Тоты құстан үлгі алсақ

Өз ойым /
Астана қаласында тұратын Байжахановтар отбасындағы «Джем» атты тотықұс жұртшылықты таң қалдырып отыр.

Осы уақытқа дейін одан құтылғысы келген иелері, оны сатуға да шығарған екен. Алайда, тотықұстың сөйлей алатын қасиеті бар, сирек кездесетін түрі екендігін білгенде бұл райларынан қайтқан екен. Біраз уақыт жаттығудан соң бірнеше тілде сөйлеуді меңгерген Джем қазақшаны да үйреніп алыпты. Көптеген сөздер, тіпті сөз тіркестерін де айтатын дәрежеге жеткен.

Сөйтіп, бүгінде қазақ тілін құстар да үйрене бастады. Бұл біздің үлкен жетістігіміз болса керек. Ал мемлекеттік тілді жиырма жылда үйрене алмай келе жатқан кейбір азаматтарды тоты құстан үлгі алуға шақырамыз!

2 пікір

Armanjan
Гүлжан Қарағұсоваға сыйлауға болады екен, құсқа қарап тіл үйренетін!
Jako
Онда тотықұстар көөөөөөөөөөөөп керек болады ғлй…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.