Жаным тәтті ғой

Өз ойым /
Ауылға демалысқа келген кезімде болды бұл оқиға.
Кешкілік жүгіріп тұратыным бар еді. Бір күні жаңа маршрут сызғым келіп, күнделікті өтіп жүрген жерлермен емес, бейтаныстау жолға түстім. Үш шлюз деген өзен бойымен тарта берсең шамамен үш шақырымнан соң тағы бір көпір бар екенін есіме түсіріп, соған барып қайтпақ болдым. Шыққан кезде кешқұрым еді, жарты жолға жете бергенде-ақ қарауытып, үрейлене түстім. Ауылда өстім деген атым болмаса, орман-тоғайда қараңғыда жүруге қорқам :)
Әйтсе де, бастаған нәрсемді тастағым келмей, көздеген көпіріме не де болса жетіп қайтам деп баса бердім. Ақыры, жеттім ...қайтар жолыма қарасам… қарасам тым алыс екен. Жүрегім дүрсілдей бастады, шайтан не қасқыр сияқтылар ойыма келе берді. Тура желкемнен біреу қарап тұрған сияқты. Қайта-қайта жан-жағыма қарй берем. Әрбір сыбдырға назар аударып, тіпті, демімді де ішіме тартып ала бердім анық есту үшін.
Әр нәрсені бір ойлап келе жатқанымда алдымнан бір үйір жылқы шықты. Жетпей жатқаны осылар еді дедім іштей. Бұлардан да қорқамын, өйткені. Қайта бақытыма орай, өзеннің суы жоқ кез еді, айналып өте шығуыма сәтті болды. Қарсы жағалауға өтіп тұстарына жете беріп едім олар да қастарында өздерінен бөлек бөтен біреудің жүргенін сезіп қойды да, үркектеніп, жағалауды бойлый қаша жөнелді. Арттарында қалып қойғым келмей мен де бесінші «скоросқа» салдым да шаба жөнелдім. Аттар шауып келе жатқан жағалау адам-хайуанның барлығы жүретін жол болғандықтан таза да, менікі шеңгел-жантаққа толы. Берісер ойым жоқ. Қайта жақсы ғой, тезірек жететін болдым үйге деп қоям. Аяқтарыма тікендер қадалып-қадылып, шыдай алмай өзеннің арнасына түстім. Су келмегелі көп болған — табан астым құп-құрғақ. Бірақ кедір-бұдыр, бірнеше рет құлап алдым. Әшейінде дәл солай құласам сәл ыңырсып жатып алушы ем, бұл жолы бойымды қорқыныш билегесән көңіл аудармадым. Шамамен жарты шақырымдай алысып аттардың алдына шықтым, оларды бейтаныс сұлбаның артта емес, алдыға шыққанын сезді де жылдамдықтарын баулатып барып тоқтады. Анық тоқтағандарына көзім жеткесін уфф деп мен де өзіме демалыс бердім. Қатты шаршап қаппын ғой деп қоямын.
Бір кезде дәл менің тұсымда қамыстардың арасында бірдеңе пытыыыыр-пытыр етпесі бар ма. Мәссағаааан! Жүрегім аузымнан шығып кетердей алқынғаны сонша, жан-жағымда не болып жатқанын естімей, тек қана жүрегімнің дүрсілін ести алдым. Не болып кеткенін ұқпай қалдым. Өз-өзіме есеп бере алмай қалдым. Аяқ-қолым өздігінен алға жұлқи сүйрей бастады. Өзеннің арнасынан жағалауға қалай жұлқынып шыққанымды мен емес сияқты көріндім басқарған. Бүкіл денемді сезуден айырылдым. Ішіме вирус кіріп, тек қана әрі қарай не болатынын бақылауға «доступ» қалдырғандай болды. Арнадан шыққанда қалай шықтым десеңші, гонка туралы киноларда машиналар ойдан дөңеске атылып шыққанда аспанға ұшып, дөңгелектері жерге тимей, ауада бос айналып бара жатады емес пе, мен де дәл солай бар екпінмен жоғары самғап, ауада аяқ-қолымды бірнеше рет әрі-бері сермеп үлгердім. Аяғымды тебінгенде жерге тимегендіктен денем алға кетіп қалып, тепе-теңдікті жоғалтып алдым, бірақ жер құшып қалмай, түзеліп үлгердім. Денемді тіктеген бойда бар мүмкіндігімше қаша бердім. Әлі «доступ» ашылмаған екен, артыма қарайын десем мойнымды бұруға да еркім қалмапты. Тіпті, бар даусыммен айқай салған да мен емес, ішімнен тағы бір Нұрланның даусы шыққандай көрінді. Дауыс әдеттегідей емес, ешқашан естімеген дауыс. Әуелі екі езуім екі жаққа төмен қиғаш созылды, кішкентайымнан жылағанда сөйтем әуелі сосын «ы»-дан бастадым, «а»-мен жалғастырдым, «мама»-мен аяқтадым.… Баса бердім, баса бердім… Өлерден бұрын адамдар өз өмірінен өткен кадрларды көз алдында жүгіртіп үлгереді деген рас екен. Үй-ішім, мектебім, интернатым, тіпті, неге екенін білмедім, бір кездердегі автобустың ішінде ұйықтап қалғанымды да есіме түсіріп үлгердім. Шошып кеттім...Қалай сонда? Мына кадрларды неге көріп келем? Менің өлер алды сәтім бе не? О, Аллах, жанымды ала көрмеші, тек осылайша емес, менің арманым көп, істемеген жоспарларым ше? Кешіре көрші, тірі қалдыршы, егер осы сәтте өліп кетсем күнәләрімді кешіре қойшы… Неге мен?.. аяшы мені деп көзімнен жас парлай жалбарынуға кірістім. Арасында «егер мен осы жолы тірі қалсам үйтем-бүйтем» деген уәделер тізбектеліп айтыла берді бір сәтке тоқтамастан. Бүкіл дүниеден тек қана алыстағы үлкен трассаны байқай алдым. Ол трассаға жетсем қасқырлардан құтыламын деген үміт жарқ ете түсті. Трассаға жете бере тағы да өрге шығуға тура келді.Оны да елемедім. Жеңіл көтеріліп шықтым. Шықсам бір машина жол жағалап тоқтаған екен. Бірен саран адамдар да жүр екен. Тірі қалатыныма көзім жеткендей болып үхілеп, тоқтаттым өзімді. Сонда ғана есімді жидым. Бүкіл күшім сарқылыпты ғой, белгісіз құбыжықтың тырнағынан аман қалам деп. Жаңбыр жауғанда камаз жүріп өткен екен, соның қалдырған ізінің қиыршығына сүрінп құлай сақтадым. Жаңа туған бұзаудай тәлтіректеп қалдым. Сүйретіліп зорға дегенде үйіме жеттім-ау ақыры, Аллаға шүкір.

Кейін ойлап қоям не болды екен деп? Мен ештеңенің сұлбасын байқамадым. Мүмкін, рас, жыртқыш аң ба екен? Әлде қоян ба екен менен үркіп қаша жөнелген. Ол құбыжықтың артымнан ерген-ермегенін де білмеймін.
Мүмкін, кірпі ме екен? Осы күнге дейін сыртымнан прикол тығып жүрген де шығар… хД
Әйтеуір, тірі қалып, былшылдап отырғаныма шүкір…

26 пікір

Karakulov
Жеке рекордым мектепте жүргенде-ақ 1 шақырымға 2-41 еді, сол кезде 2-ден 1-ге өткен шығармын)))
alikona
Сақтансан сақтаймын!
Ендігіде ондай тәуекелге бармайтын боларсыз енді, да?!)))ортасына келегнде оқуға сәл ерініп кеткенім болмаса, былай күшті екен,қызықты оқиғаларыңыз көп екен жаза беріңіз!
Karakulov
дәл қазір бір Г. деген желаяқ қызбен бірге жаттығуға кетіп барамыз сол маршруттың маңайындағысына)))
alikona
байқаңызззз)))
Karakulov
Уайымдамаңыз, ана қыз менен жәй жүгіреді, оның үстіне әлгіндей жағдай туса ешкімді шаңыма ілестірмейтінімекөзім жетті ғой — қайталап оқып көрерсіз кейін ;)
dimash
Осындай шынайы өмірден алынған шығармалар оқыған жақсы екен, тамаша!
ardak1996
уффф, әйтеуір жетті ме екен, қатер төнбеді ме екен? деген сұрақтармен оқып шықтым. Адам қорыққанда күшті болып кетеді деген рас екен. Қызықты, шытырман оқиға.
Korkem
Қызық)))
Karakulov
папам оқып көрді де «жақсы, жеңіл, бірақ ана „бесінші скоростың мен прикол ұстайған кірпіңді“ қоспай-ақ қойшы» деген)))
Барлық пікірлерге РАХМЕТ!
Айтпақшы, Еко ағамның полевой сборы бітіпті. Жақын арада сайтқа оралатын шығар… и сосын Рубинды айтып қоям-ау деймін :)
Zhassiko
күшті ғой, жазғандарыңды папаларыңа оқытасындариии
Karakulov
аха, жазу үстінде маңыма адам жуытпаймын, содан олар одан сайын қызыға бастайды да кейін таласып оқиды. Мама қатты күлді))) походу қатты қорыққанда мамалағаныма шығар)))
Zhassiko
муахах, сенікі мейлі ғой, қиялыңнан бір қорқынышты суреттеп алып қаша бергесің… мен айтпаяқ қояйын…
Karakulov
олай болмайды, дываааай айт бізге де(:
Karakulov
рахмет-рахмет)) бірақ менде жылдамдық қалыпты көңіл-күй кезінде төмен. Менікі алысқа шабу ғой. 1 курсқа түсер кезде 100-ді 13 бірдеңеде өткем(((:
AKA
«егер мен осы жолы тірі қалсам үйтем-бүйтем»
Уәделер не болды, орындалуда ма? :) Сізбен бірге жүгіріп шыққандай болдым, күшті оқиға. Жаза түсіңіз :))
"Өтті, ахаха" © Қырмызы :)
Karakulov
дывайте ол жағын айтып жатпай-ақ қояйын ;)
AKA
Айтпай-ақ қойғанда… сайтымыздың аты «Айтабер» болған соң енді…
Karakulov
жеке парағыңа жаза салайын құрығанда
Zhassiko
Жазба сәтті шыққан, кейбір сөзздерге күліп алдым ерікті…
Бірақ, қорыққанға қос көрінеді ғой, жігіттердің осылай қорқатынын бірінші рет көріп тұрмын, бәлкім сіз жүрген жер ұшы қиыры жоқ айдала десе айдала шығар, бірақ қазір соны ойлап күліп те алған боларсыз…
Karakulov
Әрине, қазір күліп қарайтындықтан бөлісіп отырмын ғой/бөсіп отырмын ғой))
Қорыққанда тұрған ештеңе жоқ қой; Қажымұқан тышқаннан қорыққан, мә керек болса!))
Zhassiko
қызық екен, тышқаннан қорыққаны қызықтырды.
Karakulov
рас, рас… бірнеше жерден оқыдым. Ол бір кісінің үйіне барғанда әлгі үй иесі тексеріп көрмек болып тыныш отқан жерінен дүрсе қоя беретіні бар емес пе ед. Со кезде Қажеке үркіп, бір секіріп түскен ғо) Ал кілемге келгенде жан аямаған, бар қорқынышын жеңе білген.
Өз оқиғаңды күтем… сенікі ладно, менікін айтсаш дегендей қызықтырып жібердің, жекеге болса да жария ет енді)
qyrmyzy
Мына жазбаны көшеде жаяу келе жатып оқыдым. Мәә, қатты уайымдап кеттім, артынан ойлап қоям, ештеңе болмады ғой, әйтпесе былай жазбас еді деп:)
Delfina
Керемет әсер қалдырды, жақсы жазыпсың. Солай жүгіріп, қорқып келе жатқанында алдынан қасқыр шықса қайтер едің?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.