Күйінгеннен шығады ащы даусым

Өз ойым /
Айналайын адамдар, аналар мен ер-азаматтар! Бәріміз де көкірек көзімізді ашып, жан-жағымызда күн сайын жарияланбаған соғыс жүріп жатқанын түсінуіміз керек. Ол қырғынның бір жағында ересектер, екінші жақта олардың туылмаған сәбилері тұр. Туған балалары! Ересектердің шешімі бойынша күн сайын сансыз сәби қанды қырғын құрбаны болып жатыр. Тезірек көкірек көзімізді ашып, осы өзімізді жоюға бағытталған соғысты тоқтатайық, жаратушымыздың бұйрығына қарсы тұрып, балаларымызды өлтірмейік. Жәй ғана абортқа қарсы болайық.
Бұл ұжымдық блогты ашуыма себеп болған СЖ.ғы 17 жасар жасөспірім қыздың аяғын шалыс басып, адамдардан одан құтылуға көмек сұраған жан-айқайы еді. Адамдар шығысқа еліктеп жүр дегенге киім үлгісі екен деп жүрсем нағыз сорақылыққа дейін жетіп қалғанымызды қалай ғана байқамай жүрмін… Осы сұрақ қою барысында Ардақ есімді қыздың жауабын оқып жағамды ұстадым, білуімше ол да 16-17 жас шамасында. Қыздардың алданып қалуы дегеніміз енді далбаса сияқты, өз еріктерімен түзу жолдан адасып жүрген сол қыздардын шалыс қадамына жөнді тәрбие бере алмаған анасы сияқты. Мейлі, енді түзулеуге келмейтін сол алданудың құрбандарын тым болмаса аборттан аман алып қалсақ. Аборт жасатып, содан денсаулығы құртылмаса ештеңе демес ем, алғашқы аборттан соң олар АНА болу бақытынан айырытып қалатынын терең түсінсе екен деймін. «Бөріктінің намысы бір» демекші, қазақ қыздарына тағылған мін менің намысыма тиеді, қай қазақ қызына айтылған сын болса да қарсы шығып қорғаштап жүрген мен қазақ қыздарының мына өз ауыздарымен айтқан сөздерінен кейін ұялып жүрмін.
Әрбір бақытты боламын деген қыз өз абыройын аяқ асты етпеуі керек. Қыздардың бақыты — пәктігінде, ақ босағаны адал аттаған қыз бақытты болады, осыны жігіттер жағы да ескере жүрсе екен. Қыз ғана бақатты болып қоймай, барған шаңырағы да берекелі болар ма еді?!
«Арман деген өте көп, орындалмайтыны одан да көп» деген екен біреу, сол айтпақшы қаракөз қыздарымы алданбай, бір-бір босағаның алтын келіні, аяулы жар, отанасы болсаааа… Мынау өмір гүл-гүл жайнап кетер еді-ау…

26 пікір

Moldir_96
Тамаша жазыпсыз, Көркем ханым!)++1 Шынымен де СЖ-тағы 17 жасар қыздың жағдайы мені де алаңдатпай қоймады… Кіп-кішкентай қыздарымыз өздерінің болашақ сәбилерін өлтіріп жатқандары жүрегіме батады. Әрине, өкінішті жағдай...(( Аборттың алдын алуымыз керек! Негізі аборт жасайтындай жағдайға бармағанымыз дұрыс болар!
Yeraly
Мәселе абортта емес қой, аяғы ауыр болмай тұрғанның алдында ойланып қалу керек мәселе сонда емеспа
Baha_07
Ияяяя өте жақсы жазыпсыз тақырыпты… бұл тақырып шынымен қазіргі уақытта қазақ қоғамның ең басты бас ауруының бірі болып тұр… расымен кей кезде адам баласы бір сәттік рахатқа бола ойланбастан басқа бір адамның өміріне орны толмас қайғы, кешірілмес қате жасап жатады...қызға қырық уйден тиыю емес пе еді?! Барлығы расымен отбасынан бастау алады…
dimash
дұрыс ақ… қазіргі жастар контрацепция қалай дұрыс пайдалану керек екенің дұрыс білмейді. Олар тек естігені бойынша жүреді де медициналық кеңес алуға зауқы жоқ, ұялу- қазақ халққының қанында бар емес пе, сол ұялудың да себебі шығар… контрацепцияны дұрыс пайдалануды насихаттау керек! Сол кезде ғана жасанды түсіктің (аборт) алдын алуға бір қадам жақындаймыз.
Guka
Жақсы жазыпсыз! Мен де бұл туралы көптен бері ойланып жүр едім… Қалай ғана сондай қадамға барады екен, сол қыздар? Сол жағдай болардың алдында болашағы туралы ойлай ма екен? Шынында да ақ босағаны адал аттаған қыз — күйеуіне де, айналасына да сыйлы болады деп ойлаймын…
ardak1996
Ардак деген кім қолданушы? мен шығар деп шошып кеттімғой… мен оны танымаймын…
Korkem
Жаным-ау сен біз үшін Жұмбақ қызсың ғой.....))
ardak1996
бәсе… Мен ондай жаға ұстатар нәрселер жазбаушы едім да)))
vkm
жаман қыздар, аборт,қазақ тілінің нашар халі туралы оқығым да, жазғым да келмейді.«Кезекші» тақырыптар)
calendula
Осындай жазбаларды оқуға шыдамым жетпейді, тіпті жыным ұстап кетеді. Газет — журналдарың бәрінде айтылып жатыр ғой. Енді оны интернетке тықпалаймай-ақ қою керек. Егер, санасы бар қыз болса, ондай шалыс қадамға бармас еді.
konvict
Мен аборт жасатқанды дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, оны бүлдіріп кеткен жігіт бәрібір алмайтын болғасын басы артық нәрсені масыл қылып қайтеді. Баласы болса ел-жұрттың көзіне тікендей қадалатын болады. Баласы бар жас қызды ала қоятын жігіт табылады ма екен? Мүмкін, табылып қалар аяғы шуаш сасыған біреу! Бәрібір ішіп келген күні бетіне салық қылып отыратын болады. Өз кезегінде бөтен әкенің баласы өгей сезінеді.

Ең маңыздысы сол абортты жасату-жасатпау емес, оған баратын жолдан аулақ болу керек. Тіпті, шыдай алмай бара жатырмын десе, кешіріңдер, презерватив қолдансын. Оны кез-келген дәріханадан алуға болады.
Doctor
пай-пай, мынау қайдан шыққан ақылды жігіт? :*))
konvict
Сізге ғашық жан ғой бұл… Доктор болған түріңіздіссс
Doctor
Мұндай қасіретке тап келетіндей не жазып қойым едім?
Korkem
konvict, соңғы сөздеріңізбен ғана келісемін. Білуімшге аборт жасатқаннан туған артық. Бәйкүнә сәбидің еш кінәсі жоқ. Ал жігіт табылады. Не дегенімен жиырма саусақ бірдей емес, түсінігі өте мол жандар да баршылық…
Baha_07
арине баршылық жомарт жанды… ашық мінезді жігіттер… бірақ өмірде реалист болган жөн...қазақ осындай мәселеге қатаң қараған...қазір де өзгере қойғаны шамалы…
Jako
Бірдеңе айтуға да қорқып отырмын.Заман ба екен, жоқ әлде адам ба екен бұзылған біле алмай отырмын.
Baha_07
Меніңше адам өзгереді… заман сол баяғы қалпында…
akmaral
әр адамның сана сезіміне байланысты ғой, Алла тағала біздің тағдырымызға қиындықты жазғанымен ол қиын күндерде не істеу керектігін жазбаған..''Басқа түссе баспақшыл''болады сонда, егер қазіргі қоғам жастары сондай жағдайға жетпеудің амалын қарастыру керек!!! Соны әр қыз жадына мықтап түюі қажет! Сонда ғана сәбилер жетімдер үйінде ананың аялы алақанын аңсап жыламайтын болады… Заманды адамның пиғылы, көзқарасы өзгертеді!
Korkem
Ох, нелер жазбағанмын?! Жалғасын табу керек екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.