыттым.
Ойламадың мені бір сәт көңіл бұрмай ешкімге бірақ, сендім, сендім маған оралар деп. Ойлап жүріп еніп кеткенін байқамаппын «Махаббат» атты Ұлы сезімнің жүрегіме.Сені тастап мен де кеттім. Бірақ, сенем, сенем маған оралар деп.
Әшейінде проза жазбайтын ем. Шабыт жеңгем келіп қалған-ау шамасы.

2 пікір

pari
Мынау Көркемнің байқауына келеді екен.Мынамен байқауға қатысуға болады!
Тақырыбы: «Сенем» мүмкін «Сенемін» шығар… "ін"-ді жеп қойғансыз
Korkem
шатскетткен, басы жоқ, аяғы жоқ, иесі жоқ, мәні жоқ, мағынасы жоқ… жалпы байқауға жарамайды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.