Қыздар-ай!

Өз ойым /
Шіркін, біздің қыздарға кім жетсің?

Әсем, сыпайы, абыройлы да.

Қандай ғажайып есімдерге ие: Қарақат, Әсем, Жайна, Нұрай, Сәуле, Назгүл, Іңкәр, Маржан, Ардақ, Мәншүк, Әлия, Қаламқас, Қарлығаш — құлаққа ерекше жағымды, нәзік аттар.

Мұқият қарасаң, ойланып көрсең, орыс/славян қыздарды осындай байлыққа ие емес — есімдері ылғи -а және -я әріптеріне бітеді. Ережеден тыс мен білетін: Юдифь, Руфь және Любовь бар. Олар да сирек. Ал мысалы, Тамара, Екатерина, Анна, Маргарита, Ольга, Инна, Елена, Марина, Елизавета, Ева сияқты және тағы да басқалары Еуропада да өте жиі кездеседі.

Сонда менің түсінбейтінім, неге қыздарымыз соларға еріп (пе?) аттарына жат әріптерді қосады? Мейлі, Ақгүлдің атын Акгуль деп жазуы түсінікті болар — басқалар тіл байлығымызды меңгермеген шығар, жұмсақ оқылуын қайдан білсін, бірақ Жанар, Гауһар атты аруларымыз Гаухара, Жанара болып кеткенде таң қаламын. Бір рет Макпала дегенді де оқыдым. Сұмдық қой! Неге солай істейсіңдер, қыздар?

14 пікір

AKA
Көпке топырақ шашпай-ақ қоялық… Сондықтан, «кей қыздар» деп жазуды ұсынамын.
MSHERIMBEK
Сенің атың АК болғаны ғой:))))
Qarakerey
Акнура деп сызылмасына кім кепіл?
AKA
Мен туралы қатты біліп қоясыз ғҰ?! Кім екеніңізді 4-5 пікіріңізді оқып-ақ білдім Сіз айтпақшы, «Акнура» деп сызылатыныма кепіл адамды студияға әкеліңізші. Азан шақырып қойған есімімді еш бұрмалаған емеспін.
Tyerbol94
Өздері де білмейді не үшін жазатынын? Өздерін өзі еркелеткен түрі шығар…
calendula
Көбіне қыздар осылай басқаларға есімдері жағымдырақ естіледі деп ойлады. Өз есіміме ондай қосымшалар жалғанбайды да, жалғануға келмейді де.
Qarakerey
демек сіздікі Календул?
calendula
Жоқ, менікі ешқандай жұрнақсыз-ақ Календула!
Sabions
****а ХХІ ғасырдың виртуальды есімге жалғанатын жұрнақ…
Baha_07
Бұл жай ғана еліктеушілік қой...қазіргі кезде түсініксіз шет ел актерлерінің есімдерін қыздарына қою да жиілеп кетті… шынымен әдемі есімдерін бұзып айтқаны жігіттерге ұнай бермейді… осыны есте ұстап жүрсе деймін қыздарымызға…
ardak1996
Менің есімімді ғажап есімдердің қатарына қосыпсыз рахмет… Жалпы расымен солай…
Qarakerey
енді қайтсын, «Ардақа» дегенге келмиейді ғой, кеңк-кеңк
ardak1996
иии тек сол үшін бе? онда алып тастай берсін...
Yasin
перзенттің әкесіндегі ақысы көркем есім, мағыналы идеалды болса жаман иттің атын бөрібасар қояды демекші кім болса соған еліктегіш халықпыз.Бір күні базарында жүрсем (жасым 12-13 шамасында)екі қыз мәшинеге жіп сұрап тұрғой сатушы татар қазақ тіліне судай тетя верювка почем демесі барма сатушы түсінбей қалды мен күлеиін десем қазаққа күлуге намысым жібермей теріс айналып кетіп қалдым, осы орайды бір аннекдот есіме түсіп кетті екі қыз кафеге барыпты содан екеуі жаңа қазақ болғысы келген болар кел орысша сөйлесейік дедйді ғой бір біріне екіншісіде келісе кетеді сондағы айтқаны Крлыгаш касыкты алып жіберші депті, сол сияқты қазақ африкада да қазақ басқалар қазаққа ұқсасын қазақ басқаға ұқсамасын жаратылысымыз өзгеше халықпыз сол өзгешелігімізде қалайық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.