Барлығыңыз оқысаңыздар деймін!

Өз ойым /
Барлығына салем! Бүгін бір бір іске деген шабытпен жазып отырмын. Бұл ойларды 1 парда, таң ертең жазып отырмын. Бұл жайлы колледжге келе жатып ойладым. Мен жаңа ештеңе тапқан жоқпын. Бұл басқа мемлекеттерде жақсы дамыған. Мүмкін флуд дерсіздер, онда мен мұндай флудтың саны тек көбейсе екен деймін. Мен мұны өзім жалғыз орындай алмаспын, инет арқылы команда құрып алсам жақсы болатын еді.
Іске келетін болсақ, мен адамдарға көмектескім келеді. Көмегім неде болмақ, әлеуметтік көмек саласына өз үлесімді қосқым келеді. Кімде, менікі сияқты ойлар болса маған жеке хат жіберуін сұраймын. Алматы қаласында біршама істер жасайтын едік. Бұл жақсы идея деп ойлаймын және бұл идея менің ойларымның басым бөлігін алып жатыр!
Иншалла бұл идея, жай ғана идея боп қалмаса екен деймін.
Бүгінге осы, істің алға жүруын немесе болмауын уақытымен жазамын.

P.S. Менің ойыммен келісіп жұмыс жасаймыз деген 6 адам бар. Әзірге осы…

46 пікір

Kokbori
Мысалы нақты қанадй істер
басын бастап жазып қойсаңыз түсініктіде әрі әсерлі болар еді.
Daka_sss
Менің 1 йым балалар үйіне көмектескім келеді, соған адамдар жиналып, кімнің шамасы келеді солар аянып қалмайтын шығар деген үмітпен, мысалы Германиядағы бір жас балалар жиналып, қаланыі барлық супер маркеттерінен көмек сұрап, бірталай адамға көмектескен!
Kokbori
Daka_sss ісіңе сәтілік керемет іс!!!
akmaral
негізі керемет идея*), игі бастама..әттең, Ақтөбелікпін, Алматыда тұрғанда міндетті түрде…
Daka_sss
Сізге мұны Ақтобеде істеуге ешкім кедергі емес)))
akmaral
білем,әрине*)
Baha_07
Іске сәт… Алла ісіңізге берекет берсін…
beko
Ісің алға баса берсін достым… Биіктерден көріне бер…
dimash
жақсы ой… Тек мен Алматыда тұрмаймын. Ойланарлық болғанымен қазыр жастар (көпке топырақ шашпайын, менің достарым) бұндай ПОДВИГКЕ зауқы жоқ. Оларға осы ойды айтсам «Кейін бизнисмен болсам көмектесермін, қазір мемлекет көмектессін» деп жауап берері сөзсіз. Негізі өзімнің де ойым осы.
Daka_sss
Иа, менің ең жақын достарым ғана келісті әзірге. Көмектесу үшін миллионер болудың керек емес. Барлығының ойлары «моя хата с краю, ничего незнаю» деп, болып жатқан жағдайға көңіл аударғысы келмейді
MSHERIMBEK
Бауырым, біз ондай нәрселерді ұйымдастырғанбыз алдын! Ай-сайын жетім балалар үйіне барып тұратынбыз кішігірім сыйлықтармен. Әрқайсысымыз өзімізге іні, қарындас, сіңлі тауып мәз болатынбыз. Өте дұрыс нәрсе.
Әділет деген жас баланы інім деп үнемі барып тұратын едім… Мектеп бітірген соң жолым түспей кетті. Сағынып кеттім өзін...:)
Daka_sss
Осыны жаңғыртсаңыз қалай? Опыт бар дегендей))
MSHERIMBEK
Әттең Қазақстанда емеспін бауырым! Болашақта сайт аудиториясы көбейгенде осы жерден де ойыңа көмек қолын созып қосылатындар табылады бауырым! Аяққа тұрып алайық, мына ойыңның жүзеге асуына атсалысамыз!
Yasin
Жетім көрсең жебей жүр деген Аллаһ ата анасынан айрылғандарға сіздер сияқты жомарт жандарды көбейте берсін
Daka_sss
Иа, ондайлар бар болса, менімен хабарлассыншы))
calendula
КТК телеарнасынан болатын "Қыз қылығы" бағдарламасында танысуға келгендердің айтатын сөзі есіме түсіп кетті ғой.))))
Daka_sss
сізге қандай іс болса да, келеке мазақ қылып кету керек, бұл троллингпен айналысу қандай пайда?
calendula
Мені білмейсің және маған «мазақ қылып кету керек» деген не сөз? Бір-ақ нәрсе айтамын, не нәрсеге болсын позитивпен қарай біл. Егер, жақсы іс жасағың келсе, әр нәрсенің жаман жағын ғана емес, жақсы жақтарын көре білген мақұл.
Daka_sss
жетім балаларға көмек дегенде, қыз қылығын көрсетіп отырсыз ба? салыстыруыңыз орынсыз!
calendula
Мен салыстырған жоқпын. Бұндай мінезіңмен сен қалай көмек көрсетпексің?! Егер көмек көрсеткің келсе өзіңнен баста! Яғни, өзіңе жиһад жариялағаның дұрыс болар, мінезіңе қатысты. Соншама кек сақтап, жай ғана қоя салсаң болмайтын ба еді? Сіз деп, жай ғана күліп отырсам тіптен шектен шықтың ғой.
Пысы: мен сен секілді минус қойып өзімді өзім төмендеткім және жеңілгеннің ісін істегім келмейд.
Daka_sss
бұдан былай менің посттарымды оқымай ақ қойыңыз, ал оқысаңыз жөнді коммент жазыңыз, мне нужна здоровая критика. және сіз деген сөзді бір комменттен оқыған жоқпын
Armanjan
Дака_ыс ыс ыс, ішің пысып қатты ерігіп жүргенге ұқсайсың!
ereke_enu
Дака жарайсың, іске сәт! Алла разы болсын! Біздер Ақтөбеде Алғадағы балалар үйіне, Астанада Первомайский селосында балалар үйіне көмектескенбіз. Алайда, олар ақшалай сыйлық, т.б. материалдық нәрселерге қатты мұқтаж емес. Оларға ең бірінші ата-ананың махаббаты жетіспейді. Ол жерде атмосфера мүлдем басқаша, басқа заңдар. Сондықтан, сол жағына қарай амал қылған дұрыс па деймін.
Daka_sss
иа, оларға көрсету керек олар жалғыз емес. мен де балалар үйіне барғам достарыммен. олар сыйлық алғанына қатты қуанып, сыйлық қандай болса да. содан байқағаным оларға внимание жетіспейді.
ereke_enu
Мынадай идея(бұрын бір сайттан оқыған едім): Бір топ ерікті адамдар жиналып, балалар үйіндегі балалармен почта арқылы хат алмасып тұруды, байланысып тұруды ұйымдастыру.(агент арқылы емес-ескерту) Балалар үйінің түлектері көбіне бомждарға айналатын білетін боларсыздар. Жалпы мемлекеттік емес балалар үйінің түлектерін қолдау орталығын ашса жақсы болатын секілді.
Moldir_96
Мынау бір жақсы идея екен!) Істеріңізге сәттілік! Мен Алматыда тұрсам… бұл қайырымдылық ісіне қатысушы едім… Дегенмен, болашақта Астанада да бұл істі қолға алуға барынша тырысып көремін!) Алла жар болсын! Бастаған істеріңіз оңтайлы нәтиже береді деген ойдамын… Іске сәт!!!
ereke_enu
Мен Астанадамын) Бастайық)))
Moldir_96
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деуші еді… біраз адамдар жинап алғанымыз жөн))
ereke_enu
Дұрыс айтасын) Блог жазсаншы онда осыған байланысты. Менің қазір қолым тимей тұр.
Moldir_96
Осыған байланысты блог бар ғой… Дәулет жазыпты))
Daka_sss
міне осы ғой айтарым)) бірін бірі тауып достарыңды, таныстарыңды шақырып істесеідер керемет емем па? іске сәт!
Moldir_96
иә, керемет болар еді...) Рахмет! Сіздерге де сәттілік!!!
Baha_07
Жақсы ой… келісем… көмекке мұқтаж жастар көп қазір...әсіресе ата-анасынан айырылған, белгілі бір себептермен ауырып немесе мүгедек боп қалған, т.б. жастарға көмек көрсету… олар мемлекеттен көмек ақша алады… бірақ оны өмір бойы бермейді ғой үкімет… мектеп немесе оқу орнын бітіргесін, жасы 18ге келгесін олар еш көмексіз жападан жалғыз қалып қояд… міне осы сәтте олар сіздердей, біз сияқты адамдарға мұқтаж болады, қоғамнан көмек күтеді…жұмыс істегісі келетін, оқуға түсіп маман боп шығам деп жүргендері қаншама?! тек қолдаудың жоқтығынан белгісіз бір жерлерде жүр… Астанада сондай көмек тобын ұйымдастырамыз дейтін адамдар боса мен қуана қуана келісем…
konvict
Ойыңды кішкене ашып жазасың ба? Мен жазба не жайлы екенін толық меңгереалмадым
Baha_07
Қазіргі кезде көмек қажет ететін жастар көп қой… соларға көмек етсек деймін… мәселен оқу орнын бітіріп бірақ сүйеніш, қолдаушының жоқтығынан жұмысқа тұра алмай жүрген жас қаншама?! соларға бағыт бағдар көрсетіп дегенди…
konvict
Жоқ, мен сенің ойыңды түсіндім астындағы пікірлерді оқып. Менің айтпағым жазбаңды оқыған бетте бірден түсінетіндей етсең деген ізгі тілек
Baha_07
ааа… досым мұны мен жазбадым… мен жай комментарий жазып отрған өзің сияқты коптің бірімін ғой…
Daka_sss
негізі балалар үйіндегі кішкентай балаларға көмек беру деген сияқты, себебі олардың көбісі дұрыс жолды таңдамай, теріс жаққа көңілі ауып кетеді, өмір жайлы түсінігі дұрыс болмайды. бала күнінен қамқорлық көрсе, тек жақсы істер жасайды деген үмітпен. негізі материалдық көмек қана емес, олармен сөйлесіп, назар бөлгенде көмек сияқты…
Baha_07
әрине… дұрыс ой...қолдаймын…
ardak1996
керемет жақсы ой! Қазіргі адамдардың қатігездігі ме балалар уйінің балаларынан қорқады, сол жаннан өтіп бара жатырғанда айналып өтеді.Бейне бір жетім балалар адам өлтіретін жауыздай қорқады, балалаларын жетім балалалардан аулақ ұстайды… неге? себебі жетім балалалар тәрбие көрмгеен деп ойлайды… Көмек беруге келісемін! тамаша идея!
mairosh
Дака сізді қолдауға болады. Жалпы идея керемет. Балалар үйіне көмек тесу керек деген сөзіңіз мағанда әсер етті. ҚҰдай қаласа бәрі де орындалады. Сізді қолдаймын. Сонымен қатар қарттар үйіне де көмек көрсетсек деймін
Guka
Бұныңыз жақсы идея екен! Көмек беруге дайынмын, әрине! Бірақ өкінішке орай Ақтаудамын… Ақтаудан бұл оймен келісетін адамдар болса, іске кірісе беруге болады деп ойлаймын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.