Ағам жайлы...)

Өз ойым /
Бала күніміз. Екеуіміз қораның төбесінде шөп жинап жаттық. Ұзын ақ арқан болатын, шөп арасынан шыға келді. Оны көріп қалған ағамда керемет идея туындай қалды.
— Мә, сен арқанды ұста, мен альпинист болам — жіппен қораның қабырғасын бойлай түсемін. Мені біртіндеп жіпті босатып, түсіріп отырасың, — деді. Расында, идея керемет, маған да ұнай кетті. Ағам арқанның бір ұшын беліне мықтап байлап-матап алды, екінші ұшын маған ұстатып қойды. "Қатты ұстап тұрсың ба? Жіберіп қойма!" деп ескертіп қояды. Мен басымды изеп, екі аяғымды мықтап шөпке «тіреп» алдым.:)
Ағам сәл жиналып алды да тау боп үйілген шөптердің шетіне жақындап, теріс қарап секіре салды. Жәй-жәй түскен жоқ, қайталап айтам секіре салды. Вертолеттен спецназдар секіреді ғой киноларда… ымм тура сол сияқты. Ал мен мына жақта бар күшіммен жіптен айырылып қалмауға тырыстым. Бірақ, ешқандай күш түспеді, ал «батыр ағам» болса жерге ыңқ еткен үнмен, арқасымен келіп жабысты да қалды.
Сөйтсек, жіптің ұзындығы кемінде 15-20 м, қораның биіктігі 2,5-3 м болса, шөппен қоса +1-1,5 м қоссақ барлығы 3,5-4,5 метр биіктік екен. Ескермеппіз ғой ол жағын)))
Төбеден қарап тұрмын қобалжып… ағам үнсіз жатыр… Сенімсіз дауыспен жаймееен ғана «ағаа» деп сыбырлап қоямын. Біраз үніздіктен кейін ғана жаймен қимылдай бастады, «ыыыыыыхххх» деп ыңырсып, көздері жұмулы күйінде бір қырына аунап түсті. Қарасам, мәссаған, жерге бір қыш көміліп, бұрышы шошайып жоғар қарап тұр екен, соған қадалыпты ғой, байғұс ағам. Қатты аяп кеттім. Одан кейін альпинизмге оралмадық.

12 пікір

followme_alik
Мораль: Ойыннан өрт шығады.

Қыш деген не?…
Karakulov
өртелген кірпіщ, тастай қатты, жжоный деуші ме еді, әлде бжоный ма… сондай) бұл оқиға ең кеші ағам 6, мен 5 оқығанда болған.
followme_alik
ғығығы_ Сол сәтті жеткізе алдың. Рмт.
akil_kalta01
Досым-ау «бжонный» дегенді қайдан шығардың :)))))))
Karakulov
ойй, осы күнге дейін айыра алмай келем. Ешкім естімесін! )) басында тек қана бжоный деп жазғым келген, ЖЖоный деген сөзді сенімсіздік танытып жазған ем қайта))
pana
Сенімсіз дауыспен жаймееен ғана «ағаа» деп сыбырлап қоямын.
осы жері күшті))
Karakulov
ухтиии)) тура осы жерді «сезімтал нәзіктерімізге» ұнап қалады-ау деген оймен нақтылаған едім.
AKA
жіптің ұзындығы кемінде 15-20 м, қораның биіктігі 2,5-3 м болса, шөппен қоса +1-1,5 м қоссақ барлығы 3,5-4,5 метр биіктік екен. Ескермеппіз ғой ол жағын)))
Қалай-қалай, түсініксіз боп кетті маған?!
zhurttyn_balasy
арқан ұзындығы 20м, 3м қора биіктігі, шөп анау мынаулар 1,5м
20м — (3м + 1,5м) = 15,5м артық
AKA
Енді? Артық болса қайта мықтап ұстап тұруына ыңғайлы емес пе?
Jako
Балалық деген шалалық қой,қазір болса ойланып істер еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.