Ты кто такой? Давай, до свидания!

Өз ойым /
Біз үйде екеу едік. Мен және інім. Мен компьютерге тіреліп, қадалып отырмын. Ал, інім үй ішінде ары-бері шауып, көз алдымда ойнап жүргені сол еді, бір кез «Шаян, ШаяЯяЯн, есікте шаян тұр!!!» — деп жетіп келді. "Құдой-оу, шаяны нес?!" — деп, қолыма екі тәпішке ұстап, колидорға жақындап бардым. Шаян деген соң, «Кәні, шаян, кәні?» — деп, қабырғаға қарай берем, қарай берем. Аузым аңқайып, полға көзім түсіп еді, жерде оратылып сары жылан маған қарап тұр екен. Жыланның ызғарлы суық түріне жау көргендей, еріксіз «ВааААаа!!» деп айқайлап жіберіппін...Үй іші жаңғырып кетті. Есікті тарс жауып қойдым, ал жылан сол күйі колидорда қалды. Сол кезде «ЖануароФобиям» ұстап қалғаны болса керек, үйде үлкен ер кісі болмағасын, үсті басым тітіркеніп, аяқ қолым дірілдеп, үй ішінде інім екеуміз, бір-бірімізге қарап, қамалып қала жаздадық.
Інім жыланды туылғалы бері көрмегесін, шаян демей қайтсін.Өзі 3,5 жасқа беттеді. Ал, мен болсам, ебіл-дебілім шығып, ініме қарай беремін, қарай беремін..(қорыққанымнан, бір жағынан, інімді шағып алмағанына Құдайға мың тәубә!)
"Қой, бұным болмайды!" — деп, бар ерік жігерімді жинап, басыма мотоциклдің шлемін, үстіме тон, қолыма былғары қолғап, аяғыма пима киіп, орнымнан тұрып, колидорға жақындадым. Жаңбырда жыланды қандай жел айдап келгені белгісіз, әсте үйге шақырусыз келген қонақтарды жатырқа қараймын, осылай.
«Түсіңде жылан көрсең, өңіңді ғашық боласың» деуші ме еді, қалай өзі?! Өңімде сары жылан көріп, түсімде біреуге ғашық болсам игі еді.
Сонымен, не керек, інімді бөлмеге қалдырдым да, қолыма әжемнің сүйеніп жүрген ескі таяғын алдым да, көзімді жұмып, жыланды сабай бердім таяқпен, сабай бердім, сосын ұрдым. Қысқасы, көзіне көк шыбынды үймелетіп жібердім. Ағашпен сүйреп шығарып, адам жүрмейтін жерге лақтырып жібердім. Менің таяғыма шыдай алмады-ау деймін, басы мыжылып қалыпты, бірақ денесі жыбырлайды.
Біраздан кейін хабарын біліп барсам, қарны аш болғасын ба, өліп қалыпты, көзінде көк шыбын үймелеп тұр екен, Уәләқ!!..
Көшеде өткен-кеткен, "Үйден сары жылан шықса, — жақсы" — деп, өтіп бара жатыр. Мен де жақсылыққа баладым, Иншаллаһ.
Міне, айтсам сенбейсіздер, мынау үйден шыққан сары жыланның суреті.

Мынау әжемнің таяғымен сүйреватқан кезім.

32 пікір

Zhassiko
Жаңа болған оқиға, асықпай тез-тез жазып үлгердім.
Ais_97
Салем Жассико жыланнан қорықпадың ба?Қызық оқиға екен, айтпақшы суреттері көрінбей тұрғой!
Zhassiko
Сәлем.)) Үйге біреу-міреу кіріп қалса, соларды шағып алмаса екен деген қорқыныш болды, көзімді тарс жұмып, сабағанымды қайтсін, бәрібір де жыланға обал болды.
Суреттер кейін көрсетіп қалар, біраз қуып отырған сияқты, не дегенмен «Сабыр түбі сары алтын!»
Ais_97
Мен сенің орныңда болсам ана жыланның басынан сүт құйып жіберер едім, негізі жыланды өлтіруге болмайды дегенді естігем.
Zhassiko
Негізі мен де өлтіремін деген ой болмап еді, ғайыптан тайып солай болып қалды, сол кезде сүт те үйде болмағанын қарашы, енді түсіме кірмесе болғаны
AKA
Әдемі жеткіздің, әсерлі, күлкілі сәл қорқынышты да болды. Жарайсың! :)
Zhassiko
Рахмет.)) Зообаққа бармағалы көп айдың жүзі болып еді, алдыңда уы бар жылан мықшыңдап тұрса, зообақтан алған әсерден де күшті болады екен.
Karakulov
Иә...) әсерлі екен, расында, әңгімеңіз. Мына жақта отқан менің де «ЖануароФобиям» ұстап кетті
«көзімді жұмып, жыланды сабай бердім таяқпен, сабай бердім, сосын ұрдым» деген сөздерді оқығандай, «молодец, давай-давай, тағы-тағы!»-деп отырдым.)))
akil_kalta01
Әжетеуір қып-қызық оқиға болған екен. Қастарыңда сол сәтте болғанымда ғой… Әсіресе жыланның көзіне көк шыбым үймелетуге әрекеттенген сәтің тіптем қызық екен. Тағы бірдеме-шырдеме өлтіргелі жатсаң хабарлас! :)))))

Айтпақшы ШаЯЯн демекші, інім бір күні бұзауды көріп кішкентай сиыр-деп, ішек-сілемізді қатырғаны бар.
Korkem
Суреттерді түзулеп қойшы, ашпайды.
Zhassiko
енді көріңізші…
zhurttyn_balasy
Енді бітті, болды енді, ана жыланның сыңары өш алмай қоймайды. Сен байқап, абайлап жүр, дұрысы ол ауылдан (қаладан) көшіп кету :)
Korkem
ойбууу жыланның бәрі кекшіл емес, ол Ордалы жыландар ғой кектенетін.
пы/сы: Жұрттың баласының да білмейтіні бар екен ХД)
Zha
Хехехехе агенттегі есіндеме, сенің басына келді))))
Manas
о, Жасико өзіңіз мықты қыз екенсіз))
«ВааААаа!!»
оқып жатып өзім шошып кеттімғо
ardak1996
Керемет, өте керемет жеткіздің.Осы приключениелерді жұрттың басына уйіп-төгіп береді екен.
VVVWWW
Байғұс жылан-ай, өте аяп кеттім (қолмен ұстап ап жәймен далаға шығарып жіберсеңіз болмас па еді) Негізінен жылан жұрт ойлағандай емес өте бейкүнә мақұлық (өзім жақсы көрем), қолмен ұстағанда немесе денеңізден жылжып бара жатырғанын сезінген бір ерекше әсер қалдырады (нанбасаңдар ұстап көріңдер)
Бірақ жазбаңыз жақсы, (ойыңызды тамаша жеткізгенсіз)
Korkem
Мынадай тамаша пікір күтпеп едім, ал өзімнің батылым барған жоқ еді )
qyrmyzy
мяяя, неткен ерлік:) Жылааннан қаттыыы қорқам, соңғы рет қашан көргенімді білмеймін. Маддис. Ана суреттердің ашылмай тұрғаны жақсы болды ше:)
mrkmbai
Тақырыпты өлтіріпсің )))
qyrmyzy
ыхыхыхы, нестедім?? На жылан кеше түсіме кірді. Семіріп кетіпті өзі. Сап сары… бүгін ұйқтауға қорқып отырм:(((
Madi
ұйықта. қорықпашы.
Karakulov
әлгіндегідей, басқа каска, аяққа боти, үстіге тон, қолға таяқ ұстап ұйықтаңыз енше))
qyrmyzy
вахаха, ондай заттар біздің үйден табылмайды… тіпті әженің таяғын өмірімде ұстамаппын
Zhassiko
Ұжс, менің түсіме де кіріп, таяқпен қуып шығарған едім, сіздің түсіңізге қонақ болып барыпты ғой.
followme_alik
Ұжс x2 _____ менің түнгі түсімдегі эпизодта питон көрінді… ненің белгісі екенін сұрамай қояйын)
qyrmyzy
ыхыхых, әкет!
followme_alik
кім, нені әкетсін ..)
m170785
жарайсыз, батыр қыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.