«Ырымшыл көгершін»

Өз ойым /
Емтихан тапсырып жүрген кезде өзіме сәтті деп таңдап алған қаламсабымнан айырылған жоқпын. Және емтиханы әлі өтпеген сабаққа қатысты қандай да бір материалды (дәл соны оқымасам да) жинап тастамай жүрдім. Тағы да бірнеше осы сияқты «ритуалдарым»бар))
Ырым-тиымға сену жасты да, білімді де,әлеуметтік статусты да таңдамайды. Және бұл тек адамдарға ғана тән емес. Психологиядағы бихевиоризм бағытының ізашары ретінде танымал Скиннер деген ғалымның «Ырымшыл көгершін» деген мақаласы бар. Оның көгершіндері әр 15 с сайын тамақ түсіп тұратын торға орналастырылады. Тамақ берілер алдында жасаған әрекетін бар күшін салып қайталай түскен осындай сегіз көгершіннің алтауынан ырымшыл әрекет байқалған.
Және таңертең шайыма тосап салғанымда шиелердің саны маған ұнайтын сан болса, күн жақсы өтеді екен деймін. Солай болады да) Өзін-өзі ақтайтын сәуегейлік деген бар. Жағдай осылайша өтеді деген сенім сол тенденцияны арттыра түседі. Мынандай жағдай болған. Мектеп оқушыларының бір тобын мұғалімдерге интеллект тестінен жоғары балл алған, алғыр оқушылар деп келесі бір тобын төмен балл жинаған оқушылар ретінде таныстырған. Оқу процесінің қорытындысы бойынша алғашқы топ жоғары, екінші топ төмен бағаларға ие болған. Ешқандай интеллект тесті өткізілмеген, оқушылар кездейсоқ таңдалғанын біліп отырған боларсыз. Мен осы уақытқа дейін мұндай тесттерден өтіп көрмеппін. Ақылды басқа ортаның адамы жасаған тестпен өлшей салу жеңілтек ой болып көрінеді. Әрі мен қалағандай қорытынды шықпай, көңілімді түсірмесе деймін. Жә, ырым жайлы айтып бастап едім ғой. Жалпы қауіпті жұмыспен айналысатындар ырымға көбірек сенеді екен. Ал менің сенетіндерім маған күш пен сенім қосатын болса, мен олардан айырылғым келмейді.

Әпкем жақында тиын сыйлады. Қай елдікі екенін білмеймін, 1992 ж шығарылған, арыстанның суреті бар) Маған сәттілік әкеледі деп ырымдап, әмияныма салып алдым!
Ал Сізге қандай нәрсе сәттілік әкеледі?

38 пікір

alikona
Мен де дәл сіз сияқты ырымшылмын, мәселен бүгін бір оңалған, сәтті кұнім болса, сол күні киген киімдерім сәттілік әкелген деп сендіремін өзімді… Сосын бір жылы шаш әшекейімді жастығымның астына салып жатып едім сол күндерімде неше түрлі шытырман оқиғалар басымнан өтті))
pana
оо, сәтті шарфым бар)
AKA
Ол адамның ішкі сенімі деп есептеймін. Осы турасында бір кино көргенмін, аты есімде жоқ: ошым, ерлі-зайыптылар бақытты ғұмыр кешіп жүреді. Бір күні күйеуі қатты ауырып қалады, ешқандай ем қонбайтындай болады. Дәрігерлер де көмектесе алмайтын болған соң, аз ғана өмірі қалды деп үйіне шығарады науқасты. Сонда әйелінің шыдамдылығына, махаббатына таң қаласың, ауру күйеуін өзі-ақ емдейді сонда. Кейде мұндай жағдайда күйеуін тастап кететіндер болады ғой, бірақ бұл әйел тастамайды, тіпті одан бала сүймесе де. Оның жанына демеу болып, өзі қиналып, жүрегі қан жыласа да күйеуіне көрсетпейді. Оның көңілін аулайды, кітап оқып береді, серуендейді, ошым ауру адам екендігін ұмыттырады. Бірақ, күнде бір мезгіл дәрісін ішкізіп отырады. Күйеуінің көңіл-күйі көтеріліп, күн өткен сайын жақсара түседі, дәріні де «ем болсын» деп, әдемілеп ішкізеді. Соңында күйеуі ауруынан айығады, бірақ дәріден емес, өзінің ішкі сенімінен, ауруды ұмыттырған әйелінің арқасында. Сонда ең соңында әлгі әйел күйеуіне айтады: «Мен берген дәрінің не екенін білесің бе, онда қара» деп, кәдімгі суға қантты ерітіп ішкізеді. Сонда күйеуі осынша уақыт бойы кәдімгі су ішіп келгенін біледі. Сонда адамның өз ішіндегі сенімін әйелі оята білді, оны өмір сүруге итермеледі, қолдады, ауруын ұмыттыруға көмектесті. Кейін балалы болады, махаббаттары берік бола түседі. Ошым, керемеееет кино енді, бұрын көргенмін, қатты ұнаған. :)
Zhanat
менде осыған ұқсас бір кино көргем, онда әйелі күйеуіне суға қантты езіп дәрі жасап беретін
alikona
Плацебо ғой)
pana
аты еске түссе айтыңызшы, көргім кеп кетті)
Korkem
Жақсылыққа бастар барлық ырымға сенемін, ал жамандыққа дегендеріне сенбеймін, сенгім де келмейді
pana
мен де алдымнан өткен қара мысық, үйге қайта кірмеу, 13 дегендерге сенбеймін,
qyrmyzy
Жаза салайыншы…
Мектеп оқып жүргенде зачеттан қатты қиналатын едік. Миымызға бірдеңе кірсін деп жастығымыздың астына керек кітаптарды қойып ұйқтайтынбыз. Зачетқа кірерде таңғы астан алған кішкене нан бөлігін қалтама салатынмын. Универде бірінші емтиханда бес алсам, қалғандарына да сол қаламсапты алып кіретінмін.
Сосын, тағы бір оқиға басымнан өткен:
Емтихан басталысымен ағай мен апай: «Бұл нашар оқитын топ, алдын ала қорғауға келмейді, тесттен құлаған топ, сабаққа келмейді...» деген сынды қырық жылдан бері айтатын лекциясын оқыды комиссия көзінше. Үндемедік. Сол емтиханда бәріміз өштік. Қарапайым сұрақтарды білмей қалдық, құладық, өштік. Ал, негізінен, бәріміз грантта оқитын ек, жартысынан көбі қызыл еді, бәрінің сабағы жақсы болатын…
pana
жауларын ақылды болсын деген тілек есіме түсіп кетті, жақсы айтылған сөз сияқты,
qyrmyzy
Өзім ырымдап ештеңе ұстамайды екем, берген тиынын маған да сондай жерге баруды бұйырсын деп ырымдайтыным бар. Сосын соңғы кездері орамал алатын болдым. Тағы ырым… Жақсы ырым, жақсы сөз жарым ырыс ©. Тек табынып кетпесек болғаны…
Guka
Ырымшыл болған жақсы ғой, бірақ кейде оның зияны да тиіп жатады. Бір жерге кетіп бара жатып, жолыңа кедергі келтіретін бір нәрсе көріп қалсаң, ох… қазір бір жаман нәрсе болады ау деп қаласың. Сосын сол нәрсе болады да. Ия, ол бір жағынан адамның өзінің сеніміне байланысты. Өз басым ырымға сенемін, әйтеуір оң жақ, оң аяқ, оң қол деген ырым қалар емес менен.
pana
бірнәрсе ұсынғанда оң қолмен бергім кеп тұрады)
Guka
Ия, оң қолмен берілсе, алынса жақсылыққа деп ырымдайсың)))
khairbek
қазақ ырым етеді ырымы қырын кетеді Ырым ол өтірік нәрсе
Guka
Негізі әркім өзі біледі. Біреу сенеді, біреу жоқ. Сенбейтіндер сол сіз сияқты ештеңеге мән бермей жүре береді.
khairbek
Ырым деген ол өтірік деп айтығо саған! Мен саған мақал айтып тұрсам сен маған өзінің Пәлсәпанды қоспасай!
Guka
Ешкім сізге, өзиңиз айтқандай пәлсапасын айтып тұрған жоқ! Сенбесеңіз сенбей-ақ қойыңыз! Оған неменеге сонша қиналып отырсыз!
khairbek
khairbek
мысалы қандай ырым? бір мысал келтірсей
Guka
Бостан босқа шаршамай-ақ қойыңыз! Сенсең де, сенбесең де өзің біл!
VVVWWW
Тағы бір мынандай қызықты факт:
Емтиханға кіргелі тұрған студенттер мен тапсырып шыққан студенттер арасында сауалнама (тест) жүргізілген екен. Тапсырып шыққандар арасында «Ырымға сенем» деушілер әлдеқайда аз болған көрінеді (бір жағынан өзін-өзі батылдандыру үшін де керек пе ойлайсың)
pana
мақтанғысы келген шығар өзім деп))
ardak1996
ия, менде әр елдің тиын мен қағаз ақшаларпын ырымдап жинап жүремін.Және мама кейде тойға барса әкелген той бастарын маңдайыма тигізе береді ырымдап. Сосын менде олимпиададан 2орын алғандағы қаламымды тастамаймын)
pana
сол тойдан келген тәттілерді жегізгенді жақсы көретін әжем… сен де жақсы жерге нетіп деп)) оййй әжеее деп жеп алатынмын))
ardak1996
))) ой, мен керісінше мәз боламын әумин, әумин деп)
makpal
Жақсы ырымдарға сенген жақсы. Осы семестр алғашқы экзаменге асығып жүріп әдемі ручка алып кіре алмадым. Экзамға кіргесін байқадым, жақсы жұғады екен. Сырты біртүрлі ед(қолыма іліккені сол болды). Ағай бәрің чемодандарыңды жинаңдар, құлатам деген соң армандауға ұялып бардық. Содан не керек жақсы баға алдыққо. Сөйтіп жаман ручканы каждый экзамен тасыдым. Ең сонғы емтихан күні табылмай бәле болған. Психология еді. Подружкасы психологияда оқид, сорлы сол сабақтан құлапты деген атаққа қалмайын деп сен үшін тырысып жүріп бес алып кетіппін. Скоро наныңа жармасам)))))))
pana
бидай егем кеттім,
Zhanat
мен жолымды мысық кесіпөткенін көрсем ырымдаймын, жолым болмайды ау деп, сол күні қырсық атқан күн болады. осы бір жаман әдетті қоя алмай жүрмін. көшедегі жүретін мысықтардың бәрін қайда жіберсем болады екен))
pana
мысықтарға ештеме жасай алмайсыз, өзіңіздің ойыңызды өзгертіп көріңіз))
AL-ASTER
Басында бәрі дұрыс болған. Оны бәрі онсызда білед. Сосын үйде жиналып тұрған сувенир, анау тұрған суретті құлатып, «дүние» деп қойып қойған заттарды қирата бастаған кезде, сүйкімді сәби сүйкімсіз қиратқыш амигоға айналып, тыйым естид. Сөйтіп содан басталып неше түрлі адамдардан неше түрлі тыйым естіп, кейбір тыйымдарды іштей «пісміллә» дей салып «бұза» салатын жағдайлар да болады ғой.
Бір «жұрттың баласы андай мындай» дей берген соң, адам болып кітапханаға барып, «ырым-тыйымдар» деген кітапты инерциямен үңіліп оқып, кітап біткен соң өзімді бірнеше ай «біртүрлі» сезініп, тіпті сол қағидаларды сақтаймын деп өзімнің табиғи қалпынмнан алыстап кеткенімді сезінумен ғана шектелген уақиғалар болған (әлде уақиға ма?).

Үмітсіз шайтан демекші, кейде бір дүниені ырым етіп қалатын кездер болад.

Адамның санасы энергияға толы. Оны жақсыға да, жаманға да айналдыруға болад. Сонымен қатар, оны бір затқа бағыттағанша, өзіне, нақтырақ өзінің жүрегіне бағыттаса, бір рухты адам шығатын сияқты ой келед де тұрад.
pana
алып қосары жоқ бір пост жазыпсың)
ereke_enu
Тамақ берілер алдында жасаған әрекетін бар күшін салып қайталай түскен осындай сегіз көгершіннің алтауынан ырымшыл әрекет байқалған.

Ол шартты рефлекс болуы керек. Поповтың иті секілді
Uleke
жалпы, маған әуелі Құдай, сосын алдын ала көретін түстерім мен интуициям көмек береді. ал, бір заттың сәттілік әкелетініне сенбеймін. бірақ, ақшаға келгенде олай ойламаймын)) себебі, ақшаға қатысты папамнан қалған әдет пен өзімнің ұстанарым бар, соны еш бұзбауға тырысамын
dimash


смайликтер пайда болыпты гоооой

Ырымга сенетіндерім де сенбейтіндерім де баррр
Мысалы «сайттын белсенділеріне тіл тигізбе, минусталасын» деген ырымға сенемін, қалжын.
Емтихан болатын күні жәй күндері айта бермейтін сөздерді айтып кетесін ғо… Үйден оң аяқпен шығып, корпусқа оң аяқпен кіріп дегендей…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.