Қолға су құю

Өз ойым /
Жалпы үйге шақырылатын қонақтық немесе садақа болсын (Аллам садақаны басқа салмасын!) үй жағдайында шәйдан шыққан да, астан шыққанда үлкен кісілердің қолына су қояды.Мен бүгін бір ағайын әжемнің садақасына барып келдім.Сонда Үйдегі шәйдан, астан шыққан үлкен кісілердің қолына су құйып тұрдым.Су құйғанда өзімді өте тамаша сезіндім.Өйткені су құйған сәтте, су құйып болғасын үлкен қарияларымыз,әжелеріміз, аға-апаларымыз өзінің тілек-батасын беріп жатты.
-Өркенің өссін айналайын.
-Бақытты бол шырағым.
-Сау бол,-деген жас ағамыздың сөзі.
-Көп жаса қарағым.
-Таудай бол.
-деген тілектер қарша жауып жатты.Осындай тілектерді есту бақыт емес пе ?
Қолға су құю мен үшін бір салт-дәстүр секілді.Сөйтіп молданың тілегін алдым.Жалпы негізгі ойым, айтпағым-Бата-тілек естіп өскен баланың болашағы зор болады деп ойлаймын.Сондықтан достар су құятындай жағдай болып жатырса, ондай міндетті менсінбей су құюдан қашып жүрмеңіздер.Керісінше үлкен адамдардың қолына су құюға асыңыздар!

27 пікір

Ais_97
Сағыныш сен бір жақсы бала екенсің, жақсы тәрбиеден дұрыс бұның, кері татпай үлкен кісілердің батасын алу бір ғанибет қой, жарайсың, сені құрмет тұтамын!!!

pari
жаным рахмеет, гүліңңе де үлкеен рахмеет" Жаным-
Korkem
Жаным
махаббаттарың баянды болғай)))
qyrmyzy
ахаха, батаңызды беріп кетіңіз енД жап жастарға
pari
ОМГ!(Қырмызы апамның сөзін ұрлағаным үшін кешірім сұраймын ық ық)
qyrmyzy
біраз үлгі боватыр екенбіз ғүӘ
Ais_97
Оқасы жоқ жаным!!!
pana
дәәәу жігіт бол)
hunter94
жоғарыда жазылған тілекті аптасына 3 рет естиім
мен үшін соның өзі бақыт
pari
иә, тілек естіп бақытқа бөленгенге не жетсін шіркін!
qyrmyzy
Онда санда әкеме құямын. Уот, тілектері тема! Қайта қайта құйғың келе береді:)
pari
иә, құя бергім келеді,құя бергім:)
hunter94
осы жаңа ас жедік қолға су құйық тағы бақытқа кенелдім
pari
Ал, сізге айтылған тілектер қабыл болсын!
MSHERIMBEK
Су құю, аталардың кебісін дұрыстап беру… Эээх, ауылды сағындым. Ондай тілектерді естігенде мен де қатты қуанам:)
Негізі, батамен өскен адам қор болмайды, так держать:)
pari
керемет келдіңіздағы, шоқалақ жолға түстіңізбғ орысшамен барлығын бүлдірдіңіз Сәке? тоймай қалдым пікірге, шамалы оңдамайсыз ба Сәке?"Қазақпен тек қазақша сөйлес"
MSHERIMBEK
Онда былай аяқтаймын:
Негізі, батамен өскен адам қор болмайды, тәк держәт, маладес:)
pari
тәк держәт Сәке қазақшасын салып жіберсеңіз
MSHERIMBEK
Kazakh Language with Pari:
Так держать — Осы қалпыңнан тайма!
Так дер-жать — Осы қал-пың-нан тай-ма!
pari
хехе Сәке Сәке
Korkem
Өркенің өссін айналайын
деген тілек ұлдарға айтылмайды. Бірақ, оның мәнісін білетіндер аз. Естіп қалып, аса мән бере қойған жоқ едім.
pari
Өркенің өссін айналайын
деген тілек ұлдарға айтылмайды.
мүмкін Шымкент жақта солай шығар, ал батыста мұндай тілек ұлдарға да қыздарға да айтыла береді.
Korkem
Қазақ тілі мен қазақ батасы Шымкент, Батыс деп бөлінбейді, бөлінетін адамдар болмаса…
pari
керісінше сіздер жақта қызық екен "Өркенің өссін айналайын" деген сөзді бөліп айтып тұрғаны маған қызықты болып тұрғо. неге ұлдарға айтқызбайды екен, бата ортақ емес пе?
Korkem
Сені қызықтырғаны дұрыс-ақ, дегенімен оның да тереңінде жатқан өзіндік себебі бар болар. Сен үшін сұрастырып, болмаса іздеп жазармын себебін.
dimash
- Таудай бол!

Гигантизм… акромегалия… (әзіл)
Көбіне көп жас балаларға жүктелетін жұмыс ғой.
Естіген тілектерін қабыл болсын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.